Home » Мақалалар » Ағылшын тілін оқытуда «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін» тиімді пайдалану арқылы оқушы білімін арттыру

Ағылшын тілін оқытуда «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін» тиімді пайдалану арқылы оқушы білімін арттыру

 Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып отырған ортақ міндет – тілді коммуникативтік  бағытта оқыту. Ондағы мақсат оқушылардың өз ойларын жеткізумен шектеліп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз жұмысына, топтағы немесе жұптасқан оқушының жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан ойлап талдау жасай алу, өз ойын қорытындылай білу, интерактивті жұмыс жүргізу. «Interactive» ағылшын тілінен аударғанда «ортақ белсенділік» деген мағынаны білдіреді. Инновациялық оқыту технологиялардың білім беру жүйесін дамыту ісіне берері мол. Оларды қолдану оқушының өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу үдерісін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктер туғызады. Ал өзім қазіргі уақытта ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде, 2014 жылы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы Үшінші (негізгі) деңгейі бойынша сертификатталып, Абай атындағы жалпы орта мектебінде жұмыс жүргізудемін. Бұл курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде Кембридж тәсілі бойынша оқытылатын бағдарламаның мақсаты, міндетімен, бағдарламаның жеті модулімен таныстым.  Біліктілікті арттыру курсынан өткен соң жүктеме бойынша бөлінген сыныптарда Кембридж бағдарламасының әдістерімен жұмыс жүргізіп жатырмын. Жеті модульдің ішінен өзіме «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін таңдап алдым. Бұл модульді таңдаған мақсатым: 1.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, сол арқылы өзімнің де сыни тұрғыдан ойлауымды дамыту. 2. Сыни ойлап, сындарлы сөйлеуге үйрету.3. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.4. Сауатты жазуға, байланыстыра сөйлеу тілін дамытуға үйрету.5 .Өзара диалог немесе әңгімелесу арқылы қалай оқу керектігін үйрету. 6. Оқушылардың іс-әрекетіне, ой-пікіріне, шешіміне еркіндік беру.7. Басқа біреудің пікірін сараптау арқылы сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау.Мұғалімнің ұстанымы оның   көзқарастарын  қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің  қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының,білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруы тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «білім беру сызбалары» құралады [1]. Пажарес  ойын  тілге тиек   етсек, өз ұстанымы бар мұғалімнің алға қойған мақсаты оқушыларға жаттанды білім беру емес, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді  тиімді пайдалана  отырып, алған  білімін өміріне пайдалана алатын жеке тұлғаны дамыту.  Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім [1]. Оқыту үдерісінде сыни ойланатындай тапсырмаларды қолдану барысында жоғарыда айтылған бақылау, талдау, синтездеу, бағалау секілді сабақ кезеңдері жүретіндігіне көзім жетті. Себебі сабақтарымды бақылауда оқушылардың берілген тапсырмаларды орындау үшін алдымен мәселеге бақылау жүргізіп, кейін тапсырмаларды жинақтай отыра, талдап және бағалау үдерістерін жүргізу барысында оқушылар сәтті жұмыс жасайды. Бұл үдеріс, әрине нәтиже беретін стратегиялармен жүзеге асады.  Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс–әрекетімізге  түрлендірілген  тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге  және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға  баулуды білдіреді. Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

  • Релеванттық ақпараттар жинауды;
  • Дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;
  • Кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
  • Ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды. [ 1].

Сыни тұрғыдан ойлау оқушы өз алдына сұрақ қойып және сол сұрақтарға жауап іздеуі, сонымен бірге басқалардың пікірлерін тыңдай отырып дәлірек қарастыру және дәлелдемелердің қисынын қарастыру. Демек, оқушы мәселенің немесе берілген тапсырма төңірегінде ойланады. Оқушы бір-бірімен жұмыс жасау арқылы сол мәселені талқылайды және шешімін анықтайды.

Сыни тұрғыдан ойлау ең алдымен шығармашылық ойлау болғандықтан берілген тапсырмаға сыни тұрғыдан қарап, оның нәтижесінде қомақты өнім алу болып табылады.

Сондықтан да, өткізілген сабақтарымда оқушыларымның сабаққа қызығушылығының артуын, білімді ұтымды қабылдап, алған  білімдерін арқарай  қолдана алуларын өзіме басты мақсат етіп алдым.

Әр оқушының сабаққа деген құштарлығын, қызығушылығының қаншалықты екенін біліп, сол арқылы бойындағы ілгерілеушілікті байқау үшін, сыни тұрғыдан ойлатуды барынша қалыптастыруға бел будым.Сабақтарымды әр кез сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнатудан бастаймын. Әр тақырыптар бойынша тапсырмаларды оқушыларды сыни тұрғыдан ойлантатындай етіп алуға тырысамын.Оқушыларым сабақ барысында барлығы да қамтылып, қалыс қалғандары болмайды. Топтық жұмыс барысында сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптаса бастады. Тақырыпты оқушылар топтаса отырып бір — біріне түсіндіреді, ешқандай оқушы қалыс қалмайды. Постермен жұмыс барысында үлгерімі нашар оқушыларым сурет салып, бірі бояп, енді бірі күтпеген ой тастап, өздерін әр қырынан көрсетіп таң қалдырған жағдайлар болды. Жетелеуші сұрақтар қоя отырып, барлығының өз ойын, пікірін жеткізуіне мүмкіндік беруге тырыстым, әр оқушының пікірі құнды екенін ұғындыруға, бір — бірінің пікірін бағалауға тәрбиелеп отырамын. Үлгерімі орташа немесе нашар оқушым білім деңгейі, қабілеті жоғары оқушыдан кейін қайталаса да өз ойын айтып, сабаққа қатысуы бір қадам болса да ілгерілегенін байқадым. Сабақтарымда жиі қолданылатын әдістерімнің бірі «Мюнстенберг» әдісі. Бұл әдісті таңдаған себебім, оқушының ойын, түсінігін жинақтау, дәлелдеу, пікірталас тудыру.Сонымен қатар «серпілген сауал» әдісін қолданған кезде оқушылардың қойылған сұрақтарға тез әрі ұтымды жауап беруі, сыни ойлауына ықпал жасалынды. «Жұптас, ойлан, талқыла» әдісі барысында оқушылар берілген тақырып аясында топта ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, берілген тапсырманы жұптаса ойлана отырып,талқылап шешімін табады. Сабақ барысында қызығушылықты ояту. Үйрету процесі- бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту арқылы жүзеге асады.   Бұл кезеңде  мен «Ой ашар», «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау» т.б әдістерді тиімді пайдаланамын. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін бірнеше стратегиялар бар.   Мысал ретінде  INSERT әдісін келтіре кетейін: ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында белгілерді қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз бойынша басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Менің тәжірибемде ой толғаныс кезеңінде толғануды тиімді етуге лайықталған «Венн диаграммасы», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне байланысты қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастырылуын қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Осы тапсырмаларды беру кезінде мынадай нәтижеге жеттім:оқушылардың бойында өз ісіне деген сенім мен жауапкершілік орнады,оқушылар сабаққа түгелдей  белсенді қатысты,ағылшын тілінде еркін өз ойын жеткізуге дағдыланды. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.  Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі [1].    Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету  модулін сабаққа пайдалану барысында оқушының жүрегіне жол тауып, әр баланың пікірін тыңдап,  үнсіз отыратын оқушылардың ашылып  өз ойларын  еркін айтатындарын байқадым. Мысалы: осы сабақ кезінде қолданған әдіс-тәсілдерім, оқушылардың сабаққа түгел қатысуы, сабаққа деген қызығушылықтары дәйек бола алады. Оқушылар өткен білімді топпен біріге талдай отырып, өз беттерімен жұмыс жасай алды,  теориялық білімдерін практикада қолдана білді.  Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулерде көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек екен. (Wolfe and Alexander, 2008) [1] Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болды. Сыни  тұрғыдан   ойлауға   үйрету модулі  бұл  жалпы сабақ беру кезінде топтық, жұптық жұмыстардың тапсырмаларды дұрыс толық орындауға мүмкіндік беретінін түсіндім. Сабақты тек теориялық білімді меңгертемін деп емес, оқушының көңіл күйіне де байланысты  тапсырмалар беру арқылы қызықты өткізуге болатындығын, сонда ғана оқушының пәнге деген қызығушылығы артатындығын түсіндім. Сыни тұрғыдан ойлау модулін пайдалана отырып,  сабақтарымды өткізген кездегі оқушыдан көрген нәтижем: білімді меңгерді, біреуден үйрену, біреуге үйрету арқылы логикалық ойлау деңгейлері, яғни білу және түсіну, қолдану, талдау, жинақтау,бағалау, салыстыру, дәлелдеу дағдылары қалыптасты. Бұрынғы оқыту үрдісінде  мұғалім  оқушыға  білімді  беруші  болса,  жаңа  оқу  үрдісінде  мұғалім  тек  бағыттаушы  да   басты  кейіпкер  оқушы  болады.  Оқушы  өзі  ізденеді,  ой  түйеді,  ортақ  пікір  қалыптастырады,  қорытынды  түйін  жасайды.  Әр сабақты  қорытып, білімді бекіту үшін сұрақтар,  қызықты логикалық тапсырмалар, әр  түрлі  қызықты   оқушының   танымын   дамытатын  суреттер, салыстыруға арналған тапсырмалар арқылы сабақтарымды қорытындыладым және әр сабақтың соңында оқушылар кері байланыс жасап отырды. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде пікір алмастырып, ойларын еркін айтуды, тапсырмаларды достық  қарым – қатынаспен  орындап өз беттерімен айтуды үйренді. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретті. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер оқушыларыма бір-бірінің ой-пікірлеріне сыни көзімен қарай отырып,  жаңа, тың идеялар туындауына жол ашты. Сонымен бірге ерекше белсенділік пен шығармашылық шабыттың шарықтауы нәтижесінде олар еркіндік әлемінде еркін шарлағандай болды. Ал, қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі- әр ұстаздан талап етіледі. Сондықтан мен сыни тұрғыдан ойлауды қолдана отырып дарынды, ізденімпаз, шығармашыл, өз ойын  еркінде,  жетік  жеткізе  алатын   дүниетанымы жоғары оқушы қалыптастырамын деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер
1  Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2017 ж

2 Өз тәжірибемнен

 

Әбдіразақова   Гүлмираш   Әзімтайқызы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
Алмалы ауылы
№181  жалпы білім беретін қазақ орта мектебі
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.