Оқу іс-әрекеті: «Әлеуметтік орта »
Білім беру саласы: «Қоршаған орта»
Мақсаты: Ауа туралы ұғымды түсіндіру, табаиғат қамқоршысы бола білуге үйрету. Ауаның табиғатта адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру. Оның қасиеттерін анықтап тәжірибе жасату. Таза ауаны ластамауға оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдары: Суреттер, слайд, үнтаспа, салафан, үлгі сурет, сөздік жұмыс. т.б керекті құралдар.
Бинингвальды компонент: Ауа-воздух, тәжірибе-эксперимент.
Сөздің жұмыс: Ауа, тәжірибе, өлі табиғат, тірі табиғат.
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиеші: Балалар бүгін ерекше күн. Бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қанекей балалар, бір-бірімізге таңғы жылы лебіздерімізді білдірейік!
Балалар (күн, ай, жұлдыз, тау, гүл, құс, су,бұлақ ) бейнеленген суретті қалаулары бойынша таңдап алады. Суретке байланысты бір-біріне тілек айтады:
Мысалы: тау бейнеленген суретті ұсына отырып: «таудай биік бол!» күн бейнеленген суретті ұсынып: «Күндей жарқын бол!» деп айтуға болады.
Ұйымдастырушылық ізденушілік.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен ойын ойнап алайық.
«Тамаша » ойыны
Ойынның шарты: балалар тәрбиешінің қойған барлық сұрақтарына, бір – біріне бас бармақтарымен көрсете отырып, «Тамаша! » деп жауап береді.
- Балалар көңіл күйлерің қалай?
- Балалар біздің топқа қонақ апайлар келіп отыр, балалар сендерге апайлардың қонаққа келгені ұнай ма?
- Ал апайлардың көңіл-күйі қандай екен?
Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар! (өлі табиғатпен тірі табиғаттың суреттерін экранда көрсету)
- Өлі табиғатқа нелер жатады? (ауа, тас, су т.б )
- Тірі табиғатқа нелер жатады? (құстар, жан – жануарлар, өсімдіктер тб )
Сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр.
А) Өмірде одан басқа мол ештеңе болмайды
Құшақтасаң құшағың толмайды. (ауа)
Б) көзге көрінбейді
Жұтсаң білінбейді (ауа)
- Балалар менің сұрақтарыма мүдірмей жауап бердіңдер. Олай болса саяхатқа шығып таза ауамен дем алып, сергіп қайтайық. Ну ағашы көп жасыл желекті орманға балалар поездбен барады,
- Балалар нені сездік?
- Таза ауаны. (балалар мұрын арқылы терең тыныс алу жаттығуларын жасайды)
- Адамдарға ауасыз тіршілік жоқ.
Рефлексивті коррекциялаушы
- Балалар айналадан нені байқадыңдар?
- Ауаны көреміз бе?
- Ауа көрінбейді иіссіз, түссізболады. Ауасыз барлық адамдар, жануарлар, тіршілік иесі өмір сүре алмайды. Оны көре алмаймыз, қолымызбен ұстай алмаймыз.
Сергіту сәті:
Күн ұйықтайды, күн оянады.
Ауа райы бұзылады, жел тұрады.
Найзағай ойнайды жаңбыр жауады.
Жаңбыр қатты жауады, жаңбыр басылады.
Күн тынышталады, күн ашылды,
(Ауамен іс-тәжірибе жасатады)
- Тәжірибе Әр баланың алдында бір салафаннан беріледі. Салафанды үрлеп ауаға толтырады. Ауаны шығарып тәжірибе жасайды. ( Бақылайды)
- Тәжірибе Майшамды жағып біреуіне ыдыс төнкергенде ауаның жоқтығынан өшіп қалатынын дәлелдеу.
- Тәжірибе көбік шығаратын ойыншық арқылы көпіршік шығару жолымен ауада қалқып жүруін бақылау.
Ойын: «Көпіршікті ұста»
Рефлексивті коррекциялаушы
Сұрақ жауап арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылау.
Белсенді қатысқан балаларды мақтау, мадақтау
Тәрбиеші: Әрқашан көңіл-күйлерің осындай көтеріңкі болғанын қалаймын. (көңілді суреттер сыйлау)
Қорытынды: Балалар орманда табиғатта көрген, білгендерін қағаз бетіне түсіреді.
Күтілетін нәтиже
Нені білуі керек: Табиғат жанашырлары бола білуі керек.
Нені игеру керек : Ұжымдық іс-әрекет көрсетеді
Нені меңгереді : Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оның әсемдігін терең түсіне білуі керек.
Джубанова Жазира
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Болашақ» бөбекжайының
тәрбиешісі