Сабақтың мақсаты: Ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында туған өлкеміздің тарихи шежіресі мен тарихи деректерін оқыту арқылы оқушылардың бойына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Оқыту нәтижесі: топтық жұмыс үлгілерін енгізу арқылы сыни ойлата білу, диалогтік қарым-қатынас арқылы жұмыс жасауға бағыттау.
Тапсырмалар: тақырыпқа сәйкес суреттер (әр тарихи кезеңдегі бейнелер қамтылады) таратпа ресурстар.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы, оқыта үйрету ойыны
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, бейнелеу
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, пікір сайыс, зерттеушілік жұмыс
Көрнекіліктер және қолданылатын құралдар: түрлі түске боялған асықтар, стикерлер, қосымша деректер, карта, кесене макеттері, бейнеролик
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. (сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Бүгінгі ашық сабағымыз саяхат сабағы түрінде өтпекші.
Оқушылар ұлттық ойын – ханталапаймен (асықпен) 2 топқа бөлінеді.
Ой қозғау:
Құрметті оқушылар, бүгінгі саяхат сабағымыздың тақырыбына назар аударсақ және мағынасына мән беріп, жауап іздеп көрсек қалай болады?
(оқушылардың жауабы тыңдалады)
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бойынша «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған перзенттері жайлы айтылған, осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс делінген. Қордай жері де – ежелден құт қонған қасиеті дарыған киелі өлке. Елін, жерін жаудан қорғаған батырдың есімімен аталатын өңір тарихы да тереңде жатыр. Ендеше, бүгінгі саяхат сабағымыздың бірінші бөлімі осы туған өлке тарихына арналады.
Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгінгі саяхат сабағымызды ұлтымыздың ұлттық ойындарының бірімен бастайық. Саяхатқа шығатын оқушының көзін байлаймыз да туған өлкеміздің картасында бейнеленген тарихи деректермен танысамыз. Яғни бұл ойын қалай аталады?
Туған жеріміз Қордай өңіріне саяхатымыз басталды.
1-ші өткел
Қордай батыр (батыр туралы мәліметпен танысу)
2-ші өткел. Өтеген батыр (өмірдерек)
3-ші өткел. Аңырақай шайқасы (шайқас өткен жер туралы не білеміз?)
4-ші өткел. Ноғайбай би (қызметі, халқына сіңірген еңбегі)
5-ші өткел. Кенен Әзірбаев (жез таңдай әнші, композитор)
(Саяхат сабағында жауап бере алмаған оқушыға топ мүшелері көмек бере алады)
II- бөлім
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Саяхат сабағымыздың екінші бөліміне келдік. Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары жобасының 100 мәдени кешен тізіміне енген облысымыздың тарихи сәулет ескерткіштеріне саяхат жасасақ қайтеді?
Оқушылар: Иә, деп бірауыздан жауап береді.
Оқушылар интерактивті тақтаға назар аударады. Әр топ мүшесі берілген жасырын ұяшықтарды таңдай отырып, жауап береді. Ұпай саны ұяшықтағы сұрақтарға байланысты беріледі.
Әр жанұя тобы сәулет ескерткіштері мен археологиялық кешендер бойынша қандай мәліметтерді білетінін ортаға салады, тұжырым жасайды.
Сәулет ескерткіштері | 10 | 10 | 20 | 20 |
Археологиялық кешендер | 30 | 40 | 40 | 50 |
Сәулет ескерткіштері:
10- Айша бибі кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ)
10-Бабаджа Хатун кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ)
20-Байзақ батыр Мәмбетұлы
20-Қарахан кесенесі (ХІІ ғ)
30- Тектұрмас кешені (ХІҮғ)
Археологиялық кешендер:
40 — Ақыртас бекінісі (ҮІІІ-ІХ ғғ.),
40- Ежелгі Тараз қалашығы (І-ХІХ ғғ.)
50 — Мерке-Жайсан түркі ғұрыптық кешені
(ұлттық ойындар арқылы оқушыларды марапаттаса болады. Мысалы: асықтардың түсіне қарай: Жасыл түс – жақсы, Сары түс – орташа, Қызыл түс – өте жақсы. Бағалау кезінде сабақтың басынан бастап мұғалім әрбір жауапқа асық түстеріне қарай әрбір жанұя тобына үлестіріп отырады, сабақтың соңында қай топ қанша түсті асық жинады, соған орай жеңімпаз топты анықтаса болады
Шығармашылық тапсырма. Видео ролик (аудан мұражайында өткізілген сұхбат.)
Қорытындылау: Жеңімпаздарды анықтап марапаттау.
Кері байланыс: өз бойынан алу
Касенова Зоя Сейтжановна,
№27 Ы Алтынсарин атындағы орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі,
Жамбыл облысы, Қордай ауданы
Бетқайнар ауылы