Home » Ашық сабақтар » Ахметова А.К.

Ахметова А.К.

Ахметова А.К.,
Алматы қаласы,
Жетісу ауданы, Көкжиек ы/а,
№175 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Көліктер

Білім беру саласы: Коммуникация, Таным
Оқу қызметінің мақсаты: Балалардың жолда тасымалдау көліктермен таныстыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратың қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеністікті бағалай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережесін меңгерту.
Сөздік жүмыс: Көліктер,бағдаршам, көше қиылысы.
Көрнекіліктері: көліктер туралы слайд, бағдаршам макеті, жол белгілері.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі.
Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы: «Көліктер».
Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады. Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға білу керек.
Шаттық шеңбер:
-Армысың алтын күн
-Армысың жер ана
-Армысың достарым
-Армысың қонақтар
Балалар айтыңдаршы,адамдарды немен тасымалдайды?
-автобуспен
-Дұрыс айтасыңдар,адамдар машинамен,велосипедпен,автобуспен жүреді.
-Балалар тақтадан біз не көріп тұрмыз? (көшелер, көліктер)
-Жолдар қандай болды? (тегіс жолдар, қысқа жолдар)
Балалар сендерге жұмбақ жасырайын.
Төбесінде шырағы,
Жолаушының пырағы.
Барасын деп қай жаққа,
алдың күтіп тұрады.
(такси)
Бүгінгі оқу қызметімізде біз жолда жүретін көлңктерді білдік.Жаяу жүргіншілерге арналған белгілерді танбалармен және аялдама белгілерімен таныстық. Балалар көлік түрлері өте көп екен.
Балалар машина қайда жүреді?
-Жолда
Ал,поез ше?
-темір жолда
Кеме ше?
-Теңізде
Балалар көлік түрлері көп екен: су көліктері,әуе көліктері,жеңіл көліктер,жүк таситын,адам таситын көлңктер бар екен.Ал балалар осы көліктердің қозғалысын реттеп отыратын затты бағдаршам деп атаймыз.Бағдаршамның үш көзі болады;
Қызыл,жасыл,сары \красный,зеленый,желтый\
Қызыл жанғанда тоқтау керек,жасыл жанғанда жүру керек,сары жанғанда дайындалу керек.
«Бағдаршам» ойыны.
Мен бағдаршам боламын
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін;
«Тоқта! Сақтан! Жол ашық»
Машина туралы тақпақ:
Бип-бип,бип дейді
Жолдан былай кет дейді
Күшікті басуға болмайды
Болмайды машина
Ал балалар енді «машина» құрастырамыз
Машина қандай
-төртбұрыш
Терезесі қандай?
-үшбұрыш
Ал,дөңгелегі ше?
-домалақ
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қолды белге қояйық
Бір отырып,бір тұрып
Бой сергітіп алайық.
Ал енді кезекті ойынға берейік;
«Көліктер дыбысы» ойыны
Балалар суреттерге қарап табу керек. Көліктердің дыбысын салады.
Машина: бип-бип,би би бип
Поезд :пш-пш,пуп-пуп біз кеттік
Кеме: гу-гу,гуууууу
Самолет: УУУУУУУУУУУУУ
Жарайсыңдар балалар.
Балаларды мақтап,мадақтау
Қорытынды: балаларды көлік түрлерімен таныстырып,оларды жер,әуе,теңіз көліктерін ажыратуды үйренді.Жол ережесінде бағдаршамның атқаратын қызметі үлкен екенін саналарына қалыптастырып,дағдылану.
Ашық оқу қызметіміз аяқталды.Рахмет! Сау болыңыздар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.