Home » Сценарийлер » Атекеева Сағадат Бейсембекқызы

Атекеева Сағадат Бейсембекқызы

і

Ханталапай

 

 

Мақсаты мен міндеттері:
-Қазақтын ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интеллектуалдық тапқырлық, ептілік қабілеттерін дамыту.
-Патриоттық сезімдерін және Отанға деген, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін ояту.
-Топта жұмыс істей білуін қалыптастыру.
Тәрбиеші:
-балалар қазақтың ұлттық ойындары өте көп, солардың ішінде Ханталапай ойынын қазір біз сендермен ойнаймыз.
Ұйымдастыру кезеңі :
-ойын ережесін түсіндіру
-балаларды шеңбер бойымен отырғызу
-балалардың көңіл-күйін ойынға аудару
Ән: «Айгөлек»
Бүгін міне,ойнадық,
Ойнадық та ойладық.
Қандай асық болса да,

Атпай оны қоймадық.
Бүгін ойын жаңаша,
Қалмадық біз оңаша
Сеніңіздер балалар,
Күнде осындай тамаша!
Жұмбақ:
Етпеттепте құлайды,
Шалқалапта құлайды
Кезек атып ойнаған
Балаларға ұнайды. (Асық ойыны)
-ойын басталғанын жариялау
(ойынды жүргізу 25-минут)
Тәрбиеші:
«Талапай-ау, талапай табылды ойын алақай!»деп қоржындағы асықтарды
шеңбер бойымен отырған 7-10 баланың алдына шашады, ал балалар оны жарысып «Ханталапай»деп дауыстап, асықтарды таласып, бөліп алады. Жинаған асықтарды санай бастайды, әр бала ойынға 5 асықтан тігіп оларды атады. Хан асығы қолына түскен бала ойынды бастайды, атады.Тигізген асықтарын ұтып алады.
Тигізе алмай қалған жағдайда , тәрбиеші тапсырмалар береді.
-Асық қайдан алынады?
-Асықпен қандай ойындар ойналады?
-Ойын барысында асықтар қалай аталады? Бүк,шік,тәйкі ,алшы.
-Ұлттық ойындарды ата?
— Наурыз мерекелерін ата?
-Көктем мезгілін ата?
Тапсырмаға дұрыс жауап берсе ойынды жалғастырады,егер тағыда тигізе алмаса өз кезегін келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса,басқа балаларға жауап берулеріне болады. Бұл жағдайда кезек дұрыс жауап берген балаға беріледі.осылайша ойын жалғаса береді.

Ойын аяқталған соң,ұтқан асықтарын санайды.
Көп асық жинаған бала жеңімпаз атанады.
-Осылайша келесі 7-10 бала ойынға қатысады,олар ойнап болған соң, қалған балалар да осы шартпен ойнайды.
— ойын аяқталғанын жариялау
Қорытындысында 3 қатысқан топ балаларына :
-«Алғыр бала»
-«Мерген бала»
-«Зерек бала»
Білімімен,тапқырлығымен көп асық жинаған жеңімпаз балаларға номинациялар беріледі.

Атекеева Сағадат Бейсембекқызы,
Алматы облысы, Сарқан ауданы, Екіаша ауылы
«Балдәурен» балалар бақшасының тәрбиешіс

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.