Home » Поэзия » Атырауым

Атырауым

Арқалы Атыраудың  байлығысың сарқылмас

Сен десе туған жерге ән мен жырым таусылмас

Тұнығың терең, самалың нәзік ақ еркем,

Шетке кетсем саған деген сағынышым басылмас.

Қағаз бен қалам қолыма алып сыр шертем,

Ақ сазан- алтын, күмісің сенің –көксеркең.

Жағаңда желек, сырласып тұрған талдарың,

Табиғатпенен үн қатып, көрсем үндескен.

Толқыны соғып, тербеткен елдің қайығын,

Айналдым сенен арудай аппақ Жайығым.

Кемерің кеуіп қалмаса екен құм болып,

Қағазға жазып жеткізем шындық уайымын.

Жағаңда ойнап, шоршыған балық, сазаның.

Ортаймасын деп несібесімен қазаның.

Ақ Жайық деген-аққулы мекен шұрайлы.

Тартпаса екен Аралдың көрген азабын.

Лүпілдеп соғып, кеудемде бала жүрегім.

Жайығым сені өлкем деп мәңгі жүремін.

Қойнауың байлық, тұнығың елге сусын боп,

Атырау жерін көркейтем мәңгі тілегім.

Ақайша Рахметова

 Атырау қаласы,

 Химия-биология  бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

11 «А» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.