XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» — деген болатын. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеріп отыратын әлемде табысты білім алуға деген сұранысын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу және оқыту басты мақсат болып отыр. Көптілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қорытып, туған халқына өнеге болып, өзге жұртпен бәсекеде ырықты орынды иелеп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалай да мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері анық. Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар жетілдіруде. Үш тілді оқыту сыныптарында ұйымдастырылған жұмыстар оқушылардың көп ізденіп, мол білім жинақтауына мүмкіндік беріп отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс» деп ұстаздар алдына үлкен міндет жүктеді.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай технологиялардың бірі Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Оқушыларды сыни ойлауға үйрету оқушылардың сыни және шығармашылықты ойлауын дамытуға, сыныпта еркін ахуал тудыруға, мұғалім тек ақпарат беру көзі болуды тоқтатып, оқушыларға сұрақ қоя білуге бағытталған пікірлесуге, қатысуға мүмкіндік беруші тәсіл. Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Қазіргі заман талабына сай оқушыда өзіндік көзқарасы, сенімі, ішкі уәжі қалыптасуы керек. Сондықтан да сабақты жоспарлаған кезде оқушылардың сыни ойлауын тудыратын сұрақтар немесе деңгейлік, кеңейтілген, құзырлылық тапсырмалары болуын қадағалаймын.
Ол үшін 6 «а» сыныбын зерттеу нысанына алдым. Алдыма сыни тұрғыдан ойлану арқылы ауызекі тілін дамыту мақсатын қойдым. Оқушылар тілді үйренуді 5 сыныптан бастағандықтан сөздік қоры еркін түрде сөйлеу үшін жетілмеген. Бірақ заманауи әдіс-тәсілдер арқылы сөйлеуін дамытамын деген ойға бекіндім. Оқушылар әдетте сөздерді жаттайды, мәтін оқиды, аудара алады. Бүгінгі күнде ойларын жеткізе алады, шығармашылық жұмыстарды атқара алады. Осындай жетістіктерге жетуге сыни тұрғыдан ойлаудың стратегияларын жүйелі түрде қолдануға бел будым. Зерттеу жұмысымның сабақтарында кіріспе бөлімінде оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін, яғни байланыс орнатуға және сыныптың не білетінін анықтау үшін; Бүгін қандай күн? Бүгін ауа райы қандай? Су санала ма? Алма санала ма? т.б. Бұл жаңа тақырыпты ашуға түрткі болуға арналған сұрақтар толығырақ жауап беруге итермелейді. Осы сұрақтарды қоя тұра мұғалім, яғни, мен және оқушылар арасында талқылау, диалог әдісі іс жүзіне асады деп ойлаймын. Сонымен қатар, сабақта диалог жұмысы жаңа материалдың тұсаукесері ретінде жүзеге асады. МАН [Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді]. Диалог жүргізудің бір түрі — «Сұхбат» стратегиясы. Оқушылар журналист кейпіне еніп, бір-бірінен сұрақ-жауап алып, сонымен қатар жаңа мәлімет алынады. Осы әдіс оқушылардың өз ойын еркін айтуға көмектеседі. Ұяң оқушылардың сабаққа тартылуы байқалады.
Топтық жұмыстың бір түрі мәтін оқып, түсінгендерін постерге салып, әр топ мәтіндерін қорғайды. Осы кезде оқушылардың ауызша сөйлеуі дамытылады. Әр бала постер қорғау үшін дайындалады, нашар оқитын балалар ағылшынша сөйлей алмаса да, мәтіннің мағынасын таниды, сабаққа қызығушылықпен қатысады. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін үйренеді, яғни метатаным пайда болады, өздері ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Оқушы өз бетімен білім алуға, ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді өздігінен меңгеруге тырысады.
«Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту – ең маңызды мақсат» деп К.Д. Ушинский айтқандай, баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасап, сабақ барысында оқудың белсенді әдістері, диалогтік оқыту және оқу әдісін қолдануда білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, білімді бірлесіп құру, талқылау, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әр сабағымда оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын ашық, еркін айтуға мүмкіндік беремін. Өзара талқылау арқылы түрлі ойлардың болатындығын, бір-бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетсе, сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Бұл оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Біз көбінесе диалогтық оқытуды сұрақ-жауап ретінде қолданамыз. Яғни, бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлер мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды. Жұмыс жасау барысында оқушыларға көптеген сұрақтарды қоюға болады. Мысалы, кез келген сабақтың басталуы сұрақ-жауаптан тұрады. Сұрақтардың берілуіне байланысты оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас орнайды. Осы арқылы оқушы сабақ барысында:
— еркін ойлауына мүмкіндік беріледі;
— ақыл-ойын дамытылады;
— шығармашылық белсенділігі артады;
— ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді;
— тіл байлығы жетіледі;
— жан-жақты ізденеді;
— өз ойын жеткізеді.
Ағылшын тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар – балалардың ағылшынша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір-бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Міне, осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықтап беріледі. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына қазіргі таңда сабақтың басында «Brainstorming» жұмыс түрін кеңінен қолдануда. Берілген мәтінді оқу, түсінгендері бойынша постер қорғау, кез келген тақырыпқа өз ойын білдіру ағылшын тілінде сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Үйренген сөздік қоры бойынша бес жол өлең құру «Синквейн».
Аталған әдістерді пайдалана отырып түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады. Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады.
Ауызша сөйлеуге үйрету барлық сыныпта жүргізіледі. Оның әр сыныптағы мәні өзгеше екендігі анық. Оқушыларға жатық, шебер сөйлеуге баулудың мәні зор екендігі сөзсіз.
Жетепова Жанна Рамазановна
№21 мектеп-лицейі
Ағылшын тілі мұғалімі
Көкшетау қаласы