Білім мазмұнын жаңарту аясында биология пәнінен
оқушыларды тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы білімге қолжетімділігін, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Білім беру жүйесі білім мазмұнынын ұйымдастыруды, өзгертуді, жаңартуды талап етеді.
Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек. Сондықтан, қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ол адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы болып табылады. Ал қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын тұрғысынан талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда қолдану жаңартылған білім мазмұнының нәтижесі. Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді. Сондай әдіс – тәсілдердің түрлеріне тоқталып өтейік .
1. «Миға шабуыл» Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.
(Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады
2. «Өрмекші» әдісі. Өрмекші сұлбасына меңгерілген материалды пысықтау мақсатында кезең-кезеңдерімен пысықтауға тиімді
3. «Эссе» немесе «Еркін әнгіме» әдісі . Бұл кезеңде баяу музыка қоюға болады , яғни музтерапия әдісін қолдана отырып , оқушы өз ойын жинақтауға дағдыланады .Оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасай алады.Проблема бойынша өз қөзқарасына рефлексия жасай алады. Шығармашыл тұрғыдан ойлана алады. Таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынаста шеберлігі артады. Оқылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады.
4. «Жалғасын тап» сергіту сәті. Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, мысалы : Торсылдақ балық денесінде ………………. олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады. Бұл әдісті жаңа сабақты бекітуге немесе үй тапсырмасын сұрауға да пайдалануға болады.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мақсаты оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек . Сол үшінде де бұл бағдарламаның негізі «өмірмен байланыс» ұғымына құрылған . Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеледі . Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болуы үшін , қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбек ету қажет .
Ахметова Айтжамал Капашевна,
Екібастұз қаласы,
Абай Құнанбаев атындағы №2
жалпы орта білім беретін мектебінің
биология пәні мұғалімі