Home » Мақалалар » Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілдік құзырлығын дамыту

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілдік құзырлығын дамыту

Қазіргі таңда елімізде жаһандану үрдісі белең алып, Қазақстанды бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енгізу міндеті қойылып отырған кезеңде, еліміздегі білім жүйесінде де тың өзгерістер болып, отандық білім беруді әлемдік деңгейге көтеру әрекеттері жасалуда. Оқушының да, ата-ананың да білімге деген көзқарасы өзгере бастады.

Елбасымыз Н.Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп — өркендеуі, қауіпсіздігі және әл — ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс — тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттілігі көрсетілген. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне өтуге бағыт алуда. Осыған орай, мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі — сабақтың жаңа түрлерін дамыту. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибелердің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс — тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алып, олардың жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен қолдану — мұғалім шеберлігінің басты мақсаты.

Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен – күнге артып отыр. Президентіміз өз жолдауында «Қазақстан елі үш тілді меңгерген, жоғары білімді ел қатарына жату керек деп айта отырып, қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — әлемдік қатынас тілі, ағылшын тілі — әлемдік экономика тілі» деп айтқан болатын.

Шетел тілдерін оқытудың басты мақсаты – оқушыларды шетел тілінде қарым – қатынас жасай алуға дағдыландыру, сондай – ақ білім беру барысында тәрбие, білім беріп, жеке басының жан-жақты жетілген тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады. Шетел тілі пәні жеке басының адамгершілік қасиеттерін молайтып, жалпы адамзаттың мәдениетінен үлгі, тәжірибе алуға, өз елінің мәдениетін бойына сіңіруге, өздері үйреніп жатқан елдің мәдениетінен хабардар болуға сөйлеу әрекеті арқылы мүмкіндік тудырады.

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілдік құзырлығын қалай дамытуға болады, өз ойларын толық жеткізе алуларына қандай жағдай жасау керек ,т.б мәселелер мұғалімді ойландырады.

Әр балаға жеке тұрғыдан қарау, жеке тұлғаның жан – жақты қалыптасуы, адамгершілік, еңбекке деген көзқарасын тілдік құзырлығы дағдыларын қалыптастыра отырып, дамыту мақсаты әр мұғалімнің алдында тұрары сөзсіз.

Осы тұрғыда мен мәтінмен жұмыс түрлерін ұсынып отырмын. Себебі, ағылшын тілі сабағының негізгі бір бөлігі мәтін болып табылады. Мәтінді оқытудан бұрын мәтіндегі жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру, оның аудармасын жеке – жеке, хормен оқытып, содан кейін мәтінге көшу, мәтінді дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқуды, сұрақтарға жауап беруді талап ету, мәтінді тек аударып қана қоймай, мазмұнын айтуға дағдыландыру керек.

Мысалы, «Cinema» тақырыбын өткенде мынадай жұмыс түрлерін орындатқызуға болады:

— алдымен мәтін оқылады (іштерінен), осы мәтіннің ішінен оқушылар етістікті табады

Cinema

(Етістіктер)

 

Come       can see     start       shows         enjoy         discuss         have

 

— балалар осы етістіктермен сөйлем құрайды, сөйлемдерін айтады. Мәтінге арнайы сұрақтар қояды.

Келесі тапсырма бойынша оқушылар сын есімді табады

 

                                                       Cinema

 

Beautiful   famous     splendid     interesting       popular       difficult

 

Жалпы диаграмма немесе грамматикаға байланысты жұмыс жасалады.

  1. Мәтіннен Present Indefinite формасындағы сөйлемдерді табу
  2. Дұрыс емес етістіктерді тауып 3 формасын атау
  3. Тақырыпқа байланысты сөздерді табу

Балалар өз ойларын сөзбен жеткізу үшін, тақырыпты түйіндеп айту, терең ойды, сенімді және сезімді қысқа сөзбен жеткізу стратегиясын қолдану.

  1. Тақырыпқа байланысты зат есім   Cinema
  2. 2 сын есім   popular     full
  3. 3 етістік to show       to buy tickets       to enjoy
  4. 4 сөзден тұратын сөйлем I like to go to the cinema
  5. синоним Movies
  6. Оқушылар өздерінің мәтіндерін береді.

Баяндама» оқыта үйрету ойынын қолдануға болады. Балалар мәтіннің мағынасын түсіндіретін сурет, сызба түрінде көрнекілік дайындайды. Өз жұмыстарын қорғайды.

Сонымен қатар аукцион сабағын өткізуге болады. Балалар дұрыс және бұрыс сөйлемдерді сатады, тек дұрыс сөйлемдерді сатып алуы керек. Мәтінді оқыта отырып, сауатты жазуға үйрету үшін, бір – біріне диктант жүргізуді қолдануға болады. Одан кейін бір бірлерінің жұмыстарын тексереді.

Сонымен қатар, топпен мынадай жұмыс жасауға болады: қатесі бар мәтін беріледі, оқушылар қатені тауып, түзетеді. Қателер арнайы түзету парағына жазылады.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ең қарапайым әдіс түрі Венн диаграммасын қолдануға болады. Салыстыруға арналған бұл диаграмманы оқушылар қызыға толтырады, объектілердің жеке және ортақ қасиеттерін анықтайды.                   

Gone with the Wind               Drama Love                    Romeo and Juliet

    Немесе мәтіннің мағынасын тест арқылы тексеруге болады. Тесттік сұрақтар мағынасы жағынан өте ұқсас болады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының тиімді түрлерін, жаңа технологияның элементтерін, деңгейлеп оқыту әдістерін қолдану барысында сыныптардың сапа мен үлгерім көрсеткіштерін көтеруге болады.

Қорыта айтқанда, Қазақстан бәсекеге қабілетті ел қатарына қосылу үшін, ағылшын тілінің маңызы зор. Президентіміз Н.Назарбаевтің жолдауындағы «Тілдердің үш тұғырлығы» стратегиясы бойынша, ағылшын тілін оқытудағы тиімді әдістерін қолдану арқылы жан-жақты жетілген, мәдениетті тұлға қалыптастыруға болады.

 

                         Қолданылған   әдебиеттер

  1. Қазақстан мектебі №1 2004 жыл
  2. Мектептегі шет тілі №1 2003
  3. Лысенкова С.Н. Методом опережающего обучения М.   Просвещение.            1988.
  4. Кувшинов В.И. Тестовый контроль в процессе обучения иностранному языку. М. Просвещение 1986
  5. Гурчев А.Ю. О некоторых перспективных направлениях интенсификации обучения устной речи. М. Просвещение.   1996
  6. Жанпеисова М.М. Модульдік оқыту технологиясы.1998
  7. Т.Кузнецова, П.Козлов Ағылшын тілі,әдістемелік нұсқау2008
  8. Л.Долгова Работа над устной темой на старшем этапе М Прсвещение 1987
  9. 9. Дауыс пен көрініс   №3 2003

 

Нуржаубаева Гульнур Болатбаевна.

                                                    Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

                                                 №23 орта мектеп Қарағанды қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.