Home » Ашық сабақтар » Аустралия материгінің географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Аустралия материгінің географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Аустралияның географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бетінің сипатын, табиғатын түсіндіріп, оның тарихын, экономикалық, экологиялық жағдайлары туралы білімдерін толықтыру.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау. Аустралияның зерттелу ерекшелігін, қасиеттерін, даму ерекшеліктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және саралап, деңгейлеп оқыту арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ғылыми деректерге сүйене отырып, өсіп-өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға, ұлтаралық сыйластыққа, шындыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, саяси карта, атлас, кескін карта, оқулық, қосымша оқулықтар, интерактивті тақта, плакаттар.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,топтастыру,ББҮ.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.
А) Сәлемдесу;
Ә) Түгелдеу;
Б) Топқа  бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Конго қазаңшұңқыры мен Гвинея шығанағы жағалауын алып жатқан: ергейжейлі бегемот,антилопа,горилла,цеце шыбыны мекендейтін табиғат зонасы? (Ылғалды экваторлық ормандар)

2. Сахарадағы тасты шөлдерді жергілікті халық не деп атайды? (Хамада)

3. Оңтүстік Африканың Атлант мұхиты жағалауында орналасқан шөл? (Намибия)

4. Мадагаскарда шағын денелі маймылдардың ерекше тобын құрайтын лемурлардың неше түрі мекендейді? (26)

5. Африканы айнала жүзіп, Үндістанға баратын жолды ашқан атақты португал адмиралы? (Васко да Гама)
6. Замбези өзеніндегі атақты Виктория сарқырамасын ашқан ағылшын саяхатшысы? (Д.Ливингстон)

7. Африканың фосфорит өндіретін ел? (Марокко)

ІІІ.Топтық жұмыс

1. Географиялық орны.

2. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

3. Зерттелу кезеңі.

(Биллем Янсзон. 1606ж –Голландиялық Дуивкен атты кемесінің капитаны Б.Янсзон Австралияны ашады. 17ғ голландиялықтар дүниежінің картасына аустралияның батыс және солтүстік жағалауларын Жаңа Голландия деп енгізеді.
Дж Кук.
ХҮІІІ ғасырдағы ағылшынның атақты теңізшісі. Ол оңтүстік материк (Австралия) жағалауын, Үнді мұхитын зерттеп, көптеген аралдар ашты. Кук 1728 жылы Йоркшир ауданында туған.
1770ж Дж Кук Аустралияның шығыс жағалауын ашады. Ол оны Жаңа Оңтүстік Уэльс деп атайды. Оны Ұлыбританияның жері деп жария етеді.)

«Полиглот» ойыны

1. Қаласы бар үйі жоқ,
Өзені бар, суы жоқ,
Орманы бар түбі жоқ,
Бақшасы бар, гүлі жоқ.

Карта –карта-map[map]

2. Күні — түні жүйткиді,
Кең далада бір тарлан                      (Жел-ветер-wind [wind])

3. Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың                               (жаңбыр-дождь-rain[rein])
4.Аузынан жалын атқан

Күл мен бу шашып жатқан

Төгілген сұйық нәрсе

Тас болып қатып жатқан.      (Жаңартау –вулкан – volcano[volkeinou]

5. Жан-жағы су болып жатқан,

Ортасы ну болып жатқан.                    (Арал- остров – island[ailand]

6. Нұры салқын,өзі жарық

Шалқалап жүзген қайық.                     (Ай – луна — moon)

7. Дауыл дәнді ұшырып, шарлар жауды аспаннан

Шекемізді ісіріп, қаштық үйге сасқаннан.        ( Бұршақ- град – hail [heil])

8. Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады.                 ( Бұлт-облако-cloud [klaud])

V. Картамен жұмыс.

VI. Бекіту. ББҮ. Видеоролик көрсету.

VII. 1.Бағалау.

         2.Үйге тапсырма. Аустралия материгіне сөзжұмбақ құрастыру.

Алтаева Жансая Сеиткасымовна,

З.Х.ФУРҚАТ АТЫНДАҒЫ №37 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ,

ОҚО.ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.