Білім беру саласы: шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті : ән-саз.
Мақсаты: балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, түрлі сипаттағы музыкалық шығарманы ажырата білуге үйрету.
Көрнекілік: үлкен-кіші коңыраулар, ақ, сары, қара балалардың қол ұстасып тұрған суреті.
Сөздік жұмыс: тосқауыл, ортақ.
Әрекет кезеңі | Музыка жетекшісінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Музыка залында балаларды қарсы алады. Жетекші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Бір шаңырақта табысқан, Дос-бауыр көп, туысқан. Отан-ортақ үйіміз, Көңілді ән мен күйіміз. | Балалар музыка залына әуен ырғағымен келеді. Бірінің соңынан бірі шеңбер бойымен жүреді. |
Ұйымдастыру Іздестіру | Жарайсыңдар, балалар, ендеше орындарыңа жайғаса қойыңдар. Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше, өйткені бүгін бізде көптеген қонақтар бар, ендеше келген қонақтармен амандасайық. – Балалар, достық деген сөзді қалай түсінесіңдер? Арамызда басқа да ұлттың балалары бар: қазақ, орыс, ұйғыр, т.б. Бірақ, біз бір-бірімізді бөлмейміз, бірге ойнаймыз, бірге тамақ ішіп, бірге ұйықтаймыз. Әрқашан осындай тату болуымыз керек. Қазақ жерінде тұрғандықтан, қазақтың халықтың музыкасын құрметтеуіміз керек. Жарайсыңдар, балалар, ендеше бүгінгі оқу-іс әрекетіміздің тақырыбы:
«Ағайынбыз бәріміз» деп аталады.
Музыка тыңдау: «Жайдарман» халық әні. – Ән көңілді ме? Әлде көңілсіз бе? Бұл әнге қосылып ән айтуға, би билеуге болады. Ән сендерге ұнады ма? Ән айту алдында дауыс жаттығуларын жасап, дауыстарымызды қалпына келтіреміз. Ән үйрену: «Ағайынбыз бәріміз»
— Ортақ болсын асқар тау, Болсын жер мен су да ортақ, Болсын бізге ту да ортақ, — деп неліктен айтылған? Бәріміз тату, дос болсақ, су да, жер де бәрімізге жетеді, бақытты өмір сүреміз, — деп отыр. Ендеше, балалар, бойымызды бір сергітіп алайықшы .
Сергіту сәті: «Қызыл гүлім-ай».
Дидактикалық ойын: «Қоңыраумен ойын» Балалар үлкен және кішкене қоңыраумен танысады. Педагог қоңыраулардың дыбысталуын көрсетеді. Айырмашылығына тоқталады. Балалардан музыка ойнағанда, қай қоңырау сылдырлауы керектігін сұрайды. Ортаға балалард кезек-кезек шақырып, ойнаған музыка қай қоңырауға тән екенін сұрап, сол қоңырауды алып сылдырлатуын өтінеді. Жарайсыңдар, балалар. Жетекші балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін сұрайды. | Балалар жауап беруге тырысады. Іңкәр: Достарды біз қолдаймыз, Қиын шақта қорғаймыз, Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз.
Балалар музыканы тыңдай отырып, жауап беруге талпынады.
Әнді мазмұнын түсіне отырып үйренеді.
Балалар ортақ деген сөздің мағнасын түсіндіруге тырысады.
|
Рефлексиялық- түзетушілік | Қандай музыка тыңдадық? Қандай ән үйрендік? Қандай ойын ойнадық? Жетекші: Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз осымен аяқталды, қош-сау болыңдар! Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау. | Балалар барлық сұрақтарға жауап береді.
Балалар қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қазақтың халық әнінен хабардар болуы, халықтық, ұлттық деген сөздерді білуі керек.
Игереді: ортақ, ақпыз, қара, сарымыз, достық деген түсініктерді.
Меңгереді: үлкен және кіші қоңыраулардың даусын ажырата білуді, биге шақыру дағдыларын.
Джанабаева Майрагүл
«Құлыншақ» балабақша ән-саз жетекшісі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
Құрық ауылы