Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан
Тәрбие сағатының мақсаты: Жолдаудағы басты мәселе – жастардың білімі мен ақыл-парасатын кеңейту арқылы, еліміздің хал ахуалын жаңарту.
Тәрбие сағатының түрі: Пікір алмасу.
Көрнекілігі: магнитафон, плакатқа жазылған қанатты сөздер.
Тәрбие сағатының барысы:
1-жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті жиналған қауым!
2-жүргізуші: Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Жаңа Қазақстан — ұлттың ұлы идеясы». Яғни, Президентіміздің халыққа берген интервьюін жан – жақты талқыламақпыз. Елбасы ел туралы ой толғайды.
1-жүргізуші: Президентіміз елмен етене араласудың халықпен қоян-қолтық қарым-қатынас жасаудың да үйренерлік үлгісін көрсетумен келеді. Мұның кезекті бір келісті көрінісі – Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 9 сәуірде «Хабар», «Қазақстан», «31-ші арна», «Астана» телеарналарында қатар көрсетілген ауқымды сұхбаты.
2-жүргізуші: Бірінші сөзінде Президентіміз жолдаудың мәнін, мағынасын түсіндіреді. Жолдаудың ең басты мақсаты – қазақ елін әлемге паш етіп, мықты да әлеуметтік жағынан бай мемлекет етіп шығару болмақ. Қазақстан Республикасын дүние жүзінің ең мықты елдерінің біріне айналдыру еді.
1-жүргізуші: Әрине, мұндай үлкен жауапкершілікті жүктей отыра, еліміздегі ең басты мәселелері 1-шіден денсаулық сақтау, 2-шіден білімді де алғыр жас ұрпақ тәрбиелеу керекті! –жолдауда айтылған.
Ендеше, осы отырған студент құрдастарымыздан осы Елбасының жолдау жайлы бір-екі ауыз пікірлерін сұрап көрейік.
Айзада: Жолдауда «Ішкі, сыртқы саясаттағы негізгі отыз бағыттың» 3-тармағындағы білім беру жүйесі мен оқытушылардың кәсіби даярлық деңгейін халықаралық дәрежеде жуықтау мақсатында көрсетілген мәселелерді саралады.
Еркегүл: Қазіргі күні мектебіміздің білім беру саласына басымдылық беріліп, ерекше көңіл бөлінуде. Заман талабына сай компьютермен жабдықталған үш кабинет мол көрнекті құралдары, жабдықталған зертханалар мен кітапханалар, әр түрлі әскери, спорт пен шығармашылық үйірмелер тәрбиеленушілерді жоғары сапалы білім мен тәрбие алуға ынталандыруда.
Алиман: Атап айтсақ, арнайы-тәртібін енгізу. Оқу жоспарына математикалық және жаратылыстану пәндерінен қосымша сағат беру, мектептерге ағылшын тілін беру.
Айсұлу: Жолдауда әлеуметтік жағынан азқаралған халықтың : мүгідектер, зейнеткерлер, көп балалы аналар, жас отбасыларды қолдау мекені, ана мен баланың қорғау және мұғалімдерге аса көңіл бөлінгенін атап айтуға болады.
1-жүргізуші: Жолдау – бұлардың қазіргі кезеңдегі ең басты мәселе екенін нақты танытып, одан шығу жолдарын көрсетті.
Ең басты мәселе осы айтылғандарды жүзеге асыру болып табылмақ.
Біріншіден, Жолдаудағы талқыланған проблемаларды шешуге атсалысу.
Екіншіден, Білімді одан әрі кеңейту.
Үшіншіден, Сапалы білім алуға тырысып, оны еліміздің игілігіне жұмсау.
2-жүргізуші: Бүгінгі сынып сағатымызда Президентіміздің «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты Жолдауын талқыламақпыз. 1-ші барлық тараулары мен таныстырып өтейін.
І – бөлім
1. «Қазақстан – 2030» стратегиясының 10-жылдығы – Қазақстан экономика мен өз мемлекеттілігінің берік іргетасын құра отырып дамудың жаңа кезеңінде сенімді қадам басуы.
2. Қазақстандықтардың өмір сапасының артуы.
3. Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі жан-жақты жаңғартуды жеделдету.
4. Бәсекеге қабілеттілік Қазақстанның әлемдік экономикамен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті.
5. Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері.
6. Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер-жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары.
ІІ – бөлім.
1. «Қазақстан – 2030» стратегиясында Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 бағыты аса маңызды.
2. Қасымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды Жапондық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат.
3. Еңбек рыногының даму ырғағы мен келешегіне сәйкес келетін білім беру мен кәсіптік қайта даярлаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат.
4. осы заманға әлеуметтік саясат басты назарда адамдардың сұранысы мен қажеттіліктері және жұмыс орындарын жасақтау.
5. Жаңа кезеңнің бағытына қарай саяси және әкімшілік дамуы.
6. Қазақстанның жаңа өңірлік және геосаясат жауапкершілігі.
1- оқушы: Ал ендігі кезекте студенттер ойларын ортаға салса.
1- оқушы: Жолдауда «Ішкі, сыртқы саясаттағы негізгі 30 бағытта» 3-тармағындағы білім беру жүйесіндегі мен оқытушылардың кәсіби даярлық деңгейін халықаралық дәрежеге шуақтату мақсатында көрсетілген мәселелер саналады.
Қазіргі күн.
Қазіргі күні мектебіміздің білім беру саласына басымдылық беріліп, ерекше көңіл берілуде. Заман талабына сай компьютер мен жабдықталған 3 кабинет, мол көрнекі құралдар, жабдықталған зертханалар мен кітапханалар, әр түрлі әскери, спорт пен шығармашылық үйірмелер тәрбиеленушілерді жоғары сапалы білім мен тәрбие алуға ынталандыруда.
2- оқушы : – Қазақстан Республикасы осы күнге дейін қандай жетістіктерге жеткенін айта кетті. Экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз ету, біз қоғамдағы жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлауы, осы заманға және болашағы зор, экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді. Небәрі мыңдаған жылдар ішінде біз үлкен табыстарға жеттік, әлі де нық сеніммен ілгерілеп келеміз.
3-оқушы: Жолдауда білім саласына өтіп жағдай жасалып, оның сапасын арттыру жолдауымызда кеңінен талқыланған.
4- оқушы: Қазақс тандықтардың өмір сапасының артуы үшін нақты шаралар жасау. Сонымен қатар, Президент бұл тар өрісті мақсатымен, экономикалық өсудің – жай нанымды көрсеткіші емес, бұл қазақстандықтардың өмірін жақсарта берудің біздегі нақты мүмкіншіліктері екенін атап өтті.
Қорытынды.
«Байқасаңыздар, алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан жылға артып келеді. Сондықтан еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында халықтың және сіздер мен біздердің істеп жатқан шаруаларымыздың барлығы мемлекетіміздің нығаюы, тәуелсіздіктің мықтылығы, халықтың әл-ауқатының артуы үшін жасалуда. Осы жолда бәріміз елдің бізге деген сенімін ақтап, мақсаттарға жетеміз деп нық сенемін»,- деп айтқан Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен осы тәрбие сағатын аяқтаймыз.
Ахметова Багдат Карбаевна,
Астана қаласы әкімдігінің
“№1 арнайы мектеп-интернат” КММ
орыс тілі мұғалімі