Home » Жаңалықтар »             Ата заңымыз -келешекке бастар жол!

            Ата заңымыз -келешекке бастар жол!

 

   Қазақстан Республикасындағы азаматтың міндеті мен парызы. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Конституция біздің бостандықтарымыздың негізіне айналды. Ол бізге тәуелсіздік алып келген жеңістеріміздің, біздің тапқан табыстарымыздың бүкіл кешенін баянды етті», деп атап өтті. Ата Заңымызды бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.

Тәуелсіздік жылдар ішінде Ұлттық ұлан мәртебесіне ие болған әскеріміз еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде ерен еңбек атқарып, Ата Заңға адал екендерін айқын дәлелдеп келеді.Қостанайда орналасқан 6697 әскери бөлімге шақырылған жас сарбаздар жақын арада ғана Отанға адал қызмет атқаруға ант қабылдаған болатын. Міне,осылай жас буын өкілдері өздерінің Отанға деген патриот екендерін жыл бойы адал қызметтері арқасында дәлелдеп келеді.Біздің 6697 әскери бөлімнің  әскери қызметкерлері мен сарбаздары бейбіт күнде болып жатқан күнделікті тәртіпсіздіктің алдын ала отырып,заңбұзушылдықтарға жол берген емес. Бұлда болса абыройлы қызметкерлеріміздің жемісі. Соның ішінде айта кететін болсақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы сапында бейбіт күннің батырлары қызмет атқаруда олар лейтенант Ербол Отарбаев, лейтенант Жандос Баянбаев, полковник Қайрат Умбетов бастаған тұлғалар.

Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конституциямыз кепіл бола алады. Бейбіт елдің бақытты халқы түпқазығымыз Ата Заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі талай жетістіктерге жететіні сөзсіз. Бұл құжат еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас болуымен қабылданды. Конституцияның қабылдануы Президенттік басқару нысанының ауқымында Мемлекет басшысына мемлекеттік билік органдарының үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз етуге, қоғамды түпкілікті реформалауға мүмкіндік береді. Көп ұлтты әрі көп дінді қоғамда азаматтық татулықтың, қоғамдық тұрақты­лықтың және ұлтаралық келісімнің кепілі. Сонымен қатар заңдылықтың үстем құруы елдің дербес мемлекеттігінің айқын белгісі екенін білеміз. Осы орайда Ұлттық ұландықтар біздің әскери бөлім қызметкерлері мемелкеттің қауіпсіздік жолында, Ата заңымыздың көрсетілген заң қағидаларын сақтап,халықымыздың тыныштығын күзетіп,бейбітшілік жолында істеп жатқан қызметтері өлшеусіз. Қазіргі таңда жұртшылыққа Ұлттық ұлан сабындағы әскери қызметшілер Конституциямен бекітілген әрбір заң талаптарын орындалуын қадағалаушы, жеке адамдардың,қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қылмыстық және құқыққа қарсы әрекеттерден қорғаушылар ретінде танымал. Алдағы уақытта 6697 әскери бөлім сарбаздары мен қатар Ұландық жауынгерлер конституциялық борыштарын бұдан былайда абыройлы орындайтындарына зор сенім білдіреміз. Ендігі асыл арманымыз-еліміздің тыныштығы, бүгінгі және келер ұрпақтың Отанымызды берік қорғап, кемел келешекте ешбір соғыссыз, бірлік пен татулықта болу.

6697 әскери бөлім командирі, подполковник

Ипатов Ерлан Берікқалиұлы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.