2011 жылдың 11 ақпанында өткен «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінде Елбасының «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар ұйымдарын құруға берілген тапсырмасына орай өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында 2011-2012 оқу жылының ІІ жарты жылдығынан бастап мектебімізде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды. Бұл ұйымның ертеңгі болашақ үшін берері мол. Өйткені, тәрбие беру бағытында міндеттер көп. Олардың білім нәрімен сусындап, өнерді серік етуіне бірден-бір ықпал ететін ұйым!. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданған әрбір жас өрен Еліміздің сәулелі болашағына апарар жолға түсті. Өзіне де, қоғамға да пайдалы іс келтіреді. Тәуелсіз еліміздің білімді тұлғасын тәрбиелеуде оқу-тәрбие жұмыстарын тек мұғалім емес, сонымен қатар ата-ана да бірлесе отырып күш жұмсауы керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде ұйым мен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер.
Осы орайда ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы тәлімгердің негізгі мақсат, міндеттері:
- 1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.
- Ата-ана мен ұйымның балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
- Ата–аналар ұжымын құру
- Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.
Болашақ десек те, келешек десек те бұл сөздер «бала», «ұрпақ», «өркен»- деген мағынаға барып тіреледі. Бала — басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас — ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
Десек те бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде «Ата-ана, мектеп, қоғам» шешуші роль атқаратыны белгілі.Бүгін бала тәрбиесіне қатысты жайларды бірге талқыласақ, ой пікірлерді бірге бөліссек, мектеп пен ата-ана, ұйым мүшелері бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі береді деген пікірімді білдіргім келеді….. Ұсынып отырған тақырыбыма назар аударсам бірінші орында отбасы тәрбиесі — ата-ана, оны жалғастырушы, демеуші – мектеп және қоғам екендігіне көз жеткіземіз. Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қалыптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз ұйымның қызметі болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.
“Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен ата-аналар арасындағы байланыс жұмыстарының негізгі бағыттары:
- Ата-аналардың ұйым жұмысын жоспарлауға және бақылауға қатысуы;
- Қалыптасу және дамыту мәселелері бойынша өз тәрбиесімен
бөлісуі;
- Ата-ананың ұйым мүшелері арасында әлеуметтік дамытушы орта
құруға қатысуы;
- Балалардың шығармашылық іс-әрекетін бірігіп істеу;
- Ата-аналарды қосымша қызмет көрсету арқылы байланыс жұмыстарында іс-әрекеттің әр түрлі формаларына араластыру;
6.Ата-аналар “Жас Ұлан” ұйымымен тығыз байланыста болу.
Сабақтастық – тек жаңа ғана дайындау емес, бұрынғы игергенін сақтап, дамытып, ескі мен жаңаның арасындағы байланысты үрдісті дамыту.
Сабақтастық бағыттары:
Практикалық біріккен іс-әрекеттер
Әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру
Біріккен жоспарлар құру
Біріккен жұмыстардың мазмұнын талдау
Ал негізгі тәрбие отбасынан басталатындығын естен шығаруға болмайды. Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында » Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата — ананың табиғи құқығы, әрi парызы» делiнсе, «Қазақстан –2030″ бағдарламасында » Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi есте ұстауға тиiспiз.Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргiмiз келедi…» делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады. Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени — әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады. В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында тәрбиешілер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», — дейді. Олай болса, ата-аналар ұйыммен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда тәрбие жүйесінде ұйымның жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Олай болса тәлімгердің ата–аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде:
— баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мақсат,
міндеттерді шешуде ортақ көзқараста болу
баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеументтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қою
— баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отырып, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтап, оларды жүзеге асыру;
— баланың жан – жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік шараларды ықпалды, тиімді және нәтижелі ұйымдастыру;
— баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан – жақты жақсы танып білу
— балаға ықпал етудің жалпы тәсілімен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру ;
— тәлімгер ұйым мүшелері мен ата – аналардың жағымды көңіл күйін өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым – қатынасын орнықтыру.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтады.Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе-бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры,үміт күткен шырағы,келешек қызық көрсетер болашағы десек,тәлімгер үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі-ол бала тәрбиесі, яғни бала тәрбиесі- баршаның ісі. Отбасының да, мектептің де мақсаты- болашақ ұрпақ тәрбиесі. Бала тәрбиесі- баршамызға ортақ десек, баланың бүгінгі іс- әрекетіне, тәртібіне бүгін назар салмасақ, ертең кеш болады. Олай болса «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» десек, бір сәт уақыт бөліп, мектеппен хабарласу, тығыз қарым- қатынас жасау- ата-ананың бірден- бір міндеті.
Ата-ана мен ұйымның қарым-қатынасы:
- педагогикалық және психологикалық сауаттылықты жетілдіру;
- іс-әрекеттің түрлі формалары (сабаққа қатысу,үйірмені басқару, әртүрлі клубтар) және қосымша қызмет орнату;
- балалардың шығармашылық әрекетін дамыту;
- жоспарлау мен бақылауды ұйымдастыру;
- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
- әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмектесу
Мұның бәрі ұйым жұмысының маңызын түсінуге, ұйым мен ата-аналардың бір-біріне әсерін нығайтуға, сонымен бірге балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу ісіне ата-аналарды тартуға бағытталған.
Күтілетін нәтиже:
- Ата – аналардың ұйым мүшелеріне деген сенімділік көзқарастары жақсарады.
- Ата – аналардың балаларға ықпалын арттырудың тәсілдерін меңгереді және бала тәрбиелеуде ынта ықыласы артады.
- “Жас Ұлан” ұйымымен үнемі байланыста болады.
«Ел ертеңі — бүгінгі жастар» десек, ертеңгі күн елес емес, ол көзді ашып-жұмғанша келері анық. Демек, бала тәрбиесі мектеп, отбасы, ұйым мүшелері – үштігінің бірлесе әрекет етуі арқасында ғана қол жеткізілетін жетістік екендігін шынайы түрде мойындап нақты іске көшетін уақыт жетті. Өзімізден кейінгі ұрпақты қайтсек жаман әдет -қылықтан аулақ қылып, рухани адамгершілік қасиеттері жоғары, білімді, тәлімді азамат қылып шығарамыз десек оған қоғам болып атсалысуымыз қажет.
Ата-аналарды оқу мен тәрбие процесінде ынтымақтастық, шығармашылыққа бірлескен (бала, ата-ана, тәлімгер) үштік жаңа тәрбие түрлерін дамытуға тарту арқылы мынадай міндеттер атқарылады.
Міндеттері:
- ата-ана,бала,тәлімгердің құқығы мен міндеттерін, жауапкершілігін арттыру;
- ата-аналардың педагогикалық-психологиялық ынтымақтастығын нығайту;
- рухани-адамгершілік қасиеттерін интерактивті тәсілмен қалыптастыру;
- ұйыммен тығыз байланыс жасау.
Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналардың ашық күні, ата – аналармен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.
Бұл жағдайда тәрбие үрдісінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін бала, ата-ана, тәлімгер үштігінің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді. Ұйымның ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы үштіктің байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді.Бұл тұрақтылықты ең алдымен тәлімгер қамтамасыз етеді. Ол ұйым мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Ұйымның баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын ата-ананың түсінуі, соның жұмысына байланысты. Сондықтан да тәлімгердің осы бағыттағы жұмысын негізінен ұйым мен ата – аналар және балалардың өзара қарым қатынасымен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу үшін тәлімгер ата- аналар мен ұйым мүшелері арасында жұмыс жоспарын жасауы тиіс.Жоспарлы жұмыстың нәтижесіне жету үшін ұйым мүшелерінің ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеу мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Сонда ғана өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналады.Дегенмен, ұйым мүшелерімен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, тәлімгерге жүктелер жауапкершілік мол. Осыдан барып ұйым мен ата-аналар арасындағы байланыс жұмыстарының жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.
Егемен еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге байланысты.Заман талабына сай білім беру, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытып жеке тұлға дайындау, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы адамзаттық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу- басты мүддеміз.Осы орайда Максим Горькийдің «Балаларды бала тәрбиесіне бейім адам, баланы сүйетін адам, зор төзімділікпен жұмыс істейтін адам тәрбиелеуі керек» деген сөзі еріксіз еске оралады.Ендеше саналы тәрбие үрдісінде ата-аналармен ынтымақтастық пен бірліктің аясында жарқын өмірге қадам басайық! «Бала – біздің болашағымыз». Болашақтың жемісін бүгіннен баптау, оларға дұрыс бағыт беру сіз бен біздің негізгі мақсатымыз. Осындай биік мақсаттар негізінде тығыз байланыста болып, ынтымақтастықты нығайтқанда ғана ұлымыз рухты, қызымыз ғұрыпты болмақ.
Оспанова Кульшат Махамбетжанқызы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
Алмалы ауылы
№181 жалпы білім беретін қазақ орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі