Home » Жаңалықтар » Ақжолтай батырмен кездесу

Ақжолтай батырмен кездесу

Астана  қ.,
№52  мектеп-гимназиясының
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Л. Аппазова

455411 қараша,  2016 ж  №52  мектеп-гимназиясында «Жеті қат көкті жеті күн жайлап, қазақтың намысын арттырған тұңғыш қазақ, көк Түріктің көк найзасы, Алаштың ақжолтай ұлы батыр Тоқтар Оңғарбайұлымен кездесу өтті.        Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш,  Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры   Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров есіктен кіргеннен ақжарқын мінезі,   үлкен жүрегі мен қарапайымдылығы тәнті етті.     Кездесуді көптен күткен  мектеп оқушылары үлкен ықылыспен қарсы алды,  Батырды 1-ші қабатта Ұланбасы Мұхамеджан Сермағанбетов бастаған  мектеп Парламенті  және  2 «в» сыныбының /сынып жетекшісі Қаншайым Дәулетқызы/ оқушыларының тақпағын  тыңдаған Батыр әр бүлдіршіннің қолын алды,  әрі қарай Батыр аға бастауыш сыныптарының сынып сағаттарына қатысты,  бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Кітапхана залында кітап көрмесі таныстырылды.44

Мектеп акт залында  қаһарман-батырмен кездесу барысында  «Әкелер Кеңесі» клубының жетекшісі Х. Өрендік  11-сынып оқушыларымен   Батыр өмірінен тың деректер беріп,  оқушылар өздерін қызықтырған сауалдар  арқылы төл ісі мен  елін сүйген рухы асқақ  ұлы тұлғаның ғарыш кемесі мен ғарыш әлемін игерудегі  білім-білігі, көзсіз батырлығы, көп мақтанға жоқ батырдың тегеурінді сөздерінен аңғару қиын емес еді. Кездесу соңында оқушыларымыз батырға арнаған  өлең-жырларын оқыды, сурет пәні мұғалімі Қайрат Жәйірбек өз туынды картинасын тебіреніспен  ұсынды және  әсерлі кездесуді мектеп бишілері мен әнші-күйшілері әрлендіріп, кеш   мерейін  асқақтатты. Іс-шараға 700-дей оқушы  және мектеп ұжымы  қатыстырылды.

Кездесуді қорытындылаған мектеп директоры  Ұ. Байтасова Тоқтар Оңғарбайұлына  әлі де тың  шығармашылық  пен  үлкен денсаулық тілеп, оқушыларға берген сұхбатына алғыс айтып,  ескерткішке кітап ұсынды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.