Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. Шет тілін үйретуде интерактивтік оқыту технологиясы:
1) Жұптасып жұмыс істеу.
2) Ротациялық (ауыспалы) үштік.
3) Карусель — Айналмақ.
4) Шағын топтармен жұмыс.
5) Аквариум.
6) Аяқталмаған сөйлем.
7) Миға шабуыл /Мозговой штурм/.
8) Броундық қозғалыс.
9) Есептеу ағашы. /Дерево решений/
10) Өз атынан сот. /Суд от своего имени/
11) Азаматтық тыңдау.
12) Ролдік /іскерлік/ ойын.
13) Сығымдау методы. /Метод пресс/
14) Өз позицияңды ұстан.
15) Дискуссия.
16) Дебаттар.
Оқытушы компьютер үйренушілердің өз бетімен жұмысын ұйымдастыратын және әсіресе тілдік және сөйлеу материалымен жаттықтыру жұмысы процесінде оны басқаратын құрал болып табылады. Бұл қолданылатын жаттығулар мен әдістемелік тәсілдер сипатын анықтайды. Келесілер көбірек жиі қолданылады:
- Сұрақ- жауаптық диалог. Үйренушінің жұмыс мәні негіз бен сұлба ретінде сұрақта жазылған тілдік материалды пайдаланып, компьютерлдік сұрақтарына тура жауаптар беруден тұрады.
- Ішінара жауаппен диалог. Компьютерге жауап беру үшін үйренуші болжанылатын нұсқалар қатарынан біреуін таңдайды.
- Еркін құрастырылатын жауаппен диалог. Мұндай диалогты компьютер жауаптың дұрыстығын «танып», бағалай білуі үшін оның қойған әрбір сұрағына жауаптарлы барлық мүмкін нұсқаларымен бағдарлама қамтамасыз етеді.
- Бос орындарды толтыруға жаттығулар. Компьютер үйренушіге бос орындармен мәтінді немесе ұсыныстар жинағын ұсынады. Шет тіліне аударып, қажетті түрде қолдану қажет орыс сөздері түріндегі сыбыр сөзді пайдаланып бос орындарды толтыру қажет. Сондай-ақ компьютер ұсынғандардың ішінен таңдап, бос орындарды сөздермен немесе сөз тіркестерімен толтыруға болады.
- Сөздікті білуін өзі бақылауға арналған жаттығулар. Мұндай жаттығулардың нұсқалары мүмкін: а) Компьютер аудару үшін сөздер тізімін ұсынады; б) Компьютер сөздердің екі тізімінің арақатынасын белгілеп (орыс және шетел), екі тілде бұл сөздердің балама жұптарын табуды ұсынады; в) Компьютер шетелдік сөздердің екі тізімінің арақатынасын белгілеп, синонимдер мен антонимдер жұбын анықтауды ұсынады; г) Компьютер шет сөздерінің тізімін және бұл сөздердің дефинация тізімін ұсынады.
- Компьютерлік бағдарламалар (компьютерлік оқытудың шетелдік тәжірибесінен
1) Уордсток (сөздікпен жұмыс істеуге арналған бағдарлама) Өз бетімен сөздік құруға арналған бағдарлама. Үйренуші анықтамаларымен және мысалдармен 1000 сөзге дейін жаза алады. Кез келген уақытта ол сөзді қарап, өзінің лексика білімін тексере алады: экранда сөздің анықтамасы көрсетіліп, сөздің өзі туралы сұрақ болады. Бос орыны бар мысал сыбыр сөз болады. Бағдарлама жұмысқа ерекше қарапайым және жеке үйрену үшін, сондай-ақ топта сабақ өту мен ақпаратпен алмасу үшін идеалды болып табылады.
- Мэтчмастер (сәйкестіктерді таңдау бағдарламасы) Бұл әмбебап бағдарлама үнемі сұранысқа ие. Үйренуші оң және сол бағандардың (сөзден жаңа жолған дейін үш жол) лексикалық бірліктерін дұрыс қосуға тиіс. Таңдау тіл- индикаторды пайдаланумен екі бағанды қарау арқылы жүргізіледі. Басушы құрылғы жеке және сынып жұмысы үшін жаттығуларды қағазда көбейтуге мүмкіндік береді.
- Чойсмастер (нұсқаларды таңдау бағдарламасы) Бұл көптік таңдауға жаттығулар құруға арналған жұмыста қарапайым бағдарлама. Бағдарламашы әрбір мысал үшін таңдаудың 3-5 нұсқасын және әр түрлі санын анықтап, қажет болғанда әрбір дұрыс емес әрекетті тіркейтін қателер индикаторын кіргізе алады. Сұрақтар қатар- қатар немесе шашыраңқы көрсетілуі мүмкін. Жаттығулар құрастырған кезде оқытушыға сұрақтардың белгілі бір санын ұстану міндетті емес. Жаттығу орындағаннан кейін сұрақтар қосылуы мүмкін Бұл үшін «Түзетуші» бағдарламасы қолданылады. Компьютермен жұмыс істеуші тексеруші және үйретуші режимдерді таңдай алады. Біріншісі кезінде үйренуші жауаптарының қайсысы дұрыс екендігін жаттығу орындалып болғанша білмейді, екінші режим дереу жауапты және қателер индикаторының әрекетін қамтамасыз етеді. Қажет болғанда үйренушінің жұмыс нәтижелері басылған түрінде берілуі мүмкін.
- Клоузмастер (бос орындарды таңдау бағдарламасы) Бағдарлама оқытушыға немесе үйренушіге 50 жолға дейінгі көлемді мәтіндерді енгізуге, дискке жазуға немесе түзетуге мүмкіндік береді. Үйренуші мәтінді атауы бойынша таңдайды және дисплейде оны көрсету алдында мәтінде қандай сөздер қалдырылып кетуге тиіс екендігін (әрбір бесіншіден әрбір он бесінші сөзге дейін) анықтайды. Сосын, нөмірленген бос орындарымен мәтінді қарастырып, оларды толтырады. Бос орындары бар әр түрлі тілдердегі мәтіндер басылған түрде алынуы мүмкін. Үйренушілер өзіне ыңғайлы жылдамдықпен оларда қағазға толтырып, ыңғайлы уақытта өз нәтижелерін компьютердің деректерімен салыстыра алады.
- Кроссвордмастер (кроссвордты толтыру шебері) Бағдарлама компьютерде кроссвордтар құруға, жазуға және шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ екі үйренуші үшін жұмыс режимін қамтамасыз етеді. Бағдарламашы диаграммалардың мөлшерлерін анықтап (кез келген бағытта 5-тен 15 квадратқа дейін), онда сөздер мен бос орындарды баса алады. Кроссворд кез келген түрлі болуы мүмкін – үйретуші және көңіл көтеруші, сол жерде ойлап табылған сөздермен немесе мәтіннен алынған сөздермен.
- Юнисаб (қою бағдарламасы) Көрсетілетін мәтінде алдын ала іріктелген сөздер немесе ұғымдар бірінің артынан екіншісі неғұрлым ашық суретпен бөлініп көрсетіледі. Үйренуші олардың орнына басқа сөздерді немесе ұғымдарды қоюға тиіс.
- Юнилекс (мәтінге сөздікпен жұмыс жасауға арналған бағдарлама). Бағдарламада әліпби бойынша мәтіннің барлық сөздерінің тізімі құрастырылады және әрбір сөздің қолданылу жиілігі көрсетіледі. Ол белгілі бір мәтіндерге лексикалық түсіндірмелерді дайындауға пайдаланылуы мүмкін.
«Жұмыс іздеу» ойындық жаттығуы
Оқушыларға мынадай тапсырма беріледі: Сіздер жұмыссыз қалып, мамандық бойынша жұмысқа орналасқыларың келеді. Өздеріңе көңілден шығатын жұмыстың барлық мүмкін нұсқаларын іздеңіздер. Жұмыстың мүмкін нұсқалары мен қбылдау жағдайлары туралы деректер банкі сәйкес компьютерлік бағдарламада жазылған. Үйренуші пернені басумен «Жұмыс іздеу?» бағдарламасын шақыртады. Дисплейдің экранында бір уақытта жауаптар да жазылған шет тілде нөмірленген сұрақтардың бірінші сериясы пайда болады. Мұндай жауап сұрақтар бестен аз емес, оларда өңделгенлексика жазылған. Міне, мысалы, адамның кәсібі туралы сұрақтар сериясы: 1. Do you want to work as a worker? 2. Do you want to work as a teacher? 3. Do you want to work as a doctor? 4. Do you want as an engineer?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Азимов Э.Г., Вильшинецкая Е.Н « Материалы Интернета на уроке английского языка ». Иностранные языки в школе -2001.,№1,стр.96.
- Алхазишвили А.А., «Основы овладения устной иностранной речью». Аудиовизуальные материалы по иностранным языкам – важное средство интеллектуального развития учащихся. «Методика преподавания иностранных языков в вузе», 1993.
- Бегалиев Т. Педагогика – Тараз: ТарМУ, 1999 6. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Тараз: ТарМУ, 2003
- Зимняя И.А., « Психология обучения иностранным языкам в школе». Қ.Р-ның білім туралы заңы. Оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар, — Астана 2000.
- Карпова А.С «Интернет в подготовке будущих учителей иностранного языка». Иностранные языки в школе.-2002. №4, стр.73.
- 6.Кузьмичева Т.Н. «Технические средства в обучений английскому языку». — М. «Просвещение», 2001.
Кадырбаева Гүлжахан Раиимовна
Павлодар қаласының №7 ЖОББББММ
ағылшын тілі пәні мұғалімі