Home » Қылқалам » Ауылым – алтын бесігім!

Ауылым – алтын бесігім!

Ауылым – алтын бесігім

Жүрегім,жырым сеніңке,

Кеңесті далам, кең далам,

Тудым,өстім,есейдім,

Ең далам — анасы,

Мен – балаң. – деп ақын атамыз жырлағандай, менің ең далам, тұғырым – қазақ елі.

Туған өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құяды.Тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманы,тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған қазақ даласы, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырлары,көк жасыл желекке бөлінген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махаббат сезіміне бөлейді. Мен бар жақсы қаиеттерім үшін саған қарыздармын,қажырлық пен қайсарлықты, құзды шыңды тауың мен асу желің үйретсе, жомарттық пен ақпейілділікті мына жатқан жеміс талы сай- самаңнан үйрендім. Шыдамдылық пен байсалдылықты шетсіз де шексіз далаңнан үйрендім.
Осынша сұлулыққа бөленуіне қандай себеп, әсер етуші күш деп толғанамын. Ойлана келіп тау қуысындағы әрбір бұтанның, өзенге күлер әрбір бұлақ көзінің теңіздей тербелген егістегі дән сабағының, жайлауыңдағы әрбір шанның, ауылдағы әрбір жеміс ағашының бойында адамның жұмсаған күш-жігерін, төгілген тері – еңбекпен жазылған шежіресі барлығын ұғамын. Туған жерім алтын бесігім деп туған елді көркейтуде аянбай тер төккен еліміздің перзенттерінің еңбегіне сүйеніп, өзің де солардың қатарында болғың келеді.
Осынау күн сәулелі нұрын шашқан кең байтақ даламда жүзден асам ұлт өкілдері тұрады. Халқымның ерлігі – еңбекте, арманы – әнінде, қуанышы – күйінде, бақыты – бауырмалдығында, жасампаздығы — жарқын істерінде деп түсінемін. Еліміз тарихында бұрын соңды болмаған саяси, әлеуметтік, мәдени –тарихи жетістіктердің бірінен соң бірі қол жеткізіп жатыр. Қазақ елін бүкіл әлем таниды.Ол дүние жүзінің көптеген елдері мен достық байланыс орнатты. ТМД,БҰҰ ұйымдарына мүше болды. Дүниежүзілік қауымдастықтан өз орын алды.
Еліміз үшін  жиырмасыншы ғасырдың маңызы зор. Себебі еліміз өз тәуелсіздігін алып, сол тәуелсіздіктің  белгілеріне ие болдық. Өзіміздің Ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздерімізді белгіледік. Еліміздің елдігін танытатын белгілерінің ішінде – Мемлекеттік тудың, Елтаңбаның, Әнұранның жөні бөлек.1998 жылы 10 маусым күні жаңа Астана дүниежүзіне таныстырылды. Бүгін де әлем назарын өзіне аударып, келешегін қызықтырып отырған Қазақстанның әр күні, айы, жылы жағымды жаңалыққа толы. Қиын мезгілде бейбіт өмірде өмір сүріп жатқан қазақстандықтар Нұрсұлтан ағамыздың ұстанған  саясатын толық қолдайды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» демекші бізде ол кісінің жүргізіп жатқан ісін қуаттаймыз. Біздер жастар, қазақ елінің ертеңіміз! Ұланғайыр  жұмыстарды біз жалғастыратын боламыз. Сондықтан да менің құрбыларым өте жақсы оқып, білімді болып ер жетуі тиіс. Мен осы Қазақстанымның болашағы зор екніне сенемін, өйткені біздің елімізде татулық та, достық та, байлық та бар. Тек қана іскер жандар мен білімді азаматтар керек деп ойлаймын. Мен өзімнің кең- байтақ Қазақстанымды сүйемін.
Адам асқар арманына халқын, тілін, Отанын туған жерін шынайы сүйгенде ғана қол жеткізе алады. Ендеше, мен бақыттымын. Қазақ жастары алаңсыз өмірі сүруі үшін ең керегі — бейбітшілік.
Біз осы тәуелсіздігімізді аңсап, қиындықпен жеттік. Сондықтан да тәуелсіздігіміздің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Бұл –біздің туған ел алдындағы перзенттік борышымыз. Көгілдір аспанымызды соғыстан бұлты торламай, осыдан жарты ғасыр бұрын адамзат баласына жасалған қатігездік қайталанбаса екен. Көрші елдердегі ел басына түскен ауыртпашылық, соғыс зардабы бізге келмесе екен. Біздің қазақ елі аяғынан тік тұрып, гүлденіп, көркейіп, біз – сенімді жастары елінің керегіне жарап, кірпіш болып қаланса деп армандаймын. Сол асқақ арман мені әлдилеп алға жетелеп келеді.

ОҚО, Мақтарал ауданы,
Жетісай қаласы, Алтынсарин е/м,
№ 96 Ы.Алтынсарин атындағы
жалпы орта мектебінің 7 «Ә»  сынып оқушысы,
Жәнібекұлы Ерзат,
Жетекшісі: Ақылбекова Назира

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.