Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) » АТЫРАУДА МҰҒАЛІМДЕР ҚҰРАМЫНАН ЕРІКТІЛЕР ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ

АТЫРАУДА МҰҒАЛІМДЕР ҚҰРАМЫНАН ЕРІКТІЛЕР ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұстаз-Ерікті» клубы өз жұмысын бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еріктілер жылын қолдауға бағытталған бастамаға атыраулық ұстаздар үн қосты. Олар Балықшы-Жұмыскер көпірінің маңында сенбілік ұйымдастырып Жайық жағасын қоқыстардан тазартты. Шараға мұғалімдермен бірге мектеп оқушылары, ұстаздардың отбасы мүшелері де атсалысты. Бұл сенбілік елімізде бастау алған «Бiрге – таза Қазақстан» экологиялық акциясын және Атырау қаласы әкімдігінің санитарлық-тазалық айылығын қолдауға бағытталған. Бір сағатқа созылған сенбілікте Жайық жағасы жалпы көлемі 1 тоннаға жуық қалдықтардан тазарды. Кейін қоқыстар қайта өңделу үшін AtyrauEco қоғамдық бірлестігіне берілді. Осылайша Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері AtyrauEco қоғамдық бірлестігінің «Тазалық Сағаты» акциясына да үлес қосты.

  • Мектебімізде құрылған ұстаздардың еріктілер клубында шамамен 20-ға жуық мұғалім бар. Болашақта олардың саны әлі де толығады деген үміт зор. Жалпы Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардың «Ықылас» тобы жұмыс істейді. Енді аталған еріктілер клубына ұстаздар да демеу болмақ», — дейді Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Айтолқын Төлешова.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.