Home » Ашық сабақтар » Аяулы күз, алтын күз

Аяулы күз, алтын күз

Абеуова Эльмира Болатовна,
Жүнісова Данагүл Өмірзаққызы
Қарағанды қаласы
«№102 мектеп-гимназия» КММ
бастауыш сынып мұғалімдері

 

 

 

Мақсаты: Оқушыларды күздің өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру. Күз туралы оқушылардың білімін кеңейту, күз ерекшеліктерін есте сақтауға үйрету.Оқушылардың өзін еркін ұстауға, ойын толық жеткізе білуге машықтанады.
Көрнекілігі:әр түрлі жапырақтар мен жемістердің суреті, слайд.
Кіріспе(мұғалім): Күз айының басқаларға қарағанда ерекшелігі өте көп. Күз деп отырғанымыз — біріншіден, байлық, молшылық. Өйткені қаптаған астық, картоп, жеміс-жидек осының бәрі күзде пісіп жетіледі. Ал далаға қарасақ бәрі сап-сары, бұл-күздің белгісі, сондықтан халықтар бұны «Алтын күз» дейді. Екіншіден, мал да, аң да, құс та сол кезде семіреді. Күз қауырт жұмыс кезі. Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындық жасалады. Күзде жыл құстары да жылы жаққа қайтады,қыстан аман шығуын ойлайды. Күн қысқарып,түн ұзарады.
Еңлік: 1 жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар!
Көптен күткен мереке,
Алтын күзді қарсы алыңыздар!
Ескендір: 2 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және де бүгінгі күз мерекесіне келіп отырған қонақтар!
1 жүргізуші: Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
2 жүргізуші: Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.
1 жүргізуші: Күз — береке, сән — салтанат мереке айы, жиын — терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
2 жүргізуші:
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды — деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
Ортаға 4 «Ә» сынып оқушыларын шақырамыз. (музыка әуенімен ортаға шығады)

1

Көк аспанның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп.

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп.

2

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқып жүр.

 

 

3

Алтын, сары, қызыл, көк.

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жалбырап.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

 

4

Күз де келді, алтын дәнін сапырып
Күз де келді, той –думанды шақырып
Күздің күні алтын нұрын шашады
Жердің жүзін шұғылаға батырып
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!

1 жүргізуші:

Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел, жемісті алтын күз
Кемелденіп халқымыз

Сахнаға Сайлаубаева Ясмина 4 «Ә» сынып оқушысын  «Алтын күз» әнімен шақырамыз.

2 жүргізуші: Қыркүйек – күздің бірінші айы. Бұл суық түсті, жайлаудағы мал келді деген мағынада айтылады. Ауа салқындай бастайды. Шық түседі. Қайтқан құстардың тобы көбейеді. Қыркүйектің жиырма екісінде күн мен түннің ұзақтығы теңеледі.
Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін сан түрлі көкөністерді ортаға шақырамыз (4 «А»)
Қырыққабат: Аяулым
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға
Бәрі жейді тамсана!

Сәбіз: Әділхан
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де

Қызанақ: Ақерке
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.

Қияр: Рамазан
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!

Картоп: Зере
Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар.

Пияз: Мұстафа
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық — барлық тағамға
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын

 1 жүргізуші:
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз,- деп 4 «В» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
2 жүргізуші: Қазан – күздің екінші айы. Бұл кезде қара суық басталады. Кешегі жасыл жапырақтар қызыл, сары, қоңыр түске еніп, жерге төгіледі. Күздің сылбыр жаңбыры толассыз жауады. Үйрек пен қаз жылы жаққа ұшып кетеді.

 

Көкөністерден қалмай бізге жемістерде келіпті, соларды бір тыңдап көрелік.

 Өрік (Мирас):
Дөп — дөңгелек сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты – өрік.

Жүзім (Айдана):
Іші толған шәрбат,
Дәмі сондай әйбат.
Үзесің бірден үзіп,
Оның аты – жүзім.

 Шие (Заңғар):
Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Оның аты – шие.

Алма (Айша):
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмін,
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.

Құлпынай (Арғын):
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бау – бақша
Күрең қызыл шіркін – ай
Оның аты – құлпынай

Шабдалы (Медина):
Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны сен үзбе
Аузынан кетпес бал дәмі
Оның аты – шабдалы

1 жүргізуші: Қарашада күн қысқарады. Қазақстанның солтүстігінде қара суық басталады. Кейде қар да жауады. Қатты жел соғады. Шөпті қырау басады. Суық аспан жер бетін тоңазытады. Бәрі құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

4 «Б» сынып оқушыларына «Шегіртке мен құмырсқа» атты көрінісіне кезек берейік.

2 жүргізуші:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

Күзгі жеміс-жидектен
Жасаған тамақ тұр міне
Мұрнынды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең!

Келесі кезекті 4 сынып оқушыларының ұлдарына берейік.

Дастарханымыздан молшылық кетпесін дей отырып, ұлдарымыз әдемі безендірілген жеміс-жидектерден жасалған  күзгі дастарханға арнап өз өнерлерін көрсетеді.

(Музыка)

1 жүргізуші: Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасақ,- дей келе, қыздарымыздың өз ойынан шыққан шығармашылық туындыларын сән үлгісі «Авангард» кезеңін тамашалайық.

Киім үлгісін көрсетуге келген 4 сынып қыздарын қошеметтеп ортаға шақырайық.

2 жүргізуші:
Ән салса әншілерім таң қаларсың,
Әр сөзін 99 рет қайталарсың.
Сондай ән туғызған қазағымды,
Қалайша тар пейіл деп айта аларсың

 Хор «Күзгі вальс»
1 жүргізуші:  Құрметті ата-аналар, қонақтар және оқушылар, осындай мерекенің шуағын келтіріп, біздің концертімізді тамашалағандарыңызға көптен көп рақмет айтамыз.

2 жүргізуші: Барлықтарыңыздың дастарқандарыңыз берекелі, әр шуақты күндеріңіз мерекелі болсын.Келесі мерекеде кездескенше Сау болыңыздар!

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.