Home » Ашық сабақтар » АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ «ЕКІ ШЫБЫН»

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ «ЕКІ ШЫБЫН»

Сабақтың мақсаты:

білімділік — оқушыларға А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын айту, аудармаларына  шолу, «Екі шыбын» мысалының идеясын ашу, әдеби-теориялық талдау жасау.

Дамытушылық — сұрақ, тапсырма, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдыландыру, өз пікірін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік — адамгершілікке, қарапайымдылыққа, өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге баулу.

Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ассоцация,  зерттеу.

Көрнекілік: қоржын, сандықша, карточка, интерактивті тақта, үнтаспа.

Пәнаралық байланыс: сурет, өзін-өзі тану.

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Топқа бөлу «Сатушы мен сатып алушы»ойыны көкөніс, жеміс-жидек және дәнді дақылдарының аттары жазылған қағаздарды суырып алып 3 топқа бөлініп отырады.

б) Үй тапсырмасы

Үй  жұмысына Ахмет Байтұрсыновтың «Ақын ініме» өлеңінен үзінді жаттауға берілген  болатын.  Кім айтады ?

Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынов туралы ізденіс жұмыстары да берілді.

  1. Ахмет Байтұрсынов — қазақ әдебиетін зерттеуші.
  2. Ахмет Байтұрсынов — қазақ тілін зерттуші.
  3. Ахмет Байтұрсынов — ағартушы.
  4. Ахмет Байтұрсынов — публицист.

Балалар, мен сендерге сандықша әкелдім. Бұл-жай сандықша емес, сыр сандықша. Мұнда әдеби-теориялық сұрақтар берілген. Сұрақтарға толықтай жауап берілген жағдайда ғана сандықшаның сыры да ашылмақ.

Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым,

Сыр пернені басып қара,

Басып қара, сыр ашсын.

Сандықшаның сұрақтары:

  1. Ассонанс деген не? Өлең жолдарының бірыңғай дауысты дыбыстардан басталуы.
  2. Аллитерация деген не? Өлең жолдарының бірыңғай дауыссыз дыбыстардан басталуы.
  3. Эпитет деген не? Заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.
  4. Теңеу деген не? Заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді.
  5. Метофора (ауыстыру) деген не?

Сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құтылысқа балау; сөйтіп суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдету, істерін күшейту.

  1. Метонимия (алмастыру) деген не? Өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану.

Енді сандықшаның сыры да ашылды.

1-ші слайд. Адамға тіл, құлақ қандай керек болса… білім де сондай керек. 

                                                             Ахмет Байтұрсынов

Жаңа сабақ

Ахмет Байтұрсынұлы — балаларды оқу-білімге шақырып, көп жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған ағартушы педагог, қазақ тіл білімінің ірге тасын қалаушы.

— Балалар, осы кезге дейін біз Ахметтің қандай шығармасымен таныстық?

— Ахметтің аудармашылығы қай кезеңнен басталды?

Ахметтің ақындығы мен аудармашылығы 1909 жылы Петербургте шыққан «Қырық мысал» жинағынан басталды. «Қырық мысал» — ұлы ағартушының мұратынан туған өлеңді шығармалар топтамасы. 1901-1922 жылдары аудармамен айналысқан.

Ал, балалар, Ахмет атамыз кімдерден қандай шығармалар аударды кім біледі? 2 слайд.

                                            Аудармалары

А.С.Пушкиннен                                                   И.А.Крыловтан

«Алтын әтеш»                                                       «Аққу, шортан, һәм шаян»

«Балықшы мен балық»                                           «Егіннің  бастар»

«Данышпан Аликтің ажалы»                      «Қара бұлт», «Өгіз бен   баққа»

«Малшы мен маса» «Екі шыбын» «Қырық мысалға» кірген өлеңдер түгелдей орыс ақыны И.А.Крыловтан аударған.

Мәтінмен жұмыс

«Екі шыбын»мәнерлеп оқу

Мағынаны ажырату

Тірек сөздер: шыбын, сабан, өгіз, жер жырту, ғибрат, мұрнын көкке көтеру.

Жұмыс дәптерлеріне лексикалық тапсырма орындау.

Маңғаздану-

Мақтаншақ адам —

Әддін —

Ғибрат —

Мұрнын көкке көтеру —

Концептуалдық кесте   

   

Р/с Шығарманың атыКейіпкерАдамгершілік қасиетіКейіпкерге берілетін баға Ой-тұжырым, мақал-мәтел
1«Екі шыбын» шыбынтөмен мақтаншақҒылым таппай мақтанба

Топтық  жұмыс

І топ. Өлеңнің жоспарын құру

  1. Сабан тартқан өгіз
  2. Мүйіздегі қара шыбын
  3. Шыбынның танысына кез болуы
  4. Танысының жөн сұрауы
  5. Шыбынның маңғаздануы
  6. Өзімшіл қара шыбын

ІІ топ. Өлеңді талдау

Кейбіреу//көтереді//мұрнын көкке,//а

Өз әддін// өзі білген//адам көп пе?//а

Мақтанып,//бәрін де//өзім еттім дейді,//б

Біреудің//шылауында//жүріп текке//а

Буын саны -11 буын, 5 шумақ, 20 тармақ, а, а, б, а қара өлең ұйқасы.

ІІІ топ. Сатылай кешенді талдау

  1. Авторы — А.Байтұрсынұлы
  2. Тақырыбы — Екі шыбын
  3. Жанр түрі — поэзия /өлең/
  4. Идеясы — мақтанға, тәкәпарлыққа салынбау
  5. Шумақ — 5 шумақ
  6. Тармақ — 20 тармақ
  7. Бунақ — 3 бунақ
  8. Буын саны — 11 буынды
  9. Ұйқас түрі — қара өлең
  10. Әдеби теориялық ұғым — ирония, кекесін зілді мысқыл
  11. Түсіндірме сөздік — маңғаздану, мақтаншақ адам, әддін, ғибрат
  12. Өлеңнің тәрбиелік мәні — шыбын арқылы адамдарды мақтаншақтық, тәкәпарлық, өзімшілдік сияқты жаман әдеттерден сақтандыру.

А.Байтұрсынұлы мен Иван Крыловтың айтар ойы, ұсынар түйіні біреу -адамдар арасындағы алауыздық, оның зияны. Жалғыз-ақ осы түйінді орыс ақыны өлеңнің басында айтса, қазақ ақыны бұл ойды таза қазақы машықпен әрі өрбіте келе, көпке ғибрат ретінде ұсынып отырды.

Ал, балалар осы өлеңнің ғибраты қай шумақта айтылған кім оқиды?

3 слайд. Сәнді сурет — мәнді сурет. Ол суретшінің сезімі мен мінезін, әрекетін білдіреді.   Әл-Фараби

Қылқалам өнері  кейбір адамдардың бойындағы мақтаншақтық қасиет туралы не айтады? Сөз кезегін суретшілерімізге беремін.

Сабақты бекіту

                                               Тест интервью

 Ахмет шығармаларының                                     Шығармалары арқылы бізге қандай ерекшелігі қандай?                                                                тәрбие береді?

  1. Қарапайым  1. Адамгершілікке
  2. Тілге жеңіл 2. Сабырлыққа
  3. Тәрбиелік мәні зор                     3. Мақтаншақтықтан арылуға
  4. Кез келген адамға түсінікті 4. Ауызбіршілікке тәрбиелейді

 

Жаңа сабақты қайталау

  1. Мысалдан қандай әсер алдыңдар?
  2. Шыбын образы арқылы қандай адамдарды береді?

Үйге: «Екі шыбын» жаттау

«Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым» тақырыбында шығарма жазу.
Оқушыларды бағалау

 

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
«№23 орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Керімбаева Б.К

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.