Home » Баяндамалар » Ағылшын тілі сабағында оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы қабілетін арттыру жолдары

Ағылшын тілі сабағында оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы қабілетін арттыру жолдары

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектісін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігі баса айтылады. Қоғам алдында қойылған міндетке сәйкес білім беру жүйесі оқушы тұлғасын үйлесімді дамытуға бағытталған жалпы білім беретін мектептің жаңа үлгісін таңдауға бағытталып отыр.

Бүгінгі таңда білім саласындағы ең негізгі мақсат – оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, олардың өздерін ізденуге үйрету, үйренгенін өмірде қолдануға, оқушыны өз ойын емін-еркін жеткізуге, өз алдына шешім қабылдауға үйрету. Ал бұл мақсаттардың орындалуы үшін мұғалім тек қалыптасқан әдістерге, кітап пен тақтаға ғана жүгінбей, сабаққа көрнекіліктерді, қосымша анықтама әдебиеттерді пайдалану керек, сондай-ақ техникалық жабдықтарды (мультимедиялық тақта, компьютер, ғаламторды) пайдалануды білуі қажет.

Жалпы білім берудің негізгі мақсаты да -оқушының жас ерекшелік және жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушы тұлғасын дамыту, оқу іс-әрекетінің негізгі компоненттерін игеру. Сонымен бірге жалпы мектептегі оқу әрекетін ұйымдастыру, оқу, жазу, есте сақтау бойынша қажетті білім, білік және дағдылар жүйесін игеруін, осы сатыдағы негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру – уақыт талабы. Қазіргі заманда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы – білім беру технологиялары мен оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа түрлерін қолданысқа енгізу. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, мамандығын барынша жетілдіру және осы саладағы жаңалықтар мен озық тәжірибелерді үнемі пайдалануы тиіс. Шәкірттің жеке тұлға ретінде дамуына ұстаздың өткізген әрбір сабағы шешуші рөл атқарады. Оқушы білімінің сапалы болуы ұстаздың дәріс беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне, яғни кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Оқушы үшін мектепте оқылатын әрбір пәннің орны ерекше. Шәкірт әрбір пәннің бастауынан нәр алып, келешек өміріне пайдаланады.

Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап, оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Мұндай сабақтарда, сабақты театр сахнасы деп қарасақ бас рөлге оқушы, оның білімі, өзіндік жұмысы алынып, оқытушыға тек бақылаушы рөлі қалады. Демек, мұғалімге өз жұмысының жемісті болуы үшін әрбір сабаққа қатысты тапсырмаларды терең ойланып түзу қажет, себебі логикалық ойды талап ететін тапсырма оқушы ойын өзіне аудару қасиетіне ие бола алады.

Оқушылардың пәнге қызығуын арттыру үшін әр сабақты дұрыс ұйымдастыру, педагогикалық шеберлікті үнемі ізденістермен жаңартып отыру әр мұғалімнің өз ұстанымы, мақсат, міндеті болуы керек.

Осыған орай, менің өз ұстанымым:

  • күнделікті сабақты таңқаларлықтай өткізу (бұрын-соңды болмаған ойын түрлерін, тест түрлерін пайдаланып);
  • қиынның қисынын келтіру, күрделіні тартымды, аса сезімталдықпен айту;
  • қысқа, нұсқа, негізділікке үйрету;
  •             Ал оқыту сапасын білім сапасына арттыру үшін мыналар қажет:
  • Жаңа дидактикалық әдістерді қолдану;
  • Сабақтың әдістемелері мен түрлерін өзгертіп отыру;
  • Оқушының білімін, іскерлігін, дағдысының жетістігін дамыту;
  • Оқушының олимпиадаларға, сайыстарға, ғылыми жобаларға қатысуына белсендіру.
  •             Сабақ барысында оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар деп төмендегілер әдістерді атар едім:
  • дамыта отырып оқыту әдістемесі;
  • сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқыту;
  • саралап оқыту;
  • деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологияларын, соның бірі қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы». Сын тұрғысынан ойлау әдісі       «СТО» технологиясындағы «Қызығушылықты ояту» кезеңі белгілі ғалым Выготскийдің «Ең алдымен бір әрекетке тарту үшін сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса» деген көзқарасын нақтылап тұр. Ағылшын тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып тұлға қалыптастыру тәжірбиесін сабақтарда қолданудамын. Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты арттырады, кез – келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі тәрбиелейді.І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).ІІІ-ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
  • ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
  • Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:
  • Бұл айтылған педагогикалық технологияларды пайдалану оқу үрдісінің құрылымын өзгертіп ғана қоймай, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және олардың жеке қабілеттерін көре білуге, дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік береді.
  •        Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға өте қолайлы. Мысалы, ой қозғау стартегиясы арқылы «бұл туралы не білетін едік, есімізге түсірейікші» деп оқушыларды 2-3 минут ойландыру арқылы бұрынғы білетінін ой елегінен өткізіп, ойлана білуге бағыттаймын. Венн диаграммасы арқылы берілген тапсырмаларды салыстырады.
  •            Төменде айтылған сын тұрғысынан ойлау технологияларды мұғалім дұрыс орынды шеберлікпен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жете алады және жоғары дидактикалық жетістіктерді байқай алады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:

— белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды:

  • мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
  • бір-біріне құрметпен қарауға; бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды.Жоғарыда аталған стратегияларды қолдана отырып өткізген бірнеше сабақтарымнан мысалдар келтірейін. 5 сыныптағы ағылшын тілі сабағында — Саған қыс мезгілі   ұнай ма?- Жоқ — Маған күз мезгілі ұнамайды. Жазғы каникул бітіп қалады. Жиі ауа райы бұзылып, батпақ болады. Ойнағанда киімің былғанса, анаң ұрсады. Бақшада да жұмыс көп. Ойнауға уақыт аз қалады (оқушы жауабы)6 сынып өз пәнімде «Арнольд» тақырыбынан кейін оқушыларға Арнольдқа 5 жолды өлең арқылы мінездеме беру тапсырылды:Білімді шапшаңАрнольд қазақты киноға шақырды Ақын, оқымыстыХалқын өнер, білімге шақырды 5 сынып ағылшын тілі «Ормандар» тақырыбы. Жаңа сабақты бастамас бұрын «Орманда жүрміз деп елестетіңдер» деген тапсырма бердім. Жерімізде орман болмағандықтан оқушылар естіген, оқыған, теледидардан көргендерін пайдаланып, сезімдерін жеткізді.
  • Синквейн құруда балалар зат есімге қандай мәндес сөз таңдайтындығына назар аудартым. Уақыт өткен сайын балалар қуанта бастады. Мұндай жұмыстар баланың сөздік қорын молайтуға көп көмек етеді.
  • Қайраткер
  • Шақырды, оқыды, жазды
  • Арнольд
  • Ойлы.
  • Армандады, талпынды, оқыды
  • Арнольд
  • Қаншалықты нақты дәлел келтіретіндіктеріне назар аударып, бағаладым.
  • — Маған күз мезгілі өте ұнайды. Айналаңнан бояудың барлық түсін көре аласың. Ағаштан үзіліп түсіп жатқан жапырақтар көбелек сияқты. Барлық жеміс, көкөніс пісіп, тоятын мезгіл (оқушы)
  • — Иә
  •    Ауа -райын оқыған соң торлы талқылау стратегиясын пайдаландым. Мақсатым өз пікірін дәлелдеуге үйрету.
  • Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды.

— «Мен орман ішінде келемін. Айналамда әр түрлі әсем ағаштар өсіп тұр. Ағаш жапырақтары желмен жайқалады. Сылдырап бұлақ ағып жатыр. Құлағыма құстардың сайраған даусы келеді. Мен орман ішінен тоқтамай жүре бергім келеді».

Міне, осы сияқты жұмыстар оқушыларды ойлануға, дәлелдер айта білуге жетеледі. Ойлауды үйрене бастаған балалардың тілі де дами бастады. Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да, жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау — өте күрделі маңызды құбылыс.

Әрине ешбір әдіс педагогикалық үрдісте өздігінен жеке дара болып қолданылмайды. Сондықтан да мазмұнға, жас ерекшелікке сай оқыту түрлерін әрқилы нұсқадағы әдістерді құрамдап отырып, қолдану керек.

Қазіргі заманғы технология аясында жаңашыл оқу үрдісі, оның құрылуы мен жүргізілуі педагогтан жаңа кәсіби білімді, біліктер мен дағдыларды меңгеруді талап етеді. Білім беру жүйесі ғылыми заңдылықтарға толы, оқытудың жаңа технологиялары күн өткен сайын көбейіп келе жатқан, мемлекеттің саяси экономикалық, әлеуметтік жағдайға тәуелді күрделі жүйелерінің бірі екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Садуова Айман Аязбиқызы

Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің

ағылшын тілі пән мұғалімі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы , Әйтеке би кенті

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.