Ақмарал Сансызбайқызы Мусина,
Жаңақала ауылдық округінің
«Жаңақала аудандық балалар
бөбекжайының» тәрбиешісі,
Жаңақала ауданы, БҚО
Аналарды сүйеміз!
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз!
Сенен өскен балалар —
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті апа, аналар!
Тәрбиеші: Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпырған қыздар! Гүл көктем, ару көктем, күн көктем! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 наурыз – әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз! Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілігін қабыл алыңыздар.
Балалар залға көңілді ән-күймен кіреді, бір рет айналып, ұлдар – бір жаққа, қыздар – бір жаққа тұрады.
Тәрбиеші: Балалар қалай ойлайсыңдар бүгін қандай мереке?
Балалар ең асыл жан кім?\Ана
Қызығыңды да, бұзықтығыңды да көтеретін кім? \Ана\
Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап, демеу беретін кім? \Ана\
Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар мейрамы\
Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \Иә \
Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, аналарға арнап ән айтамыз.
Ән «Анашым»
Ажар
My mom is pretty
My mom is sweet
My mom is best mum
We will never heard
Ойын: «Шуақты күн»
Мерекеге арналады бүгін билер,
Көтерілсін қанекей, көңіл күйлер
Алдарыңызда қазір ұлдар биі.
Қол соғып, демеу берер көрермендер.
«Ұлдар биі», орындайтын ұлдар.
Тәрбиеші:
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге
Ер балаларымыздын сіздерге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Мадияр
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Талант
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Шөлдедің бе, жан әжем?
Әбубәкір
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар!
Әлинұр
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Аналарға сыйлаймыз.
Әділхан
Балабақшам – базарлы үй,
Қаладағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
Бейбарыс
Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем.
Нұрислам
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым,
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Әлижан
Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап-күлем.
Арсен
Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.
Арнұр
Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Эльмир
Менің әжем – гүл әжем,
Алтын әжем күн әжем.
Апам үшінғ мен үшін,
Нағыз ана тілі – әжем.
Жасқайрат
Күн мен айым – әжетайым,
Ақ анама кім жетсін,
Әлемдегі жақсы ана.
Тахир
Түнде сергіп жатпаған,
Күндіз тыным таппаған.
Бізсіз тамақ татпаған,
Айналайын ақ мамам.
Әлинұр
Dear, dear mummy
I love you so much
I want to be happy
On the 8th of march
Тәрбиеші:
Ақ қар еріп,
Су көбейіп!
Сай-салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Балаларым айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?
Көктем мезгілінде
Тәрбиеші: Көктем, қош келдің, төрлет.
Көктем балалармен, ата-аналармен амандасады.
Дала гүлге бөленеді,
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда,
Өйткені мен көктеммін.
Құстар сайрай жөнеледі,
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын.
Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Би: «Гүлдер»
Ойын: «Түрлі түсті лентамен шаш өреміз»
Көрініс.
«Анамызды сәндендіреміз»
Ән: «Анашым»
Тәрбиеші: Осымен 8 наурызға арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!