Ағымдағы жылы айтыскер-ақын Ақан сері Қорамсаұлына 175 жыл болады. Аты шыққан ақынның құрметіне Ақмола облысында «Мәңгілік әуені» Этноday өткізілді.
Ақан сері атындағы ауылда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан ғылымдардың, зерттеушілердің және қоғамның делегациялары ақынды еске алып, Ақан серінің шығармашылыңын зерттеу бойынша тәжрибие және материалдармен бөлісті.
Күннің ең жарық оқиғасы – ақынның сүйіктісі – Ақтоқтының немересі Орынбасар Төкенованың іс-шараға қатысуы болды, ол Ақан сері мен Ақтотының махаббаты туралы баяндап берді. Солай, махаббаттың символы- Ақан серімен Ақтотыға сыйланған сақина болды, сақинаның көшірмесі бүгінгі таңда облыстық мұражайда сақталуда.
Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында «Ақан серінің адалбақаны» қысқаметражды фильмнің, 1941 жылы Ғ.Мүсіреповтің шығармасы бойынша жазылған «Ақан сері — Ақтоқты» спектаклінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада ақынның шығармашылығың көптеген табынушылары ақынның шығармашылығына арналған көрмемен танысты.
Үкілі Ыбрай атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдарының орындауында Ақан серінің ұлы шығармалары: махаббатың символына айналған «Балқадиша», адалдықтың белгісіне айналған «Құлагер» әні, «Манмангер», «Мақпал», «Көкжендет», «Сырымбет» сияқты ән шығармашылығы арасында өз орнын тапқан әндер шырқалды.
Әдебиет және өнер мұражайымен айтыскер-ақындар: Үкілі Ыбрай, Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақтың музыкалық аспаптарының, сонымен қатар Ақан серінің жеке заттарының көрмесі ұйымдастырылды.
Этноday облыстық тарихи-өлкетану мұражайында көне қазақ күміс бұйымдардың және киімдердің көрмесімен аяқталды.
Tagged with: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі