Home » Сценарийлер » Ауған асуында от кешкендер

Ауған асуында от кешкендер

Мақсаты:

  • Еліміздің ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында «ауған ақиқатында» және де «Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар» тарихына шолу жасау
  • Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау
  • Отанды, елін сүю, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу
  • Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, әсіресе ұлттық намыс, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру, дағдыландыру

Көрнекілігі: презентация, бейнеролик, ауған соғысының суреттері

Барысы:

Мұғалім  — Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі күндеріңіз тек сәттілікке толы болғай!

Көрініс: «Жауынгер хаты» (авторы М. Сергеев.)

Бауырым, бұл хатымды аласың ба?
Ауғанның тауларының арасында,
Бораған қорғасын оқ бас көтертпей,
Жатырмыз ессіз — түссіз жар астында.
Қоршаудамыз, барады айдан асып,
Анталаған жаулармен тайталасып,
Іздеп жатқан ел де жоқ артымыздан,
Шер — қайғыңды енді кімге айта аларсың?
Күңіреніп, күрсінеді Ауғанстан,
Жігіттер де шаршады сұм соғыстан.
Түн ортасы басталар қанды қырғын,
Жарылыстан — жарылыс – күл боп ұшқан.
Күні өтеді осылай жастығымның,
Жолдасымның естідім ақтық үнін.
Қансырады, құлады командирім,
Бірақ сырын алдырмай жатты күліп.
Күліп жатты жалғанның барлығына,
Өспей жатып жасыл гүл солды сонда!
Көтергенмен рухын жауынгердің,
Іште қалды — ау өкпесі тағдырына!
Басқа салды, біз көндік, амал қанша?
Тартысамыз дұшпанмен ала алғанша.

Қай бұрышта қалады бас домалап,

Алла білер, жортатын сапар қанша?
Кейде ойлайсың, сұм ажал алып кетсе,
Қопарылып, өртеніп жанып кетсем,
Бауырым, дән риза мен болар едім,
Осы хатым еліме барып жетсе!
Түсімізге енеді ақ қорымдар,
Дегендей ме, сездіріп сақ болыңдар.
Бәрімізде бір арман қоршаудағы;
«Сүйегіміз қалмаса екен жат қолында!»

Мұғалім: -«Миға шабуыл» әдісі

-Бұл хатта не туралы жазды?

-Бұл кісіні сипаттап беріңдерші?

-Бұл кісінің бойынан қандай қасиеттер байқалады?

-Олай болса бүгінгі «Ауған асуында от кешкендер» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз

Ауған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші?! Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама? 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы. Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды

Оқушылар слайдпен түсіндіру.

*Картадан ауған соғысы болған жерді көрсету
— Статистикаға сүйенсек:

*10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 — ке жетті. Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 924 — і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.

*Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал — лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді.
Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3000 — дайы мүгедектер қатарында.

Бейнабаянға назар аударайық

-Бейнебаяннан нені көрдік?

-Не туралы айтылған?

-Бұл қай жылдар деп ойлайсың?

*Сол оралмаған жауынгерлерімізді орнымыздан тұрып еске алайық: Еске алу (1 мин үнсіздік)

Мұғалім:
Өткенін ескермеген өшеді,
Өткенін қастерлеген өседі,- демекші, берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері бүгін біздің ортамызда!

Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлесіміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонағымызбен таныс болайық. Ауған соғысының ардагері :

Құлбатыров Алмасбек ағай

Мұғалім: «Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағамызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.

 

Сыр сұхбат

Мұғалім: Қайырлы күн ! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға  қош келдіңіздер!

Кешімізді әрі қарай жалғастырсақ! 

-Адам жүрегіне жара,санасына ауыр салмақ түсірген сұм соғысқа неше жасыңызда және  өз еркіңізбен бардыңыз ба әлде Кеңес Одағының тапсырмасы болды ма?

— Сіздермен бірге қазақ жауынгерлері болды ма?
-Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың мақсат — мүддесі түсіндірілді ме?

 

Оқушы сұрақтары:

— Сіздің Ауғанстанға аттанғаныңызды тума – туыстарыңыз білді ме?
-Соғыс кезіндегі қиындықтарды айтып берсеңіз?

-Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен. Сіздер бір -біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар ма?

— Қазіргі таңда қазақ  жастары арасында әскерге шақырылған жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуден көбісі қашады. Себебі неде деп ойлайсыз?

— Сіз Ауған соғысы туралы фильмдерді көргенде шындыққа жанасатындары бар ма?
-Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?

 Мұғалім: 
-Ауған соғысы ардегерлеріне қазіргі уақытта қандай көмек берілуде?

-Кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылатынын естігенде қандай сезімде болдыңыздар?

-«Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?

-Бейбіт өмірде сүріп жатқан адамдарға тілегіңіз!?

 Келесі Азиздың орындауында  «Мен қазақпын» әні.

 Тәрбиеші сөзі:Құрметті қонақтар ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпаққа жауынгер ағаларымызға арнаған арнауларын ұсынамыз.

 Оқушы арнаулары:

1- оқушы:

Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннәтта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар мен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
Өтер жылдап, ауқып тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар
2- оқушы:

Баласы батыр туғаннан
Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан
Даламен бірге қайнасып
Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып
Тамыры терең кететін
Жайнаған дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жалғанда
Қазахияма жететін

3- оқушы:

Атойлап шапқан батырлар
Рухын қайрап ақындар
Ұрпағым аман болсын деп
Қыршынбасын деп жатырдан
Ел үшін қиып құр жанды
Ұстанған елміз бір заңды
Биікке қойған қазақпыз
Ар – ұят пенен ұжданды
Жауына күшін көрсетіп
Ізіне ерген ел сеніп
Жастарға бүгін аманат
Жасалған істер белсеніп
Бабалар салған сара жол
Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол

4-оқушы:

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырады.

Адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз биылғы жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Қазағымның жалындаған батыр да батыл  жастары жасай берсін!Біз елімізді мәңгі қорғаймыз!

 

Мұғалім: 

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерер,

Болашаққа, алға бастап жетелер.

Қиындығын қазағымның әрқашан,

Қайыспайтын қара нардай көтерер.

 Кері байланыс «Бес саусақ » әдісі
 Қорытынды сөз. Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін — бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір — түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ардагер ата уақыт тауып келгеніңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.

Хор: «Көк тудың желбірегені»

 Елемесова А

Т.Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейінде өткізілген

            

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.