Home » Балабақша » Аяулы Анашым

Аяулы Анашым

Музыка әуенімен залға қыздар бір қатармен тізіле билеп кіреді.Артынан ұлдар кіріп қыздармен вальс билейді.Балалар төрт қатарға бөлініп қатарға тұрады.

Жургізуші:

Айналдым ана деген асыл аттан,

Шуағын бар әлемге шашыратқан.

Ойнап жүрген құлынын даладағы,

Үйде отырып даусынан ажыратқан.

Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім-шапағатқа бөлене берсін.Әлемнің жарығын силаған аналардың мерекелері құтты болсын!

Қайырлы таң шуақты нұрлы көктем,

Құлпырып дүниені жібіткен.                                                    Дәулет

Мерекенің бастауын ала келген,

 

Хор: Аналар күні» 

Балалар орындарына отырады.

Жургізуші:

 Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8-Наурыз  аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.Мерекелеріңіз құтты болсын!

Бала , бала,  бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған .

Қаймақты сүттей қалқытқан,

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Исін жұпар аңқытқан

Бұл кім?

Балалар: Ана, ана, ана.

Балалар аналар мерекесі жылдың қай мезгілінде?

Ендіше ортамызға кім жетіспейді?

« Ару көктем  »  кіреді .

Мен көңілді көктеммін,

Былтырда келіп кеткенмін,

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін.

Гүл болып қырда егілем.

Дән болып жерде себілем.

Жаңбыр болып жауам да,

Нүр болып көктен төгілем.

Сәлеметсіңдерма балалар

Жүргізуші:

Амансың ба   Ару көктем?  біз сізді көп күттік.

Ұлан байтақ жерімізге қош келдіңіз.Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.

Көктем:

Біз ғана емес,қадір тұтған бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

Құрметті аналар,қызғалтақтай құлпырған қыздар!Барлықтарыңызды Аналар мерекесімен құттықтаймын!

Жургізуші:

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды,

Кім ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де ,

«Әке»деген сөзді де ,

«Тәте» деген сөзді де ,

«Ата» деген сөзді де ,

«Апа» деген сөзді де ,

Ойлап тапқан балалар!

«Жаным,күнім» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Боақаным » дегенді,

«Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

«Толған айым» дегенді,

Ойлап тапқан аналар!

Ән  « Анашым ана жаным» Аружан.

1.Жургізуші:

Ана- жүрек , жүректі құдіретте,

Ана-тілек,тілекті құрметте.

Ана –шыңың, шыңыңа  сағынып жет.

Ана-күнің, күніңе табынып өт.

  1. Жургізуші:

«Қыз өссе- елдің көркі, гүл өссе –жердің көркі »демекші 8-наурыз қыздарымыздың да мерекесі.

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап,сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген, ізгі салтын-демекші сүйкімді қыздарымызды құттықтап ұлдарымыз «Аспазшылар биін »билеп береді.

Би «Аспазшылар»

Ойын: «Гүл сыйлау»

  1. Жургізуші:

Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді.Сүйікті аналар,сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

 Ана деген ұстаз гой,

Пана болар ана гой.                                    А.Аруна

Құшағында мықтап басатын,

Бәрін істер ана ғой.

 Өзің мені өсірген,

Ардақтысын анашым.                                Нұрасыл

Ақылыңды айтасын,

Адам бол деп балашым.

Ал Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған әсем әндерімен жырларын қабыл ал.

Хор «Нұрлы көктем»

Ойын «Қолдарын табу»

Жургізуші:

«Бала тілі-бал»дегендей балалардың шын жүректен шыққан ,жүрек жарды тілектерін қабыл алыңыздар.

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе,

Жамал

Мейрімді күннен де.

 Жүрегім анашым,

Тірегім анашым.

Айналып күлімдеп,                             Бибінұр

Сүйесің күнім деп.

Жан анам,  жан анам,

Жүрегім аңсаған.                                        Жанерке

Сағыныш сазымен,

Әр таңды қарсы алам.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Әлдилеген анашым.                                   Ө.Дамир

Алтыннан да қымбатсың,

Ақ сүт берген анашым.

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.                                Алдияр

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ак мамам.

Жургізуші:

Құшақтарыңыз гүлге тола берсін деген  ниетпен ортада  Қыздарымыз аналарымен бірге  биі қарсы алайық

Би: «»

Хор «Очень я люблю мамочку мою »

Жургізуші:

Кезекті балаларға берейік. Олар не дейді екен?

 Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.                                   Нұртас

Менің саған тілегім,

Қартаймашы анашым.

Ол мықты адам табанды,

Басымды мен иемін.

Сүйгеннен соң анамды,                              С. Аруна

Сыйлаймын мен құрметтеп.

 Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,                                 Т. Алихан

Құрметпен бас иеміз.

 Сыйлайыншы гүлімді,

Тауып алған даладан.                                    Арсен

Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын анажан.

Ойын « Кім жылдам »  жүрек

 Би: «Кукарелла»

 Мәпелейсің мені ана,

Қолыңдағы құсыңдай.                                   Әсел

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе,                                          Жамал

Мейрімді күннен де.

Жүре берсем қасыңда,

Әйбат анам қуанам.                                 Нұрдәулет

Ботам деген даусыңнан,

Мен мәз болып оянам.

Жургізуші:

Дүниедегі құдіреттің бәрі , ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығының арқасында жүзеге аспақ.Ал, ақ самайлы әжелеріміз болмаса ,аналарымыз жарық дүние есігін ашпас еді. Ендіше , әжелеріміздіде мерекелерімен құттықтаймыз.

Әжем менің асыл жаным,

Жақсылыққа үйретіп.                          Айша

Жамандықтан шектейді,

Әжеме ешкім жетпейді.

Как хорошо, когда есть мама,

Ее улыбка –так чудесна.                               Алмаз

Со мною будь, так дорогая,

И больше ничего не надо.

Айналайын анашым,

Жұмысыңа барасың.                   Асқат

Қайтып мені көргенде,

Шын сағынып қаласың.

Би «Әжелер»

Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз,                                       Жаннұр

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе,

Жамал

Мейрімді күннен де.

 Ән: «Анажан »  Нұрдаулет

Хор «Аналардың тілегі»

Хормен:   

Адал бол деп балдырған,

Әділдікке баулаған,

Жүрегімде махаббат,

Тілегімде махаббат,

Аналарға мың алғыс!

Жургізуші:

Аналар , қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен кешімізді аяқтайық,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға

-дей отырып осымен  аналар  мерекесіне  арналған  « Анашым » атты  «Ертөстік» тобының  ертеңгілігін  аяқтаймыз.  Ардақты  аналар  мерекелеріңіз құтты  болсын. Аналарымыз  ешқашан  қартаймасын. Сау  саламатта болыңыздар.

Тұтқабай Айгул Дүйсенбайқызы

Алматы қаласы, Алатау ауданы

«№164 бөбекжай-балабақшасы»

II- Санатты тәрбиеші

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.