Home » Жаңалықтар » Ауған соғысының аяқталғанына — 29 жыл

Ауған соғысының аяқталғанына — 29 жыл

9 жыл 51 күнге созылған Ауған соғысының аяқталғанына биыл 29 жыл толды. 1979 жылдың 29 желтоқсанында КСРО қарулы күштері Ауғанстанға басып кіріп, соңы ұзақ соғысқа айналды. Оған Қазақстаннан 22000 адам аттанып, 800-ге жуығы қаза болып, өз жеріне қайтып келмеді.
Ал аман-есен еліне, отбасына оралғандар бүгінгі күні бейбіт өмір сүруде. Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу мақсатында Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ауған ақиқаты» атты кеш өтті.
Оған Павлодар облысы прокуратурасы ардагерлері кеңесінің төрағасы, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Генерал-майор Дмитрий Фалеев, Ауған соғысы ардагерлерінің қалалық одағының төрағасы Ғалымжан Шарапатов, Ауған соғысының ардагерлері Валентин Жребцов пен Александр Коновалов қатысты.
Алдымен меймандарымыз мектепті аралап, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Экскурсия барысында оқушылармен де тілдесіп, өздерінің ізгі лебіздерін білдірді.
— Сендер оқып жатқан мектепте жақсы білім алу үшін барлық жағдай жасалғанын көріп отырмыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей еліміздің болашағы білімді жастар. Мектепті аяқтаған соң мемлекетіміздің дамып, өркендеуіне өз үлестеріңді қосатындарыңа сеніміміз мол. Бейбіт өмір тілеймін, — деді Дмитрий Фалеев.
Бұдан соң ардагерлеріміз мәжіліс залына өтіп оқушылармен кездесті. Алдымен Ауған соғысында қаза болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, оқушыларымыз қонақтармен сұхбат жүргізді. Шара мектебіміздің жас өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Ардагерлеріміздің әңгімелеген әрбір ерліктері оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, Отан сүйгіштікке баулитыны сөзсіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.