15 ақпан- Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне арналған Х.Досмұхамедов атындағы Атыра умемлекеттік университеті Әскери кафедрасының ұйымдастыруымен АМУ ғимараты актзалында «Ауғанстан-жүрек жарасы» атты тақырыптық кеш өткізілді.
Аталмыш шараға Ауған соғысы ардагерлерінің Атырау облысы бойынша бірлестігі ардагерлері, әскери оркестр, Ғ.Слановатындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы өкілдері, әскери қызметшілермен студент жастар қатыстырылды.
Тақырыптық кеш «Ауған соғысы хронологиясы» атты деректі фильммен басталды.
Ауған соғысында қаза болған боздақтар бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Кеш мақсаты – Ауған соғысы жайлы тереңірек танып-білу, мәлімет алу, ер жүрек ағаларымыздың ерліктерін болашақ жас ұрпаққа үлгі ету.
Шара барысында Ауған соғысы ардагерлерінің Атырау облысы бойынша бірлестігінің төрағасы Ғ.Қайыржанов және соғыс ардагерлері сөз сөйледі.
Сұрақ-жауаптан соң, Ғ.Сланов атындағы Облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана өкілдері сөз алып, тақырыпқа арнайы әзірленген кітап көрмесімен танысты.
«Бейбітшілік үшін күрескен ағаларымыздың интернационалдық борышын өтеу — ерлік жолы бізге сабақ. Ол кісілердің ерлігін сақтау, оларды үлгі тұту – әрбір қазақ жастарының борышы. Біз олардан үлгі-өнеге аламыз.
Бейбіт еліміз – Қазақстанның жастары – біздер, Отанға адал болып, азаматтық борышымызды абыроймен атқарамыз деп сенім білдіремін,» — деді шара кезінде сөз алған әскери кафедраның 2-курс студенті Е.Зинеденов.
Кеш барысында ҚР Ұлттық Ұланы 5546 әскери бөлім оркестрі, әскери кафедра мұғалімдері мен студенттерінің орындауында Ауған соғысы кезіндегі әндер шырқалып, бейнебаяндар көрсетілді.
Кешке арнайы шақырылған қонақтар ректордың алғыс хатымен марапатталды.
Арайлым НАРЕШОВА,
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің
«Ақпараттық қамтамасыз ету және
Web-сайтты дамыту» бөлімінің басшысы