-Айтып отырған бармақтай бала кім еді?
-Әй, Гүлзағира кім екен?
-Ол «Білім айнасы» атты республикалық ғылыми танымдық газетінің өкілі Абай Сәдібекұлы. Өзің айтқан бармақтай бала мұғалімдерге біраз мәселені түсіндірді.
-Ойпырмай, қашан келіп еді!?
-Саёраның баласы үйленген күні.
-Қап, әттеген-ай!
-Білмей қалыппызғой маған керек еді.
Ия, осылай мұғалімдер дүрлігісіп қалды. Әлгі бармақтай бала газетке мақала жазудың ережелерін жан-жақты түсіндіріп кеткен.
Қазақстанның оңтүстігінің ең шеткі ауданы көрші Өзбекстанмен қоралас орналасқан Мақтарал ауданының Байқоныс ауылындағы №31 М.Әуезов атындағы ЖОМ КММ-сі мұғалімдері түнеу күні дүрлігісіп қалған болатын.
Өзі бармақтай болса да, білімі мен танымын алды зейнеткерлікке аяқ басқан мұғалімдерге ізеті мен біліктілігін мәдениетті түрде бас аяғы бірнеше сағатта түсіндіріп өтті.
Міне, содан бері мұғалімдер қалам алып, жүйелі мақала жазуға кірісіп те кетті. Мұғалімдер тәрбиелік мәні зор еңбектері мен бір-бірімен әле көптеп тәжірибе алмаса береді. Осылай өз еліміздің рухани жаңғыруына үлесімізді қоса білеміз.
Рахмет саған, бармақтай бала!
Анарбаева Күлмира Ахметқызы,
№31 М.Әуезов ЖОМ КММ-нің Өзін-өзі тану пән мұғалімі