2016 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында нақты атап көрсетілген патриотизмді қалыптастыру мақсатында білім саласы мен Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражайдың арасында «Ауылым – алтын тұғырым!» атты инновациялық жоба қолға алынған, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл байқау Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында нақты атап көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда көрме байқауына қатысу үшін Зеренді, Бурабай, Еңбекшілдер аудандарының ауыл мектептері өтініштерін жолдаған. Ал осы уақытқа дейін 9 мектеп өз көрмесін әкеліп қойған.
Жалпы, әр көрме бір ай бойы қала тұрғындарына таныстырылады. Көрменің бір бөлімі ауыл табиғатына, екінші бөлімі ауылдың тарихы мен сол елдің азаматтарын таныстыруға арналған.
Ең бастысы, бұл мұражайдың аудан мектептерімен байланысын нығайтуға және этно-педагогикалық бағыттағы насихат жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік береді.
Көрме байқауы 2016-2018 оқу жылдарын қамтиды. Ал қорытындысы 2018 жылдың мамыр айында шығады деп жоспарланған.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі