Home » Ашық сабақтар » Атекеева Сағадат. Сиқырлы доптар

Атекеева Сағадат. Сиқырлы доптар

 

Атекеева Сағадат Бейсембекқызы,
Алматы облысы,Сарқан ауданы,
Екіаша ауылы «Балдәурен» балалар
бақшасының тәрбиешісі

 

 

 

 

Мақсаты: балалардың әртүрлі доптар туралы және оларды спортта қолдану туралы білімдерін жалпылау;

Балалардың қимыл қабілеттерін жетілдіру;

әртүрлі доптарды меңгеру  техникасын бекіту;

балалардың ептілігін, үйлесімділігін, шапшаңдығын, көз мөлшерін дамыту;

ұжымшылдық және өзара көмек сезімін тәрбиелеу; мектеп жасына дейінгі балалардың жағымды көңіл күйін қалыптастыру.

Жүргізуші:Барлық ұлдар мен қыздарды,сонымен бірге біздің қонақтарымызды  өте қызықты әрі спорттық мемлекетке шақырамын, ал онда кімнің өмір сүретінін-жұмбақты шешесіңдер, білесіңдер:

Бала біткен соғады,

Жеңіл шарды домалақ.

Ұрсаң ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап.

Балалар: Доп!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл доп! Біздің сиқырлы еліміздің қожайыны-Ұлы Мәртебелі Допты қарсы алыңар!

Музыканың сүйемелденуімен Доп кіреді (Доп костюмін киген апай..)

Доп.

Домалақпын, домалақпын мен,

Бүйірім шымыр болып келемін.

Жалықпаймын еш секіруден,

Бұлтқа дейін әуелеп жетемін!

Өмір, әрине, оңай емес:

Үнемі бүйірімнен тебеді,

Соққыларға мұңаймаймын еш,

Осы күйімді сақтағым келеді.

Жатқызбаңдар мені көп,

Олай болса, кетемін қашып.

Ойна,қане бүйірімнен теп!

Таптыңдар ма? Ол…доп анық!

Жүргізуші: Балалар,доп-балалардың сүйікті ойыншықтарының бірі. Сондықтан ол көптеген өлеңдердің кейіпкеріне айналды. Ендеше,Ұлы Мәртебеліме өлең оқып берейік!

1-ші бала

Менің көңілді, сыңғырлаған добым,

Қайда кеттің домалап?

Қызыл, сары, жасыл, қоңыр…

Қазір, аламын сені ұстап!

2-ші бала

Біздің Таня жылап тұр:

Добын өзенге құлатты.

Тыныш, Таня жылама…

Қазір ұстап аламыз допты.

3-ші бала

Түрлі-түсті  добымыз,

Домалап  бара  жатыр.

Секіреді, сынбайды,

Секіруден еш тынбайды!

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Ал сендер доптың өте ерте кезде пайда болғанын білесіңдер ме? Басында допты шөптер мен пальма жапырақтарынан тоқыса, кейіннен ағаш жемістері мен жануарлардың қылдарынан тоқыған. Кейінірек жануарларың терісінен тіге бастады, ал соңында резеңкеден дайындауды үйренді. Енді бұл өте әйгілі спорттық жарақ. Доп спорттың қандай түрлерінде қолданылады?

Балалар: Доппен футбол, баскетбол, волейбол, регби ойнайды.

Жүргізуші: Балалар, бүгін бізді сиқырлы әлемде доппен өткізілетін сайыстар мен ойындар күтіп тұр.

Спорт алаңына бізді

Шақырды көңілді добымыз,

Достық орнауы үшін ізгі

Мәңгі бірге болады жолымыз.

Доп. Кез келген сайыстар ширатудан басталады. Ал оны орындауға менің досым көмектеседі. Ол кім, қане, табыңдаршы?

Апам демдеп пісірген,

Қызыл күрең, дәмді-ақ.

Шықпай қояр түсіңнен,

Біраз жемей сағынсақ.

Ол не?

Балалар. Бауырсақ!

Бауырсақ кіріп, балалармен және қонақтармен амандасады.

Бауырсақ. Мен-көңілді Бауырсақ,

Балалар, доспын сендерге мен.

Келіп тұр қатты білгім-ақ,

Ойнай білесіңдер ме доппен?

 «Кенгуру »

Эстафетасы

Мәреге дейін конусты айналып, допты қолымен алға қарай дөңгелетеді.Кері қарай тізеге допты қысқан күйі қос аяқтап секіру.

Жүргізуші:

Добым менің домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің.

Тәрелкені сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмыз сені тепкілеп.

«Қарбыздар»музыкалық ойыны

Музыка ойнап тұрғанда команда мүшелері жасыл түсті допты барынша көп жинауы тиіс.

Жүргізуші:

Біздің көңілді мерекеміз,

Әлі аяқталмады,

Ойынды, көңіл көтеруді жалғастырамыз.

Көрсетіңдер батылдықтарыңды,

Тек осылай нәтижені арттырамыз!

Доп.

Отырайық, армандайық,

Бір-бірімізге жұмбақ жасырайық.

Жүргізуші:

Таба алмай оң менен солыңды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сілтер көрсетіп жолыңды,

Шығысқа,

Батысқа. (Компас)

Тепсең-ақ секіріп,

Ұстатпай қашады.

Бір жерге бекініп,

Тұра алмай сасады. (Доп)

Қос әйнектен қарасаң,

Көз алдыңда тұрады.

Алыстағы орасан. (Дүрбі)

Доп.

Қане,шеңберге тұрыңдар,

Доппен ойын ойнаңдар.

«Доппен ойнау»

Музыкалық ойыны

Әннің бірінші бөлігінде балалар допты жоғарыға лақтырады, ал екінші бөлігінде-доппен жерді соғады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер барлық тапсырманы орындадыңдар! Тапсырмалар тек қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы болды. Сендер спортпен шұғылданасыңдар ғой! Ал бізге бүгін көңілді,жарқын добымыз көмектесті! Ал қазір патшалықта мерекелік фейерверк басталады!

Балаларға жан-жақтан сабын көпіршіктері ұшады,балалар оларды ұстайды.

Доп.

Мен шаршадым, үйге қайтайық.

Сау болыңдар, балалар!

Доптардың барлығын жинайық,

Балабақшадан тамақтанып алыңдар.

Бауырсақ.

Бәріңе шексіз алғысым,

Балалар өте алғыр,шын

Рахмет көңіл бөлгендеріңе,

Балалар қуанышқа бөленсін!

Жүргізуші:

Кездесетін сәтте жетті,

Сау болыңдар,балалар!

Доп мейрамы да бітті.

Құрметті балалар мен қымбатты ата-аналар, спортпен шұғылданыңдар және сау болыңдар!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.