Home » Ашық сабақтар » АТМОСФЕРА

АТМОСФЕРА

М.Хамраев атындағы
ЖББ № 150 мектептің география пәні
мұғалімі Имашев Мухидин

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:
«Атмосфера» тақырыбы бойынша оқушылардың білім-біліктерінің меңгерілуі және мүмкіндік деңгейін анықтау. Оқушылардың атмосфера үнемі өзгеру үстінде екендігі жайлы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырып, олардың білімдерін жүйелеу және қорытындылау.
2 .Түзету:
Дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.
3. Тәрбиелік:
Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тэрбиелеу. Халықтық Этнопедагогика элементтері арқылы ұлттық сана-сезімдерін ояту.
Сабақтың оқу көрнекіліктері:
Жарты шарлар картасы, атмосфераның құрылысы және ауаның ластануы көрсетілген плакаттар, қанатты сөздер, үлестірмелер,  «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің суреті, атмосфералық құрал-жабдықтар суреті.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ типі, ертегі-сабақ түрі.
Сабақтың әдістері: жекелей, топтық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар, мақал-мәтелдер, халықтық болжамдар айту, жұмбақ шешу, шығармашылық тапсырмалар, ойын, сарамандық жұмыстар орындау.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Дүниетану — 3-4 кл., жаратылыстану — 5кл., математика, сурет (бейнелеу өнері), әдебиет.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Сәлемдесу: (слайд №1)

Ирадә: Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,

Сәлеменен сөз бастаған халқымыз.

Аман-есен жүрмісіздер жалпыңыз,

Армысыздар, жиналған жұрт халқымыз.

2-ші сынып оқушылары: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,

Бармысыздар, жігерлі дос-құрбылар.

Топтастарым сәлем бердік бәріңе,

Бас иеміз сәлем беріп иіле.

Слайд: (жұмбақ)

Слайд: «Атмосфера тарауын жинақтау,қорытындылау»

Мұғалім : сабақта «Атмосфера» тарауынан алған білімдеріңді қорытындылаймыз

Абдулжан: Бүгін сабақ атмосфера туралы,

Ауа бізге өмір сыйлап тұрады.

Әр оқушы шындап білім алатын,

Білу керек атмосфера қабатын.

Үй жұмысын сұрау: Слайд: (Үй жұмысы) Мұғалім: (шығармашылық бағытта берілген тапсырмалар)  1-ші топ-сурет салу. Шығармаларын оқиды Нигара, Сахинур, Гулистан   2-ші топ-шығарма жазу. Алина: Асқар  таудың ауасы-аурудың дауасы. Ауа-ана

Жер шары үлкен әлем, қоршаулы ауамен. Ауасыз кім шыдар, ауасыз тұншығар.

Расул 3-ші-топ — нақыл сөздер айту.

Расул: Ауа – өмір ырғағын жасап тұрған құдіретті нәрсе. Ауа өмір тынысы.

Видео:  Ауаның ластануы

Мұғалім: Ежелден ата-бабаларымыз ауаны ластау қылмыс деген екен. Ең қымбат нәрсе ауадай қажет деп саналған. Халық ауаны қымбаттың қымбатты деп есептеген.

Мұғалім: Балалар, бүгінгі күнді, тақырыпты дәптерімізді ашып жазамыз. Слайд: Сабағымызды бәріне белгілі «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісімен талдаймыз. Ал біздің кішкентай көмекшілеріміз талдауға өз үлестерін қосады.

Сабақ барысы:
Ертеде Мақта қыз бен мысық тату болыпты. Бір күні Мақта қыз үй сыпырып жүріп, мейіз тауып алады. Мысықты шақырады. Мысық келмеген соң өзі жеп қояды. Мысық келіп неге шақырғанын сұрайды. Қыз: «Келмеген өзіңнен гөр, мейізді өзім жеп қойдым»- дейді. Мысық ашуланып Мақта қыздың қатығын төгеді, қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық: -Апа, құйрығымды жалғап берші! Мақта қыз: — Қатығымды төле!- дейді. Мысық сиырға келеді. Қатық сұрайды.  Сиыр: «Бүгін күн қандай тамаша! Біздің планетамыз сондай жұмбақ планета. Күн жүйесіндегі тіршілігі бар жалғыз планета. Оны қоршап жатқан ауа қабатының қандай екендігін білгім келеді. Мысық, сен соны маған түсіндіріп берші!» — дейді.
Оқушылардан мысыққа көмектесулерін сұраймын. Тақтаға 3 оқушы шығып атмосфера қабатының қасиеттері туралы тәжірибе көрсетеді. Оқушылар слайдтағы сөздерді дәптерге түсіреді.

 Слайд: Турсунай: Атмосфера қабаттары туралы айтады:
Сиыр: — Мен қатық даярлап қояйын, сен маған азық әкелесің, — дейді. Мысық ағашқа барып, жапырағын сұрайды.
Ағаш:  — Мен құрғап кеуіп түрмын. Бүгін күн тым ыстық! Аспанда бұлттың қандай түрлері бар. Бүгін жауын шашын бола ма? Болжап берші! Мысыққа оқушылар көмек береді.

Мұғалім: Балалар, қане мысыққа көмектесіп бақылау күнделігімізді ашып күнді бақылап жазайықшы. Бұлттың қандай түрлерін білеміз?

Слайд: (шарбы бұлт — Настя, бұдақ бұлт — Алина, қабат бұлт — Паша)

Мұғалім: Ауа райы туралы халықтың болжамдарынан мысал келтіреміз

Слайдтар (жануарлардың суреттерімен, дауыстарымен)

Пашахан: Қарғалар топтасып қарқылдаса, ауа-райы бұзылады.

Нигара: Ит пен мысық иіріліп жатса, жауын-шашын болады.

Дильбар: Жылан жиі-жиі бой көрсетсе, жауын-шашын жауады

Аблимит: Қыста қаздар қаңқылдаса, жылы болады.

Алина: Жылқы ішін тартса, ауа-райы бұзылада.

Балықтар су бетіне шығып, шоршып ойнай бастаса — жауынның белгісі.
Ағаш: «Бүгін жаңбыр жауа қоймас, сен маған бір шелек су әкеп құйшы»-дейді. Мысық қыздарға келеді. Қыздардан су сұрайды. Қыздар одан көңілдерін көтеруді сұрайды. Олар ойын ойнайды.

«Қыз қуу»

Мұғалім: Анықтамаларды тап:

Атмосфера-

Бриз-

Муссон-

Климат-

Гидросфера-

Тропосфера-

Гигрометр-

Термометр-

Барометр-
Мақал-мәтелдердің  жалғасын тап
.
1.Батыр туса  ̶  ел ырысы
Жаңбыр жауса  ̶  жер ырысы.
2.Бүгін қар — ертең нәр
3.Батаменен ел көгерер
Жаңбырменен жер көгерер
4.Бұлт қайда орналса
Береке сон да шөгеді.
5.Сәуір келсе, күн күркірер,
Күн күркіресе, көк дүркірер.
— Жарадың, мысық! Біз суға барып су алып келейік. Сен бізге тәтті-дәмді сыйлық даярлап қой, — дейді қыздар. Мысық дүкеншіге келеді. Дүкенші сағыз, шоколадтарды сатып алу үшін деңгейлік тапсырмаларды ұсынады:
4. Деңгейлік тапсырмалар.
/-деңгей-сағыз-үлкен чупа-чупс
//-деңгей-орташа чупа-чупс
///-деңгей-кішкентай чупа-чупс .
1-ші деңгейлік тапсырмалар. Ислам, Жанель
Тәуліктік орташа температураны табыңдар:
1) Сағат 10.00. -(+12° С),сағат 13.00.-(+17 °С),сағат 19.00.-(+15 °С) Шешуі: TOt 0С=(12С+17С+15°С ):3=14,5°С
2) Жылдық орташа температураны табыңдар:
Айлар қ A Н С М М Ш Т қ қ қ ж ЖОt0С
t°C -24 -20 -8 10 13 18 24 21 12 -8 -6 -13 19С
Шешуі: (-24-20-8+10+13+18+24+21+12-8-6-13): 12 =

2-ші деңгейлік тапсырма:Паша, Анель, Настя
«Шешуші сөздер» берілген. Көмекші сөздерін табу керек. «Бұл не?» ойыны. 1) Оттегі, азот, көмірқышқыл газы (әр түрлі газдардың қосындысы) Ауа
2) Бұрылыс, өзгеріс (Атмосфераның төменгі қабаты) Тропосфера
3) Қандай бұлттан жаңбыр жаумайды? (шарбы)
4) Адамның алақанына неше килограмм салмақ түседі?(150)
5) Теңіз жағалауында соғатын жел (Бағытын тәулік ішінде екі рет өзгертеді) Бриз.
6) Құрылық пен теңіз арасында соғатын жел (жыл ішінде ауысып тұрақты соғатын жел) Муссон.
7) Бұлттың негізгі 3 түрі

8) Жауын-шашын немен өлшенеді? (мм)

9) Көктемдік күннің теңелуі қай күні болады? 22-ші наурызда
III-ші  деңгейлік тапсырма

Өлшейтін құралдарды ата:

Слайд: (термометр, шаш гигрометрі,қар өлшеүіш, барометр)
Мысық тауыққа келеді. Тауық жұмыртқаны алу үшін тапсырмаларды орындауды сұрайды. Жұмыртқа суретінде  тапсырма бар:

Дәптермен жұмыс жасау.

Слайд:Сәйкесін тап:

Атмосфера

Тропосфера

Азот

Көмірқышқыл газдары

Оттегі
Тауық: «Маған бір уыс тары алып келіп берші», — дейді. Мысық не істерін білмей аңырап тұрса , інінен шығып келе жатқан тышқанды көреді. Тышқанды шап беріп ұстап алып, «Үйіңде не бар?»  — деп сұрайды.Тышқан: «Бір уыс тары бар» — дейді. «Бірақ мен кішкентаймын, жел тұрып ұшырып әкетсе қайтемін»- дейді. Мысық: «Қорықпа, ауа райын хабарлағанда бүгін жел болмайды. Мен саған жел кестесін сызып әкелдім, соны талдап берейік» дейді Слайд.
6. Оқушылыр дәптерге жел кестесін сызып талдайды.

Ислам тақтада жел кестесін сызады,төменгі көрсеткіштер бойынша:

С-7,  СШ-8, Ш- 6, ОШ-5, О-3, ОБ-6,  Б-2,  СБ-4.
VIII. Сабақты бекіту. Балалар осы құстар атмосфераның қай қабатымен ұшады? Кім айтады?

«Құтты құс». Құстардың суретінің ішінен қарлығаш құсының суретін алған бала сабақты қорытындылайды

Ертегіні аяқтау. (Мысық әуенмен билеп жүріп, жануарларға қалағанын береді).
IX . Бағалау. Ал, балалар, сендер де мысық пен бірге қаншама тапсырманы орындадыңдар. Енді сендердің еңбектеріңді бағалайық.
X. Үйге тапсырма. Тарауды қайталау. Тест сұрақтар

8.Атмосфера тарауына арналған диктант
Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал….      (барометр)
23,5° с.е. пен 23,5°  о.е. параллельдері …. деп аталады.  (тропиктер)
3. Жылына бағытын екі рет өзгертетін жел… .    (муссон)
4….. салыстырмалы ылғалдылықты өлшейді.   (шаш гигрометрімен)
5. Бұлттардың аспанды торлауы … деп аталады.  (бұлттылық)
6. Атмосфералық жауын – шашын … түрде кездеседі.  (қатты және сұйық)
7. Жер шары … жылу белдеуіне бөлінеді.      (бес)
8. Бриз сөзі … деген мағына береді.       (жеңіл жел)
9. Қалыпты атмосфералық қысым … тең.   (760 мм сынап бағанасына)
10. Ауа температурасы әр 100 метрге биіктегенде …. төмендейді. (0,6°)
 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.