Жүргізуші:
Қарттарым, жүректерің неткен дархан, Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң. Жолыңды жүріп өткен қарасам мен Оқитын келешекте бір-бір дастан. Таң атып, күн де шыққан өздеріңнен, Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен, Тербедің көктем бағын самал болып Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен.
№6 «Орман ертегі» МДҰ-ның тәрбиеленушілері әжелерімен бірге «Ата-баба дәстүрі – амандықтың белгісі» атты сайысқа түспекші.
Сайыс 5 шарттан тұрады.
Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін:
- «Тегін білу тектілік» — өзін таныстыру.
- «Жақсы сөз – жарым ырыс» — көне сөздер мағынасын ашу.
- «Қонақжайлық – ас әзір» — ұлттық тағамдарды дайындау.
- «Ата дәстүріміз» — ұлттық салт дәстүр көрсету.
- «Өнерлі өзге жүзер» — өз өнерін көрсету.
Байқауға қатысатын үміткерлеріміздің өнерін сараптап бағалау үшін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
- Қуанышева Рсты Базаровна
- Тлеубергенова Майра Изғалиқызы
- Аймағамбетова Гулнар Маждуллаевна
Ендеше сайысқа қатысушы әжелерімізді ортаға шақырамыз:
- Екінші кіші «Балапан» тобының тәрбиеленушісі Бисенбай Ибраһим – Дамежан әжесімен;
- Ортаңғы топ «Күншуақ» тобының тәрбиеленушісі Бисенбай Гүльфайруз – Шолпан әжесімен;
- Ересек «Таңшолпан» тобының тәрбиеленушілері Уразалин Тамерлан – Гүльзипа әжесімен, Берікбай Бағлан – Үлмекен әжесімен, Амангельды Сұлтан – Қарашаш әжесімен;
- МДТ «Алғырлар» тобының тәрбиеленушісі Қобыланов Даулет – Ақжеңіс әжесімен.
Өнер қуып әжелер өтер деймін, Балаларымен мұратына жетер деймін. Бұл сайыста әжелер кезектесіп Өздерін таныстырып өтер деймін.
- Ендеше сайыскерлерімізді I «Тегін білу тектілік» — өзін таныстыру кезеңіне ортаға шақырамыз:
Шырқаған балапаны өз тілінде, Күнім шықты алдымнан сен күлімде. Бүгінгі күнде көне сөзді еске алып
Мағынасын олардың бірге ашайық, -дей отыра, сайысымыздың ІІ шарты — «Жақсы сөз — жарым ырыс» — көне сөздер мағынасын ашу кезеңіне ортаға шақырамыз.
Екінші кіші «Балапан» тобының бүлдіршіндері әннен шашу шашады.
Ән «Менің Әжем»·
Сайысымыздың ІІІ шарты бойынша «Қонақ жайлық» — ұлттық астағамдарды көрсетуге сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
· Сайысымыздың IV шарты бойынша — «Ата дәстүріміз»: әр сайыскер ұлттық салт-дәстүрді көрсетеді. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
Анаға қарап қыз өсер,
Маздаған шоқты кім көсер?!
Кезек те келіп қалыпты
Үй тапсырмасын көрсетер.
Сайысымыздың V шарты «Өнерлі өрге жүзер» — әр сайыскер өз өнерін көрсету. Сайыскерлерімізді үй тапсырмасымен ортаға шақырамыз. Осымен «Ата-баба дәстүрі амандықтың белгісі» атты сайысымыз мәреге жетті, қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша бүлдіршіндерімізді ортаға ән айтуға шақырамыз.
— Құрметті қонақтар, аналар, өздеріңізбен бірге қызықтап өнерлерін тамашалаған «Ата-баба дәстүрі амандықтың белгісі» сайысы да аяқталды.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші бүгінгі жарысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
— Келесі кездескенше, аман-сау болыңыздар!
Г.А. Малаева
МКҚК №6 «Орман ертегі» МДҰ,
әдіскер,
Ақтөбе қаласы