Home » Балабақша » Ата-аналармен жұмыс жүргізудегі жаңа әдіс- тәсілдерді жүзеге асыру және оларды шешу жолдары

Ата-аналармен жұмыс жүргізудегі жаңа әдіс- тәсілдерді жүзеге асыру және оларды шешу жолдары

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Бағила Сисенбекқызы басшылық етіп отырған, «Бөбек» бөбекжайында 2018 жылы 23-қараша күні «Ата-аналармен жұмыс жүргізудегі жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру және оларды шешу жолдары» атты тақырыпта бөбекжайішілік семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту.Ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру.Бөбекжай әдіскері Даулбаева Гүлсина ата-аналармен педагогикалық ұжымды семинар жоспарымен таныстырып,семинарды ашты. Семинарда ата-ана Сабытова Салтанат тәрбиеші ретінде «Қызықты математика еліне саяхат» атты тақырыпта «Айгөлек тобы балаларымен ашық оқу қызметін өткізді.  Педагогтар ата-аналармен біріккен шығармашылық жұмыстары бойынша «Әлем балалар көзімен», «Отбасылық визитка» дайындау, «Менің балам» атты шығарма сайысы, «Менің отбасым» отбасылық газет т.б көрмелер ұйымдастырылды. Ата-аналар «Ең тату отбасы» атты байқауға қатысты. Бұл байқауда Тінеевтар отбасы І-орын иеленсе, Муратовтар отбасы ІІ-орын, Қалдыбай отбасы ІІІ- орын иеленсе, Сисенбаевтар отбасы бас жүлдені жеңіп алды. Ата-аналар «Әкелер мектебі» атты танымдық кешке белсене қатысты.Танымдық кеш соңында әкелер дипломдармен марапатталды. Психолог «Ұлдар мен қыздардың даму ерекшеліктері» атты тақырыпта ата-аналармен ашық ой мен пікірталас дөңгелек үстел өткізді.


Ата-аналар  «Спорт құмар отбасы» атты спорттық жарыска  белсене қатысып, Исенбековтар отбасысы бас жүлдені жеңіп алды. Ата-аналар «Ертегі еліне саяхат» атты тақырыпта  әсерлі де қызықты «Бауырсақ», «Үйшік», «Қызыл телпек» ертегі кейіпкерлерін сомдап, өз шеберліктерін көрсетті.Семинар соңында ата-аналар өз әсерлерімен бөлісіп, педагогикалық ұжымға алғысын білдірді және шығармашылық табыс тіледі. Қазіргі кезде, біздің атқарып отырған қызметімізде ата-аналармен тығыз байланыстамыз.Балабақшаларда осындай жұмыстар жүргізілсе, ата-аналар мен тіл табысу, ата-анамен  балабақша арасындағы ынтымақтастық нығаяды.

Толеуова Салтанат Кейикбайқызы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
«Бөбек»бөбекжайы»МКҚК психологы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.