Жалпы, «патриотизм‖» дегеніміз не? ―Патриотизм-ол отанына деген сүйіспеншілік, ғасырлардан бері келе жатқан тұңғиығы терең сезімдердің бірі.
Патриотизм-тұлғаның дамуының ең жоғарғы деңгейі, отанына, тарихына, салт-дәстүріне деген ең құнды сезімі. Кезінде, М.Е Салтыков-Щедрин Отанға деген сүйіспеншілікке былай деп анықтама берген: « Отан-ол құпия және тірі ағза, ол ағзаның қисындарын түсіне алмайсың, бірақ оның лебін үнемі сезінесің, себебі сен сол ағзамен тығыз, кіндігі қиылмаған байланыстасың». Ол -ағза саған -өмір, тіл, сенім, әдебиет сыйлады, саған жылу берді, бір сөзбен айтқанда, өмір сүруді үйретті‖.
Қазақстан Республикасындағы Білім туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы бойынша жастарға азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді, халық дәстүрлерін қастерлеуді үйретуіміз керек. Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге; әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеруге тәрбиелеуіміз керек.
Тәрбие — халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін, жас ұрпақтың бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру үшін мақсатты ықпалда жүзеге асатын іс-әрекет. Мектеп барлық кезде оқушыларға елін, халқын, туған жерін сүю және қорғау сезімдерін дарытып және дамытып келеді. Әсіресе, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу мәселесі барлық кезде де қоғам мен мемлекеттің назарынан тыс болмаған. Ал бүгінгі таңда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанға айналу, яғни жаңарту үдерісі қоғамымыздың барлық саласында, соның ішінде білім беру саласында жүргізілуі әлемдік деңгейге сай дамуды талап етеді. Еліміздің көпұлтты және көп конфессиялы жағдайында қоғамдық келісімді одан әрі нығайту міндеті басты назарда тұрғандықтан, мектеп оқушыларының елжандылық көзқарасын қалыптастыруда жаңа бағыттың қажет екендігі де аңғарылды. Өйткені, өткен озық тәжірибелердің елжандылық сезімге игі әсер ететін тәлімді-тағылымдық әлеуеті мен бүгінгі мектептегі тәрбие әрекетінде, олардың пайдалануы арасында қайшылықтар қатты сезілуде. Себебі Отан, сенім, ерлік дәстүрлерге құрмет, парыз, абырой, ар-намыс, елі үшін өзін құрбан ету сияқты құндылықтарға көзқарас өзгеріп кетті. Әлеуметтік-адамгершілік бағыт бұрмаланып кетті, керісінше жастарға һзімшілдік, антигумандық тән бола бастады. Күнделікті ӛмірде қазіргі жастардың маңызды азаматтық міндеттерін орындамауы, әлеуметтік және рухани толыспағандығын көрсетуі, әртүрлі діни секталарға кіруі, жасөспірімдер арасында заңсыз топтардың пайда болуы сияқты іс-әрекеттерден көрініс беруде. Туындап отырған жағдайлардың себептерінің бірі еліміз егемендік алғаннан кейін патриоттық тәрбиенің мәні мен рөлінің жете бағаланбағандығынан болып отыр. Патриоттық тәрбиенің практикада жинақталған бай тәжірибесінің ғана беделі түскен жоқ, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауға дайын және қабілетті патриот азаматтың да, яғни тұлғаны қалыптастыру мен дамыту идеясының да беделі түсіп кетті
Көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет жағдайында шынайы оташылдықты қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін, білім беру саласы қазіргі кездегі әлеуметтік маңызды құндылықтар мен мақсаттарды қоғамның жаңа құндылық жүйесіне біріктіруі қажет. Ол ашықтықты, рухани және мәдени мазмұнға бай ұлтаралық татулықты, толеранттылықты қамтамасыз етуге бағытталған сара жол болуы қажет
Патриоттық тәрбиесі философиялық, психологиялық және педагогикалық ғылыми еңбектерде патриотизм ұғымы арқылы кӛрініс табады. Жеткіншектерді патриоттққа тәрбиелеуде классик-педагогтар К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектерінде патриоттық тәрбиенің маңызды идеялары қарастырылған
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халқының патриоттық көзқарасын қалыптастыруда түрлі ғылым салаларында терең ғылыми зерттеулер жүргізілген. Тарихшылар М.Қ. Қозыбаев, М. Мұқанов, философтар А. Айталы, Д. Раев, А. Қасабеков, психологтар Қ.Б. Жарықбаев, А. Темірбеков, С. Балаубаевтар еңбектерінде қарастырды. Педагогика саласында зерттеулер жүргізген Отандық ғалымдар С. Қалиев, К. Құнантаева, Қ. Бөлеев, Е.О. Омар еңбектерінде педагогика тарихы мен теориясына қатысты мәселелерде патриоттық тәрбие мәселелері қамтылған
Педагогикалық-психологиялық, оқу-әдістемелік еңбектерге және озық педагогикалық тәжірибелерге жасалған талдаулардың нәтижесінде шет тілін оқытуд
И.А. Зимняя психологиялық тұрғыдан, ал Е.И. Пассов , В.С. Коростелевтер шет тілін оқыту үдерісінде басқа тілдік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған амал-тәсілдерді қолдану жолдарын қарастырады. Қазақстанда шет тілін оқыту үдерісінде де тәлім-тәрбие, атап айтсақ экологиялық, адамгершілік тәрбие беру мәселелеріне зерттеу жүргізілген. Ж.Н. Базарбекова өзінің ―Мектепте ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері‖ атты диссертациясында ағылшын тілін оқыту барысында экологиялық тәрбие берудің теориясы мен практикасына талдау жасап, сабақта, сабақтан және мектептен тыс жүргізілетін оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мазмұнын, әдістерін, тиімді жолдарын ұсынған. Сонымен қатар, ағылшын тілін оқыту барысында сабақта, сабақтан және мектептен тыс экологиялық бағытта ұйымдастырылатын іс-шараларды өзара бірлік негізінде қарастырып, ағылшын тілін оқытудың әр кезеңіндегі оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне сәйкес ендірілетін тіл материалдарын және оңтайлы жұмыс түрлерін көрсеткен. С.Н.Елчиева шет тілін оқыту үдерісінде оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мәселесін қарастырған. Ғалым, шет тілін оқыту үдерісінде студенттердің адамгершілік мәдениетін қалыптастырудағы ғылыми-теориялық аспектісін қарастыра келіп, тұлғаның адамгершілік мәдениетінің өлшемдерін, көрсеткішін, оқушыларда адамгершілік мәдениетінің көріну деңгейін анықтаған. Автор ―тұлғаның адамгершілік мәдениеті‖ ұғымына талдау жасап, шет тілін оқыту үдерісінде студенттерде адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда қазақтың халықтық педагогикасын қолданудың жолдарын, шарттарын көрсетеді
«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс» Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы, бұл дегеніміз, қазіргі кездегі патриоттық тәрбие мен ағылшын тілі пәнінің маңыздылығын көрсетеді.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориясы бойынша шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бағыттарына, мүмкіндіктеріне, құрылымдық бағдарламасына, оны оқыту курсына, кезеңдеріне, әдістер жүйесіне, формаларына, нәтижелеріне, проблеманы шешудің моделі мен көрсеткіштеріне байланысты танылатындығы айқындалады
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды патриоттық негізде тәрбиелеудің нәтижелері ретінде есептейтініміз: елжандылық қасиеттерін үйренуге талпынысы, патриоттық сипаттағы ағылшын тілі пәнінің мазмұнын эмоционалдық сезіммен қажетсінуі.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру принциптері ретінде: оқу-тәрбие үдерісінің тұлғалық бағыттылығы;
оқытудың мақсаттылық принципі; түсініктілік принципі
ғылымилық принцип
саналылық пен белсенділік принципі;
беріктік принципі
дидактикалық жүйелілік принципі;
көрнекілік принципі; тәрбиелеп оқыту принциптері саналады.
Сонымен, жастардың патриотизмін қалыптастыру деп ағылшын тілін оқыту арқылы жеткіншек ұрпаққа ел тарихынан, мәдениетінен, халықтар достығынан білімдер беріп, олардың күнделікті өмірде ел тану білімдері, іскерліктері мен дағдыларын игертуге бағытталған мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттерінің өзара байланыстарын көрсететін нәтижені түсінеміз.
Тәуелсіз мемлекетке, әсіресе 131-ден астам этносты құрайтын кең байтақ қазақ даласына патриоттық сезім ауадай қажет. Ұлт болашағы жастардың қолында демекші, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу мәселесі барлық кезде де қоғам мен мемлекеттің назарынан тыс болмаған. Егемендік алғанына небәрі 27 жыл болған Қазақстанды құрудың аса маңызды факторларының бірі патриотизм болса, екіншісі — жаһандық тіл, ағылшын тілін білу. Сол себепті, Қазақстан бүкіл әлемде халқы 3 тілді жетік пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер:
- Агапова, И.А., Давыдова, М.А. Патриотическое воспитание в школе / И.А. Агапова, М А. Давыдова. — М.: Айрис-пресс, 2002. – 224б.
2.Мүтәлі, Ә.Қ. Шет тілін оқыту арқылы қарым-қатынас жиілігіне тәрбиелеудің мәселелері. // Қазақстан мектебі. – Алматы, 2007. №3, 22-25 беттер
3.Афонин, А.И. Патриотическое воспитание как доминанта формирования и развития личности обучаемого / А.И. Афонин // Инновации в образовании. -2003. -№ 1.-б. 52-56.
4.Бим, И.Л. Перестроечные процессы в обучении иностранным языкам в средней школе / И.Л. Бим // Иностранные языки в школе . 1991. — № 5. -б. 11-14.
5.Мүтәлі, Ә.Қ. Ағылшын тілінің қазіргі ұрпақтәр биесіндегі орны. // «Қазіргі таңдағы ғылым мен білім» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері. М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан
Борамбаева Луиза Адиловна,
№ 177 Жалпы білім беретін мектеп
Жетісу ауданы,
Алматы қаласы