Home » Мақалалар » Ағылшын тілі сабағында ойын технологиялары негізінде оқушылардың оқу – танымдық іс-әрекетін белсендіру

Ағылшын тілі сабағында ойын технологиялары негізінде оқушылардың оқу – танымдық іс-әрекетін белсендіру

Қазіргі Қазақастандық  қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру – өзекті мәселелердің бірі. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен ойындарды барынша қолдануда.

Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің көп білуді сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік – сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және орта буын сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық  мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар, т.б. осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы , ойындарды оқыту үрдісінде оқушылардың  коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.

5-6 жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойнау іс –әрекеті болып табылады, сондықтан ағылшын тілін үйрету үшін мұғалім осы факторды ескере отырып, әр түрлі ойындарды пайдалану керек.  Ойындар арқылы мұғалім балаларға жаңа сөздерді, сөз тіркестерін үйрете алады.  7-9  жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бірақ оларды ағылшын тіліне оқыту үшін тек ойындарды ғана емес, әр түрлі тапсылмалар, жаттығуларды да орындатқызу керек. Ойын арқылы балалар шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандарын сезбей, әсерлене қызыға отырып, шет тілін тез үйренеді. Егер мұғалім ойынды тек балаларды көңілдендіруге, дем алдыру үшін ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады. Ойын түрлерін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Сынып оқушылары оған түгел қатынасуы шарт. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын түрлері болып табылады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.

Ағылшын тілінде ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс:

Әліпбиді дұрыс меңгерту;

Орфографияны дұрыс оқыту;

Оқу дағдысын қалыптастыру;

Лексиканы меңгерту;

Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларые қалыптастыру;

Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығын ,тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез келген ойынды өткізу үшін алдын ала жоспар құрып алуы керек. Тиімді пайдаланған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады.  Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.

Ойындар оқушылардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятыпынта-ықылас қоюына  баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сондықтан осы жобада тілді меңгерту мақсатында сабақта қолданатын түрлі ойындармен таныстыра кетуді жөн көріп отырмын.

1.What`s in the bag?  Сумкада не бар? ойыны .

Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды . балалар сумкада не бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолданса болады. Әсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады. Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What`s in the bag?  Сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрады.  Мысалы: pen, copybook, pensil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке қайталатады. Сөздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп, оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады. Мысалы: Who has a pencil?  Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек.  Оқушылар тапса Janatbek has a pensil деп табу керек. Бұл ойын оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып , сөздік қоры молайып, есте сақтау қабілеті артады.

Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушының :

Қисынды ой-қабілеті дамиды;

Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;

Сөздік қоры байиды, тілі дамиды;

Зейіні қалыптасады;

Байқампаздығы артады;өзара сыйластыққа үйренеді;

Ойынның ережесін бұзбауға, яғни тәртіптілікке баулиды;

Бір-біріне деген оқушы сенімі артады;

Сабаққа қызығушылығы артады.

Сабақ барысында оқушы зейінін сабаққа  аудару, ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасау алу қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың үлесі зор десек болады. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жоспар құруға, бегілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап отырып сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын , қызықты іс-әрекеттерін әңгімелеуге үйрету дидактикалықойындарды ойнау барысында қалыптасады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап үйренеді. Сондықтан сбақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшелігін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне , сабақтың мақсатына сай  ұжымдастырылған ойындардың берері мол.

Келешекте жаппай 12 жылдық білімге көшетіндіктен 12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасын алап қарасақ та, оқытудың ойын технологиясын үлкен мән беріледі. «Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады.

Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімі , жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу – ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі – «Керекті сөзді мауып айт». Ойынның мақсаты – қажеті сөздерді дұріс тауып айтуға жаттықтыру , оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді айтады, оқушылар қажетті сөздерді атайды немесе жазады. Сондай-ақ оқушы зейінін қалыптастыруда «Who`s the faster?»  ойынын өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады. Сабақ барысында оқушының қызығушылығын, зейінін , тілін дамыту үшін дидактикалық ойындар мен тапсырмалардан басқа грамматикалық ойындардың орны ерекше. Яғни құзіреттілік тапсырмалар арқылы тілі мен оқуға деген және пәнге деген ынтасы артады. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен  өз беттерімен жұмыс істеуге дағдылндырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады.  Ойын сабақтың әр бөлігінде , әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруге , өткенді қайталауға, пысықтау сабақтарында пайдаланылады.

Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай , коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «доппен ойыны» — балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек, «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты газетпен жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек, «Сөз құра» — суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әріпіне сөз құрау керек, «Дым білмес» ойынында дымбілмес тақтадағы сөзді немесе карташадағы санды дұрыс оқымайды, мысалы мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дымбілмес  It`s twelve десе, сынып түзетіп, No, it`s twenty деп жауап беру керек. «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп , «What colour is it?» балалар «It`s red» деп жауап береді. Әр ойын сабақ мақсатына қарай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілігі артады.

Қимылдары дамуымен қатар ойында барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: «colours», «friends», «school», «family».

Сонымен қатар оқушы құзіреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындаға үлкен мән беремін. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім  тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Our hous»  ойыны. Топтағы оқушылар өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзіреттілігін дамытуға септігін тигізеді.

Қорытындылай келе, дидактикалық ойындар оқушылардың таным белсенділігін жандандыратын , өздігінен ойнауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез – келген оқу материалын қызықты да танымды қылып, оқушылардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеріге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастылырып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.

 

АМАНОВА НАБИРА
ЖАНКАОРГАН АУДАНЫ
№3МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.