«Ауылдағы 2 апта» әлеуметтік жобасы қазақ баласындағы адамгершілік рухани құндылықтарын өзгерте алады. Ауыл — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. Қазақ халқындағы «Ауыл түбі-бірлік, қауым түбі-тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.
Осыған байланысты бұл жобада баланың ауылдағы тұрмыс-тіршілігіне қызығушылығын айқындайтын және оны жандандыруын қарастырады.
«Ауылдағы 2 апта» социальный проект могут изменить духовно-нравственных ценностей у детей казаха. Аул — ассоциация, которая издавна сформировалась в традиционном обществе казаха. Пословица «Сельского дно, дно общины-жизнь» выражает этнической, экономическую и духовную значительность села.
В связи с этим в этом проекте калины быту-жизни в ауле выяснил осконально интерес и его рассматривает то, оживляет.
Ауылым – алтын бесігім
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңесті далам, кең далам.
Тудым, өстім, есейдім,
Ең далам – анам, мен — балаң, — деп ақын атамыз жырлағандай, менің кең далам, тұғырым — Қазақ елі. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Ауыл – қазақтың алтын бесігі, түп төркіні десек, қателеспеген болар едік. Аттың құлағында асыр салып ойнаған халқымыз кең-байтақ, дархан даламыздың ауыл – анамыздың перзенті…
Біз қазір заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымға тәуелді екеніне көз жеткіздік. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны. Жазғы демалыс – баланың мектеп жылдарындағы эмоционалдық ең жарқын кезеңі. Бұл олардың іс-әрекетіндегі жаңа ритм, жаңа әсерлер мен қиялдар уақыты.
Балалар үшін жаз – бұл жыл бойы шаршағандықтың бәсеңдеуі, жұмсалған күштің қалпына келуі, денсаулықты қалпына келтіру, шығармашылық әлеуетті дамыту, жаңалықтар және қызықты оқиғалар ашу, жеке мүмкіндіктерін жетілдіру, ойын уақыты.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымдарының моделі мен тәжірибесі жалпы білім беру мектептері үшін еңбек нарығының сұранысына сай бәсекеге қабілетті түлектерді дайындауда бағыттаушы болып табылады.
2017-2018 оқу жылында Қ.И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесі негізінде «Ауылдағы 2 апта» жазғы әлеуметтік жобасы іске асырылуда.
«Ауылдағы екі апта» — ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлерді танып, ауылдың тұрмыс-тіршілігін білуге бағытталған әлеуметтік тәжірибе. Басты мақсаты – ауыл өмірімен танысу арқылы оқушы бойына рухани құндылықтарды сіңіру, ауылдағы үлкендердің өнегелі әңгімесін тыңдау, құрбы-құрдастарымен араласу. Жоба аясында ауылдағы ата-әжесіне немесе ауылдағы туысқандарына барып, ауыл өмірімен танысып, күнделік жүргізіп, фото және видео материалдар жинақтайды.
«Ауылдағы екі апта» әлеуметтік жобаның қоғам дамуы жолында еңбектенетін тұлғаны қалыптастыру мақсатында мектебіміздегі іс-тәжірибенің алатын орны ерекше.
«Ауылдағы 2 апта» — бүгінгі күні бұл біздің оқушыларымыз баға бергендей, үздік тәжірибелердің бірі. Оған 2017-2018 оқу жылында 8 оқушы қатысса, 2018-2019 оқу жылында қатарымыз көбейеді деген ойдамын. Ауылдардың шалғайда жатқанына қарамастан, ұлттық құндылықтар, біздің шалғайымызда ұқыптылықпен мұраға беріліп жатқан бір отбасында тұрып жатқан үш ұрпақ арасындағы өзара сыйластық қарым — қатынас жүйесі тәжірибеге қатысушыларға адамдарға қалай қамқор болу үшін, бабалар ұрпақтарын іздеп және оларды мақтан тұтқызу бойына сіңірулеріне ықпал етеді. Осы жайлар туралы ауылдан келген балалардың пікірлері куәландырады.
«Ауылдағы 2 апта» әлеуметтік жобаның жоспары
Мақсаты: Ауылдың тұрмыс-тіршілігін таныту арқылы ұлттық рухани құндылықтарды оқушының бойына сіңіру.
Міндеті:
- Ауылдың тұрмыс-тіршілігін білуге бағыттау;
- ауыл тұрмысындағы еңбек түрлерін танып-білуге бағыттау;
- күнделік жүргізу;
- шығармашылық есеп беру;
- мектеп-лицей тәрбие орталығының қорына жинаған ақпараттарды тапсыру, толықтыру. Нәтижесі:
- Ауылдың тұрмыс-тіршілігімен танысады;
- ауыл тұрмысындағы еңбек түрлерін танып-біледі;
- ауыл тұрғындарының еңбек ету үдерісіне араласады;
- өзі танып-білген тұрмыс пен еңбек түрлеріне байланысты күнделік жүргізеді;
- алған әсерімен бөлісіп, шығармашылық есеп береді;
- мектеп-лицей кітапхана қорына жинаған ақпараттарды тапсырады, кітапхана қорын толықтырылады.
№ | іс-шаралар | түрі | мерзімі | қатысушылар |
1 | Мұғалімдерге бағыт-бағдар беру, жобаның мақсатымен таныстыру | семинар | мамыр | Сынып жетекшілері |
2 | «Ауылым алтын бесігім» | сынып сағаты | мамыр | Сынып жетекші, оқушы, ата-ана |
3 | «Менің жазғы демалысым» | дөңгелек үстел | қыркүйек | Сынып жетекшілер, оқушылар |
4 | Шығармашылық жұмыс | байқау | қараша | Жетекші мұғалім, оқушылар |
5 | Жобаларды қорғау. «Ауылдағы 2апта» | Сыныптан тыс сағаты | желтоқсан | Жетекші мұғалім, оқушылар |
6 | «Ауылдағы 2 апта» әлеуметтік жобамен таныстыру | жадынама | сәуір, мамыр | Сынып жетекшілері |
Оқушылардың эсселері
Жеңісова Дамирас
3«Ә» сынып оқушысы
«Ауылдағы 2 апта» әлеуметтік жоба
ЭССЕ
Ауылдан шыққан дейді атам,
Дарынды талант, ұл, қыздар.
Бауыржан сынды батырлар,
Фариза қыздай ақындар…
Жеңісова Дамирас
— Тұра ғой, құлыным! Ауылға барамыз! Таң салқынымен шықпасақ, күннің аптап ыстығына ілінеміз,- деді әжетайым.
— Баланың ұйқысы қансын! — деді атам.
… Мен әжем «ауыл» деген сөзді айтқанда–ақ бірден оянғанмын. Ауыл сондай тамаша! Мен ауылды жақсы көремін!
Ең бірінші сіздермен ауылымды таныстырып өтейін. Машинамен екі сағатқа жуық жүрген соң қара жол бойынан оңға бұрыласыз. Онда «Теңбай» ауылы деген жазуы бар ағаш баған тұр. Көк шатырмен қапталған үлкен әдемі ақ үйді көрсеңіз, сол біздің ауыл. Жанында мал қорасы, жылқы базы бар. Одан әрі жүрсеңіз мая-мая шөпті көресіз. Ол қыстан қалған шөп — біздің қозы, құлыншақ, бұзауқандардың жейтін тамағы. Жазда олар шөпті жемейді. Себебі, көктемде жерден тамаша дәрумендерге толып, түрлі шөптер өсіп шығатын, ол –барлық жан-жануарлардың қорегі, тамағы.
Енді үй жаққа барайық. Сіздің көзіңізге төбесі жабық үйшік түсті ме?!
Ол — құдық. Су таза болуы үшін төбесі жабылған. Міне, үйге де келдік. Сіздерді Қайрат көке мен Мая жеңгем күтіп алады. Олар жақсы адамдар. Біздің ауылдан қысы-жазы қонақ үзілмейді.
Ауылдағы екі апта мен үшін тәжірибе алаңы секілді. Таңертең далаға шыққанда бірден жазық дала, өзеннің жағасы, ұшып-қонып жүрген шағалалар мен су бетіндегі әупілдек, шықылықтаған құстар үні, жайылып жүрген қозы, лақ — барлық сұлулық картинасымен көз алдыңда тұра қалады. Әжемнің үлкен қара қазанға іркітті құйып, үздіксіз қайнататын құртының дайын болғанын көремін. Мая жеңгемнің биеден сауған сүті қымызға айналады, ал сиырдың сүтінің қаймақ пен майға айналу үрдісі менің қызығушылығымды оятумен қатар жүреді.
Ауылда тып-тыныш, өлең шығарып, сурет салуға, кең далада еркін жүгіріп, ән салуға болады. Атаммен еріп өзеннен балық аулау сәтінің куәсі болдым. Осының бәрін «Ауылдағы екі апта» жобасында көрсеткім келеді.
Себебі, болашақ үшін ауылдағы мал шаруашылығында малдан алынатын тамақ өнімдері таза экологиялық пайдалы өнім екенін түсінемін және ел денсаулығына жобам арқылы үлесімді қосқым келеді. Биылғы жазда ауылға жіберген ата-анама алғысым шексіз.
Ерлан Гүлшырын
4 «Г» сынып оқушысы
«Ауылдағы 2 апта» әлеуметтік жоба
ЭССЕ
Қазақ жерінің қай өңірі болмасын өте киелі, қасиетті. Ал, мен үшін ең қасиетті, аспаны ашық ол — атам мен әжемнің ауылы. Міне, сондықтан менің жазғы демалысым ауылда өтті.
Жазғы демалысқа шыға салысымен, үй ішімізбен киелі Ұлытау өңіріне жолымыз түсті. Ұлытауда өткізген бір аптада «Хан ордасы», «Кененбай» демалыс орталықтарын көру бұйырды.
Ұлытаудың аспанмен астасқан таулары, сол таудың етегінен сарқырап аққан мөлдір суы, жап-жасыл табиғаты, әрбір тасы делік, біздерге жақсы әсер қалдырды. Ұлытаудың табиғатын бір күн, бір түн емес, өмір бойы жырлап өтсең де аз болмас. Ұлытаудан түлеп ұшқан ақын атамыз Жүрсін Ерманов ауылын қимай:
Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің,
Ұран ілер басыңа бұлт ілмеген
Ұлынды ойла
Бауырын бүтін бар дейсің, бұл күнде кім…
— деп жырлағандай, біз де қимастықпен қайттық.
Ұлытаудан Алғабастағы нағашыларыма жол тарттым. Алғабасқа кіре бере, ағып жатқан өзені, тұсты ағаштары, жап-жасыл жерге жайылған кілемдей көгалы қандай керемет десеңізші!
Міне, осылай менің демалысым өте қызықты, әсерлі өтті.
Әуезхан Ерасыл
4 «Г» сынып оқушысы
«Ауылдағы 2 апта» әлеуметтік жоба
ЭССЕ
Асыға күткен жазғы демалысымыз да келіп қалды. 3-сыныпты аяқтаған кезде, бізге жазғы демалыста үй жұмысы ретінде «Ауылдағы 2 апта» тәжірибесінен өту тапсырылды. Тәжірибені жазғы демалысымның 14 күнін анамның кіндік қаны тамған жері, яғни Мыңшұңқыр ауылында өткіздім. Ол жақта менің нағашыларым тұрады.
Ауылдың өміріне келетін болсам, әрбір адамның бір-біріне деген мейірімі өте зор. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді. Маңайы жасыл желектер. Атам-әжем, төрт түлік мал, үй құстары — кәдімгі ауылдың тіршілігі.
Ауылда мен демалып, бір жағынан өз үлесімді қостым. Нағашы көкеме мал шаруашылығына, яғни малға шөп салып, су бердім. Әжеме бие саууға, қымыз ашытуға көмектестім. Көкем мен әжем мені ауылдың тіршілігімен ғана таныстырып қоймай, ауылдың шет жағасындағы әсем жерлерге апарды.
Нағашым ауылында төрт түліктерінен қымыз, құрт, айранды өздері өндіреді. Ауылда табиғи тамақтардың бәрі бар. Осындай табиғи тамақтармен қоректенетін адамдардың денсаулықтары анағұрлым жақсы, сонымен қатар суының тұщылығы өте тамаша. Ол жақта ауыз суды құдықтан ішеді. Жерді өздері қазып, 6 м-ден су шығарған. Ауыл адамдардың еңбекқорлығына қарап тамсанамын.
Ауылдың ауасы мен жазиралы даласы өте ғажап. Ауылдан алған тәлім-тәрбие мен рухани құндылықтар өте көп деп ойлаймын. Өйткені ауылды жерде ата бабамыздан дәуірінен келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптар көп сақталған. Мен осындай аулыммен мақтанамын.
Ой-пікірлер
Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев интеллектуалды мектебі» шәкірттері «Ауылдағы екі апта» тақырыбында әлеуметтік жобалары мен экспедицияларын таныстырды. Оқушылардың қорғаған жобалары ел азаматтарын да сүйсінтті. Дарынды балалардың талабына таң қалған қалалық мәслихат депутаты Шалқыма Құрманалина бірегей оқу орнының қызықты жобаны дамытуға қолдау қажетін атап өтті. – Халқымыз «жақсыдан үйрен» дегенді бекерге айтпаса керек. Міне, «Назарбаев мектебінің» шәкірттері осындай ұстаныммен жұмыс істей отырып, адамзат көшінде өзінің мүлде жаңа сүрлеуін салды, – деді депутат.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан» басылымына ұлттық идеологияның басылымдықтарын айқындайтын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады.
Елбасы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты — ұлттық кодты сақтай білу» дейді. Ал ұлттық кодты сақтау балаларымызды тәрбиелеуден басталады дер едім. Біз осы мақаладан тәрбие мәселесіне айқын әрі нақты бағдар алып отырмыз. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде іске асырылып жатқан «Ауылдағы екі апта» әлеуметтік жоба алдағы уақытта жаңа мазмұнмен толықтырылатын болады, -деп «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова «Егемен Қазақстан» газетінде өз мақаласын жариялады.
«Әлеуметтік жобаға көңіл бөлсек» деген тақырыппен Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәрбиешісі Бағдат Әбілов былай деп жазыпты: Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларға арналған түрлі әлеуметтік жобалар бар. Соның бірі- «Ауылдағы екі апта» атты жобасы. Ол бойынша оқушылар өзінің туған ауылына барады. Ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындардың күйбең тірлігіне қолғабыс етеді. Келген соң оқушылар ауыл жайлы өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, шағын эссе жазады. Ауылға деген ыстық ықыластарын арттыру мақсатында ұйымдастырған жобаға ата-аналар да қолдау білдірген.
Қорытынды
Қазақ елінің болашағы жалынды жас ұрпақтың қолында. Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған ұлан-байтақ жеріміз, келешек ұрпаққа үлгі өнеге болар салт-дәстүріміз, қашанда елімен бірге өмір сүретін ғажап тіліміз бар. Бірнеше ғасырлар бойы ұрпақтар сабақтастығы нәтижесінде қаны мен жаны қазақ еліміздің әрбір азаматы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін бойына сіңіріп келеді. Әрбір азаматтың патриоттық сезімін ояту, қалыптастыру біздер үшін – қуатты күш, қосымша инвестиция. Оның негізінде рух, намыс жатыр .
Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа əлем. Бүгінгі күні жобалар ағымы өте көп. «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» деген Елбасымыздың сенімін жүзеге асыруда еңбектенудеміз.
Алшынбаева Аида Темирхановна,
Қ.И. Сәтбаев атындағы
№7 мектеп-лицейінің бастауыш сынып
мұғалімі,
Жезқазған қаласы
Библиографиялық тізім
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2014 жылғы 11 қараша.
- Тәрбие жұмысы жүйесінің негізгі бағыттары. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Астана, 2011.
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2015жылғы 15 қараша.
- 4. «Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Астана, 2012 жыл
- «Егемен Қазақстан». Астана, 2017жылғы 24 сәуір
- «Ақмешіт жастары». Қызылорда, 2016 жылғы 25 қараша