Home » Мақалалар » Ағылшын тілін ерте жастан оқыту

Ағылшын тілін ерте жастан оқыту

Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда тіл игеруге жаңа әдістерді қолдану қажеттігі туып отыр. Бұдан бұрынғы әдістерді қолданбау керек деген пікір тумайды. Қайта бұл жаңа методиканың дамуына негіз салады. Атап айтқанда әр түрлі сөйлемдерді меңгерту, қайталау, мәтіндерді оқыту, бірнеше қайтара естеріне түсіру, тағы да басқа жұмыс түрлері оқушыны жалықтырып шаршатады. Сондықтан да ағылшын тілін игеруде ойын түрлерін пайдалану оқушының деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады. Мысалы, оқудың алғашқы кезінде оқушы тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін, бара – бара материалдың күрделенуіне байланысты оқушы әр түрлі қиыншылықтарға кездеседі. Ал бұған мұғалімдер кезінде көмек жасай алмайды. Қиыншылықтан тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушының көзін жеткізуге болады. Әрине ағылшын тілін оқып, үйрену бірден қалыптаса алмайды. Өз ана тілін әбден толық меңгермеген балаға ағылшын тілін үйрету оңайға соқпайды. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуды ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ағылшын тілін үйретуде алғашқы кезде балалардың көздерімен көріп, құлақпен тыңдау арқылы — тыңдау мен сөйлетуге үйрету керек. Түрлі — түсті суреттерді іліп, ауызша оқылуын айтып бала әріпті танымаса да сурет астына оқылуын жазу керек. Үй ішіндегі бұйымдарға немесе кабинеттегі бар заттарға, мысалы есікке DOOR, терезеге WINDOW, тақтаға BLACKBOARD, қабырғаға WALL, гүлге FLOWER — деп жазып іліп қойса, оқушы есікті т. б көріп тұрып, оны қалай аталатындығын көреді, естиді, сонымен бірге әріпті танымаса да деген сөздің қалай жазылатындығы көзбен көру арқылы баланың есінде қала береді.
Мұғалім дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жұмыс жүргізіп отыруы қажет. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті: оқушыларды сауаттылыққа баулу; теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастыра білуді меңгерту; талдау жұмыстарын меңгерту; оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру; оларды ұлттық үрдіске тәрбиелеу; баланың білім деңгейін саралап, шығармашылық жұмысқа тарту; оқушыны білімге ынталандыру; мұғалім мен оқушының қарым қатынасы, өзара сенім туғызу; оқушының жұмысына бақылау жасау, баға беру; әр оқушыға жеке әдіс амал қолдану.

Ағылшын тілін игеруде оқушымен бірге болатын сағат саны да үлкен роль атқарады. Әдепкі этапта, мүмкіндігінше, аптасына үш рет айналысу керек. Үйретілетін материал бірінен кейін бірі жалғасын табу керек. Бастауыш сыныптарда оқушының ойлау қабілеті төмен болады. Есте сақтау қабілеті әлсіздеу болады. Сондықтан, бала тез есте сақтап қалу үшін мұғалім өз сабақтарында ойын элементтерін пайдалану, рольдік ойындар, жарыстар, конкурстар, түрлі-түсті суреттер, музыка, әр түрлі қозғалыс жаттығуларын қолданып отыруы керек. Оқушының ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, сабақты қызықты өткізіп, баланы шаршатып алмау керек. Сабақты жоспарлы түрде дайындаған дұрыс. Осыдан сурет қалай қызықтырады деген сұрақ туындайды. Ал, егерде сол сурет қозғалып, сөйлейтін болса, оқушыға өте қызық болар еді. Көрнекті педагог Ш. Амонашвилидің пікірінше, ойын түрлерін көп қолданудың маңызы зор. Мысалы, мұғалім тақтаға бір сөзді қате жазды — оқушы қатені түзейді. Оқушы бастапқы әрпіне қарап, суреттегі бейнеленген заттың атын сөзбен атайды. B — bread, bag, boy. — ойыншықтар аузы байланған қалтада. Ойынның мақсаты: оқушылар қалтаның ішіндегі ойыншықтарды қалтаның сыртынан сипау арқылы табу керек.

Орфографиялық дағдыны дамытатын ойын түріне әр түрлі графикалық жазумен салынған сурет. Әр суреттің бастапқы таңбасы жазулы, қазақ — ағылшын сөздігінен сурет бойынша сөздерді табу.

Лексиканы меңгерту ойындары. Шығармашылық ойындар: сөзжұмбақ, ребус, сканворд шешу ойындары. Оның ерекшелігі — баланың ойлау қаблетін көзімен көру арқылы жетілдіру.

Қорыта келе, ағылшын тілін оқушыларға жоғары деңгейде игерту үшін, мұғалім әрбір сабақта жүйелі түрде оз дәрежесінде, түрлі әдіс-тәсілдерді, ойындарды қолдану арқылы өткізсе ғана үлкен жетістіктерге жете алады.

 

 

Арымбекова Фариза Тулеутаевна,
Павлодар облысы Екібастұз қаласы
С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің
ағышын тілі пәнінің мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.