Ауған Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты, Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу – кешін 7-9сынып оқушылары мен тарих пәні мұғалімдері ұйымдастырды.
Жаны жайсаң, рухы биік, қайсар да жауынгер ағалармен кездесуден мақсат: Ұрпағымызға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұқбаттасу, сондай- ақ өз отанына шексіз берілген патриот ағалардың ерлігін үлгі ету болатын. Кешті Ауған соғысында апат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуден яғни бір минутты үнсіздікпен бастадық. Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, жүгізушілер әсем сөздермен өрбектелген өлең жолдарымен кештің сәнін кіргізді.
Өткенін ескермеген өшеді,
Өткенін қастерлеген өседі, — демекші берер тәлімі мол, тарихтың тірі куәгерлерімен сұқбаттасу басталып кетті.
— Сіздің Ауғанстанға аттанғаныңызды тума- туыстарыңыз білді ме?
-Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай екенін байқадыңыз?
-Сіз Ауған соғысы туралы филімдерді көргенде шындыққа жанасатыны бар ма?
-Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін, көріп жүрсіз?
Оқушылардың ішкі жан дүниесін жарып шыққан игі сұрақтарға саясаттану ғылымының докторы, доцент, Ауған соғысының ардагері «Кандагар зона ответственности «ЮГ» төсбелгісінің иегері Симтиков Жомарт Қудайбергенұлы ағамыз қуана да қайғыра да отырып жауап берді.Тіпті көзіне жас иірілгенін де байқадық. Сірә, бұл майдандас достарын қимастықтан болар. Атының өзі қайғылы естілетін алапат соғыс кімдердің қабырғасын қайыстармады десеңші…
Бейбіт берекелі заманда өмір сүріп жатқан белсенді жастар «Атамекен» әнімен қас жауынгердің көңілін көтеріп, жанын жадыратты.
Қабыланова Айзада 9сынып оқушысы «Соғыс жылдарындағы оқиға» туралы баяндама оқыды. 9сынып оқушысы «Жауынгер хаты атты» М. Сергеевтің өлеңін тебірене жырлады. Қазақтың киелі домбырасымен күңіренген күй ойнағанда, азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралған қаншама жазықсыз жандар бейнесі көз алдымызға елестеді. 7-8 сынып оқушылары: Дюсембек Аяулым, Советова Балғын, Жанашбаева Аяжан, Алдашова Гүлмира Ауған соғысының ардагерлеріне арнап арнау, өлең, тақпақтар оқыды.
Ия, Ауған соғысының қасыреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші…
Сөз соңында Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың мынандай патриоттық сезімге толы сөздерімен кешімізді аяқтадық.
Ең алдымен айтарым адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше Президентіміз жолдауын жастарға арнады. Тәуелсіз елдің төл перзенттері санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезіну керек.
Осындай тәрбиесі терең жүрекке жылу сыйлаған кездесу кештің соңында Жомарт Құдайбергенұлына алғыс білдіріп, сый, құрмет көрсетіп, ақ батасын алдық.
Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты
Иманбекова Ш.Т. басшылық етіп отырған
№179 ЖББМ мектепте
Ауған соғысына 30 жыл толуына байланысты
жауынгер ағалармен кездесу ұйымдастырған
тарих пән мұғалімдері.