Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан Республикасы! Неткен керемет, киелі ұғымдар!
Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады.
Отан дегеніміз не? Отан сөзі – әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз..
Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ұлы дамыған мемлекет. Бүгінде біз қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда.
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтеп бас иеді. Кемеңгер елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның 20 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанынада мақтан етеміз. Н.Ә.Назарбаев: Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйытқы соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ! деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!-деп өршіл ақын М.Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірілген сөздеріне лайықты азамат болуға қазақстан еліміздің патриотты жастары болатынымызға сенемін.
Пирниязова Жұлдыз
Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау-5 елді мекені,
№ 9 “Бәйтерек балабақшасының
ағылшын тілінің мұғалімі