Home » Жаңалықтар » Ауғанстан — жүректегі жара

Ауғанстан — жүректегі жара

1989 жыл ақпан айының 15-де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да Ауған соғысы аяқталды. Биылғы жылдың 15 ақпаны ерекше күн деп айтуға болады,  себебі биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай еліміздің түпкір-түпкірлерінде аталған мерекеге арнап түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

 

  Тәуелсіз еліміздің ашық аспаны астында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта мектебінде 16.02.2019 жыл 1989 жыл 15 ақпан кеңес одағының Интернационалист жауынгерлердің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай ардагер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанстан – жүректегі жара» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға ардагер ағаларымыз Юнусов Мухаммадали Юсупалиевич және Хамидов Ойбек Абдурахманович қатысты. Мектебіміз оқушылары сахналық қойылымдарын  көрсетіп, әдемі әндері мен билерін орындап ардагер ағаларымыздың жүректерінен орын алды. Сонымен қатар Ауған жерінде құрбан болған ағаларымызды еске алып бір минуттық тыныштық сақталды және 1970-1980 жылдары аралығында №21 мектебінде оқып тәмамдап, 1982 жыл 5 наурыз күні Ауғанстан жерінде әскери-интернационалдық борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған Абдикадыров Мурамат Тұрдыматұлына арнап орнатылған естелік тақташаға гүл  шоқтары қойылды.

Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді.

Ортамызда жүрген ауғандық жауынгер ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңіз, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерең еңбектеріңіз Қазақстан жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала береді, біз сіздерге қарап бой түзейміз.

М.И.Минаварова
Шымкент қаласы
А.П.Чехов атындағы №21
жалпы орта мектеп директорының
оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.