Home » Ашық сабақтар » Ауылдағы адам еңбегі

Ауылдағы адам еңбегі

А.Хансолтан

Астана қаласы, Н.Әбдіров атындағы

№33 «Балабақша-бастауыш мектеп»

 кешенінің тәрбиешісі

Білім саласы: таным.

Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты: 1. Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыруды жалғастыру, ауыл еңбегі туралы түсініктерін бекіту, ауылдағы басты еңбек түрлерін ажырату (егінші, малшы, бағбандар).

  1. Жыл мезгілдеріне қарай еңбек түрлері және қолданылатын техника құралдары жайлы білімдерін дамыту.
  2. Ауылдағы адам еңбегін құрметтеуге баулу, барлық мамандық маңызды және құрметті екенін саналарына жеткізу.

Көрнекіліктер: демострациялық материалдар, егінші, малшы, бағбанның суреттері, печенье, құрт, алма, көйлектің суреттері, слайд.

Оқу іс-әрекетінің барысы.

Балалар музыка әуенімен музыка бөлмесіне кіреді.

Шаттық шеңбер.

Армысың Алтын күн!

Армысың Жер-Ана!

Армысыздар қонақтар!

Армысыңдар достарым! (балалар орындықтарға барып отырады)

Сұрақ-жауап

— Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)

— Бір жылда неше мезгіл бар? (төрт мезгіл бар)

— Бүгін аптаның қай күні? (бейсенбі)

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей!

Осы мақалдың мағынасы қандай?

Еңбек еткен адамның ырысы мол болады, яғни еңбек еткеннің арқасында тамағы тоқ болып жүреді.

Балалар тапсырманы орындау үшін үстелдерге отырады. Жеке жұмыс.

Тапсырма. «Еңбек құралдарын тауып, белгіле»

Әже: Тамаша! Еңбек құралдарын бәрің де дұрыс тауып белгілепсіңдер.

Тәрбиеші: Әже, мінекей бііздің балалар барлық тапсырмаларды орындап шықты. Енді сізге арнап ауыл туралы тақпақтарын айтып берсін.

Дария:

Ауылым — алтын бесігім,

Жүрегім жырым сенікі.

Кеңісті далам кең далам,

Тудым, өстім, есейдім.

Сәуірбек:

Мал қайтару бір ойын,

Қолғанат болағн балаға.

Тоңам деп үйде тығылмай,

Бел буып шық далаға.

Шаһмардан:

Қос қолың салып қалтаға,

Бос жүрген жанды таппайсың.

Күзгі ауыл абыр-сабыр

Еңбексіз елге жақпайсың!

Әже: Жарайсыңдар, балалар! Рахмет! Балалар, сендерге риза болып отырмын. Тапсырмаларды өте жақсы орындағандарың үшін мен сендерге тәтті бауырсақ акелдім (бауырсақ  береді де, Әже кетеді).

Балалар көздерін жұмып, музыка әуенімен балабақшаға оралады.

Қорытынды.

— Балалар, біз бүгін қайда бардық?

— Бізге қонаққа кім келді?

— Бағбан, егінші, малшы – олар кімдер?

Күтілетін нәтиже:

Ауыл еңбегі мен қала еңбегі арасындағы айырмашылықты анықтайды, ауыл еңбегі туралы жалпы білім алады.

Түсінеді: жыл мезгілдеріне сәйкес еңбек түрлері егінші, малшы, бағбан сияқты еңбек адамдарының еңбегі туралы білімді.

Қолданады: ауыл адамдарының еңбегін бағалауды үйренеді, дастархандағы тағамның үстеріне киетін киімнің қандай жолмен келгенін біледі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.