Екібастұз қаласының Абай Құнанбаев атындағы №2 ЖОББ мектебінде 4 сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінен «Who is the faster?» атты сыныптан тыс іс-шарасы өтті.
Аталған сайыстың мақсаты ағылшын тілін тереңірек үйрету болды. Ағылшын тілінен ғана емес, сонымен қатар өзге де пәндерден білімдерін сынау мақсатында 3 топтан құралған қатысушылар болды.
Сайыс III кезеңнен тұрды. I кезеңде оқушылар мемлекеттердің атауларын ағылшын тілінде айту мақсаты алдарында тұрды. Бұл кезең бойынша 4 ә сыныбы 15 ұпаймен алға озды. II кезеңде бейнеленген суреттерді 3 тілде атау қажет болды. Осы кезеңде 4 б сыныбы 10 ұпаймен озды. III кезеңде берілген мәселелер бойынша диалог немесе эссе даярлады. 4 ә сыныбы 5 ұпаймен алға шықты.
«Who is the faster?» сайысы бойынша I орынға 4 Ә сыныбы
II орынға 4 Б сыныбы
III орынға 4 А сыныптары иеленді.
Темирболатова Мадина Айдынгалиевна,
Екібастұз қаласының Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі.
Ағылшын пәні мұғалімі,
Павлодар облысы