Home » Балабақша » Ата кәсібі – төрт түлік мал

Ата кәсібі – төрт түлік мал

ББС: «Әлеуметтік орта», «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық»

ҰОҚ: қоршаған ортамен танысу, қарапайым математикалық дағдыларды қалыптастыру, сөйлеуді дамыту, сурет.

Мақсаты:

  • Төрт түліктің адамдарға пайдасы туралы түсініктерін кеңейту, тиянақтау;
  • Балаларды халықтық қолөнермен және жүнді өңдеу техналогиясымен таныстыру;
  • Балаларды зерттеулік жұмыстарының элементтеріне қатыстыру. Балаларды табиғи қызылша шырынымен матаны күрең түске бояуға және ТРИЗ әдісі бойынша жүннен сурет салуға үйрету. Ұсақ маторкаларын дамыту. Халықтың асыл мұрасын – салт-дәстүрін құрметтей білуге, өнерді сүюге тәрбиелеу. Балаларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық тәрбие беру. Табиғаттың әрбір бөлшегі азамат баласы үшін асқан байлық, қайталанбас қазына екенін, денсаулықтың қорғаны екенін ұғындыру.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Бөлмені оқу іс-әрекетіне сай жабдықтау, қажетті көрнекі құралдарын дайындау.

Қажетті көрнекі құралдар: видео таспа, түрлі дыбыстар, геометриялық пішіндер, ақ түсті мата, қызылша, боялған жүн, су, жүннен жасалған бұйымдар.

Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап, тәжірибе, мадақтау.

 
Оқу іс-әрекетінің кезеңіТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
1.    Мотивациялық- қозғаушы кезең.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.    Ұйымастырушылық

ізденушілік кезең.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.      Рефлексивтік- коррекциялаушы кезең

 

 

 

 

—   Балалар, бүгінгі күнімізді сүйіспеншілікпен, көтеріңкі көңіл- күймен қарсы алайық.

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз,

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

 

 

— Балалар, төрт түлік малдың адамдарға қандай пайдасы бар?

-Дұрыс, балалар.

Ғылыми орталық:

 

Видео-таспа тамашалау.

— Балалар, теледидардан   не тамашаладық?

— Балалар, төрт түлік малдың тағы қандай пайдасы бар екен?

— Дұрыс, балалар қой жүні – тығыз, жүнінен киім тігіледі, киіз басылады, кілем тоқиды. Ал түйе жүні адам денсаулығына пайдалы.

— Балалар, ерте заманнан қазақ халқының қолөнерінде пайдаланған ең құнды шикізаттың бірі – жүн.

— Балалар, жүнді пайдаланбас бұрын жуады, сабайды, түтеді, иіреді, бояйды.

Дайын жүннен кілем, текемет, мата, киім, пима, бас киімдер, тағы басқа заттарды жасайды.

Жүннен жасалынған бұйымдар – мықты, шыдамды, тұрмыста қолайлы, денсаулыққа пайдалы.

—   Балалар, қазіргі таңда жүнді арнайы өңдейтін жеңіл өнеркәсіптер бар. Ол жерде жүнді арнайы құралдармен өңдеп, даярлап шығарады.

Пікір алмасу:

Балалар, пікірімізді ортаға салайықшы.

— Балалар, алдымызда сүт, айран, май, ірімшік, құрт, қымыз, шұбат тұр. Осы өнімдердің қандай пайдасы бар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

—       Дұрыс, сүт тағамдарының адам денсаулығына тигізер пайдасы мол (кальций, дәрумендер). Cонымен қатар түйе жүні денсаулыққа пайдалы. Қой жүнінен әртүрлі бұйымдар жасайды. Қой жүні жылуды жақсы сақтайды.

Балалар, сендер үй жануарларына байланысты қандай мақал-мәтел,

тыйым сөздерді білесіңдер?

Елестету жаттығуы:

— Балалар, біз әсем бақта жүрміз. Біздің айналамыз гүлге толы.

— Балалар, гүлдердің түсі қандай?

— Балалар, гүлдердің исі қандай?

Балалар, тыңдаңдаршы, дыбысын естіп тұрсыңдар ма? Ол дыбыс жақындап келе жатқан сияқты.

Қанекей, балалар, гүлдердің қалқайларына тығылып қалайықшы!

Ақырындап оңға қарап көрейік. Ешкім жоқ па екен? Енді, солға қарап көрейік. Жоғары ағаштардың арасын, төмен шөптердің арасын. Қарадыңдар ма?

Кім екен бізді қорқытқан, а?

 

Босаңсу.

—       Балалар, қорықпаңдар, бұл жерде ешкім жоқ екен. Ол жәй ғана жапырақтар екен – елмен ойнап, дыбыс шығарып жатқан. Балалалар ағаш болып тербелейік, жапырақ боп шуылдайық.

Кім қорқытқанын қараймыз деп, әбден мойнымыз ауырып қалыпты ғой, балалар!

—   Балалар, олай болса денемізді бос ұстап, ағаш болып тербелейік.

Балалар, жоғарыға қарайықшы, не деген әдемі көбелек ұшып жүр, біз де көбелек болып ұшайықшы.

Ква-ква, ква-ква! Бұл не? Бұл – бақа ғой секіріп жүрген. Ол біздің көбелегімізді алып кетпекші (осы кезде бақа көбелекті жеп қоймақшы болады). Бәріміз бақа сияқты секірейік, қатты айқалайық, жерді тепкілейік, оған жаман түрімізді көрсетейік. Бізден қорқып, қашып кетсін.

Көбелекке  көмектестік. Көбелек бізге алғыс айтып жатыр. Қане, бір-бірімізге күліп әдемі болайықшы!

— Балалар, араны қараңдаршы, гүлдерден бал жинап жүр. Кәнекей, бәріміз ара болып гүлден бал жинайық. Ж-ж-ж!

— Жарайсыңдар, балалар, жаттығуды тамаша орындадыңдар.

 

Балаларды екі орталыққа бөлу.

Зерттеу орталығы:

Эксперименттік жұмыс

— Балалар, біздер өз қолымызбен қалай бояу жасау керек екенін үйренеміз. Қараңдаршы, мынау – қызылша. Осы қызылшадан бояу жасаймыз. Оны үткіштен үгеміз, марліге салып қысып   шырынын шығарамыз. Оны ыдысқа құямыз.

— Балалар, шырынның түсі қандай болды?

— Балалар, енді ақ матаны қызылшадан алған табиғи бояумен бояйық.

— Балалар, бояған матаны кептіріп қоямыз.

— Балалар, бізде қандай түс пайда болды?

— Балалар, өздерің көріп тұрғандай қызылша шырынымен матаны қызыл күрең түске бояуға болады .

— Балалар, бояулар туралы қандай тақпақтар   білесіңдер?

 

Шығармашылық орталық:

— Балалар, бояулар ғажайыбы біткен жоқ.

— Балалар, қазір боялған жүндерді пайдалану арқылы қызғалдақ ою- өрнегін жасаймыз.

Жасалу жолы:

Боялған жүнді жұлу арқылы арқылы қызғалдақ бейнесіне келтіріп, дайындалған матаға орналастырамыз. Жұмысты бастамас бұрын қолды суға батырып аламыз.

Жүнді орналастырып болған соң, үстіне мата қойып, алақанмен басамыз. Гүлдің күлтешелеріне қызыл, жапырақтарына жасыл түсті жүнді пайдаланамыз.

Қол моторикаларын дамыту. Түрлі-түсті (мата) пішіндерді түймеге ілу арқылы гүлдердің бөлшектерін дұрыс құрастыру.

— Балалар, гүлдердің түсі қандай?

— Гүлдер қандай пішінге ұқсайды?

Ойын: «Пішіндерді дұрыс орналастыр»

Балалар дайын пішіндерден мазмұнды бейнелер құрастырады (үшбұрыш, сопақша, дөңгелек, төртбұрыш, тіктөртбұрыш)

—   Балалар, пішіндерден   қандай көріністі бейнеледіңдер?

 

—   Киіз үй қандай пішіндерден құралған?

 

— Төртбұрыштың түсі қандай?

— Дөңгелек, сопақша пішіннен не құрастырдыңдар?

Пішіндердің түсі қандай?

 

—         Балалар, пішіндер туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

— Балалар, ғылыми орталықта немен таныстық?

— Балалар, зерттеу орталығында қандай жұмыспен айналыстық?

 

 

— Балалар, шығармашылық орталықта қандай жұмыс жасадық?

— Балалар, боялған жүндерді пайдалану арқылы қандай ою-өрнек жасадық?

— Балалар, төрт түліктің қандай пайдасы бар екен?

 

 

 

 

—      Балалар, табиғатты қорғап оны аялайық, табиғат біздің – Анамыз!

Табиғаттың әрбір бөлшегі азамат баласы үшін асқан байлық,                   қайталанбас қазына, денсаулықтың қорғаны. Сондықтан, балалар, табиғатты және жануарлар әлеміне қамқорлық жасап аялайық.

Балаларды мадақтау

 

 

Балалардың қимыл әрекеті

 

 

 

Қонақтармен амандасады.

 

Сәлеметсіздер ме?

Қош келдіңіздер!

 

Төрт түліктің пайдасы: сүт, айран, май, құрт, ірімшік, қымыз, қымыран, еті – оларды азық қыламыз

 

 

 

Төрт түлік және оның пайдасы туралы видео таспа.

-Төрт түлік малдың пайдасы – жүннен мата, киім, кілем, текемет және әртүрлі бұйымдар жасайды.

 

 

 

Балалар мұхият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ü Сүт – жеңіл әрі сіңімді. Құрамында кальций және дәрумендер бар. Тіс және сүйектің дұрыс жетілуіне әсер етеді.

ü Айран – әрі сусын әрі денсаулыққа пайдалы. Айранды ұйқы қашқанда ішеміз.

ü Құрт – суық тиіп ауырғанда, сырқаттанғанда ем ретінде пайдаланамыз.

ü Қымыздың құрамында дәрумендер көп. Ашыған қымыз шөлді басады.

ü Ірімшіктің құрамында май қышқылдары және дәрумендер дар. Жүрекке пайдалы.

ü Қой жүні жылуды жақсы сақтайды.

ü Түйе жүні денсаулыққа пайдалы.

 

 

 

Нұрдана:

Жылқы – малдың патшасы, түйе — малдың   қасқасы.

Ат – ердің қанаты.

Аяла:

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл көсір.

Төрт түліктің төресі – түйе.

Гүлнұр:

Малды аяқпен   тебуге, ұруға болмайды.

Жатқан малдың үстінен аттауға болмайды.

 

Балалар қимыл әрекеттерді қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ш-ш-ш-ш-ш-ш

 

 

 

 

 

 

 

 

Ква-ква-ква-ква.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж-ж-ж-ж-ж-ж

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мұхият назар аударады

 

 

Балалардың өз бетінше жұмыстары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саламат:

Көк түсім – көк аспан,

Көгімде тұрады ол.

Сары түс – алтын күн,

Шуағын төгеді.

Жасыл түс – жайлауым,

Құлпырып көз тартады,

Қызыл түс – қызғалдық,

Анама сыйлаймын.

 

 

 

 

Балалардың өз бетінше жұмыстары

 

Түрлі-түсті   дайындалған матадан түймелеу арқылы гүлдер құрастырады.

— Қызыл, сары, көк, жасыл, ақ.

— Үшбұрыш, сопақша, дөңгелек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы.

—          Жайлауды бейнеледік.

 

— Төртбұрыштан, жарты дөңгелектен құрастырылған.

— Ақ түс.

 

— Күн.

— Сары, қызыл, жасыл, көк, ақ, қара түстерді пайдаландық.

 

Домалақпын, домалақпын,

Дөңгелек боп домаладым.

Ай сияқты, күн сияқты,

Шар сияқты домалақпын.

 

Үш бұрышты үшбұрышпын,

Үш қабырғам бар бұрышпын.

Төрт бұрыштан аз болсам да,

Орны бөлек үшбұрышпын.

 

Төртбұрышпын, төртбұрышпын,

Төрт қабырғасы бар бұрышпын.

Қай жағынан қарасаң да,

Төрт қабырғам тең бұрышпын.

 

Тіктөртбұрыш қалмасын,

Ол да пішін болғасын.

Бұрыштары тең емес,

Ұмытқаның жөн емес.

 

Сопақшаңыз тағы бар,                       Оны айтудың жөні бар,                       Сиқырлы мынау әлемде,                     Пішіндердің бәрі бар.

 

— Төрт түлік малдың жүнін өндіру тәсілімен және одан жасалатын бұйымдармен таныстық..

— Зеттеу орталығында табиғи бояумен матаны қызыл күрең түске боядық.

 

— Шығармашылық орталықта жүнді пайдалану арқылы қызғалдақ суретін салдық.

— Қызғалдақ оюын жасадық.

— Төрт түліктің пайдасы: сүт, айран, май, құрт, ірімші, қымыз, қымыран, етін азық қыламыз.

— Төрт түлік молдың пайдасы: жүн.

— Жүннен мата, киім, кілем, текемет жасайды.

Өз жұмыстарын мақтаныш етеді.

 

Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: төрт түліктің пайдасы және халықтық қолөнерді, жүнді өңдеу технологиясын;

Баланың игеруі: табиғи заттан бояу болатынын біледі, сұраққа толық жауап беруді;

Баланың меңгеруі: тәжірбиелік жұмыс жасай алады; жүннен сурет салуды.

Ағыбаева Нағима Алтынбайқызы

МКҚК «Айгүл» балабақшасы, тәрбиеші

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.