Зал жаңа жыл мерекесіне сай безендіріліп тұрады.
Тезірек, тездетіп, мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар,би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңа жылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық!(қол шапалақтау, балалар екі-екіден кіреді).
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, қонақтар және бүлдіршіндер! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2018 жылмен құттықтаймыз. Жаңа жыл жаңа табыс, жаңа қуаныш әкелсін!
Бүгінгі «Бәйтерек» тобы бүлдіршіндерінің Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігін тамашалауға қош келдіңіздер. Балалар, бүгін бізде Жаңа жыл мерекесі, қараңдаршы зал өте әдемі безендірілген екен. Шыршамыздың ойыншықтарыда көп екен.
Ендеше, Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігімізді әнмен бастайық.
Ән: «Шырша жыры».
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, шыршамыздың шамы сөніп тұр. Шырша шамы жанбай тұрғандықтан көңілсіз болып тұр. Әдемі қылып, шырша шамын жаққыларын келе ме?
Балалар: Ия. Әрине.
Тәрбиеші: Ендеше бәріміз бірге шырша шамын жағайық. Ол үшін бәріміз хормен өлең жолдарын айтайық.
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарынды жарқырат. (2 рет қайталайды.) Шырша шамы жанады.міне, қараңдаршы, балалар шыршамыз өте әдемі болып кетті. Олай болса ортаға шыршаға арнап тақпақтарын айтуға Ақтолқын, Сұлтан, Альзира, Азиза, Адия, Адель, Хабийды шақырайық.
Жүргізуші: -Жарайсындар, балалар, қандай жақсы тақпақтар. (шыршаның жанына жақындап келіп) Балалар, қараңдар шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер барлығымыз сыйлықты ашып көрейікші. (Балалар қораптың қасына келіп қорапты ашады )
Осы кезде музыка әуенімен қораптың ішінен Буратина шығады.
Буратино: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Ия, бұл менмін Буратинамын. Мені бұл қораптан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде өте қараңғы әрі тар.
Ал мұнда сондай тамаша екен. Менің де сендермен бірге Жаңа жыл мерекесін тойлағым келеді. Балалар, сендер қарсы болмайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ, біз қарсы емеспіз.
Буратино: Балалар, сендердің қызықты ойын ойнағыларын келе ме?
Балалар: ия, әрине.
Буратино: Олай болса, ойынымыздың аты «Кім жылдам?» деп аталады. Шарты: Ортаға бес ата-ана шығып орындықты әуенмен айналып жүреді. Әуен тоқтаған кезде тез бір ойыншықтан алып үлгерулері керек.
Буратино: Жарайсыңдар, рахмет!
Жүргізуші: -Балалар, бізде әсем безендірілген шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, көрермендеріміз бар, біздің жаңа жыл мерекесін тойлауға енді кімдер жетіспейді?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар.
Жүргізуші: Өте дұрыс айтасындар, ендеше Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз ата Ау-у-у. Аяз ата Ау-у-у. (Осы кезде музыка әуенімен адасып залға қоян кіреді)
Жүргізуші: Қараңдаршы, балалар, біз аяз атаны шақырған едік қой. Сендер танисыңдарма бізге қонаққа не келді?
Балалар: Қоян келді.
Қоян: Ой, мен адасып кеттім. Сендердің дауыстарыңды естіп мында келдім. Қатты жел тұрып домалап-домалап мыннан бір-ақ шықтым.
Қоян: Мұнда қандай мереке болып жатыр?
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Қоян. Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой?
Қоян: Аяз ата сендерге бәрі бір келмейді, өйткені ормандағы жол көрсететін белгінің бәрін борын ұшырып әкетті, енді жол таба алмайды. Ол үшін сендер балалар жақсы ән орындап берсеңдер, Аяз ата естіп келіп қалар.
Жүргізуші:Олай болса, балалар, Аяз ата мен Ақшақар еститіндей жақсы етіп ән орындап берейік.
Ән: «В лесу родилась елочка», «Орманда шырша туыпты».
Жүргізуші: Біздің балалар, ән айтумен қатар биді де жақсы билейді. Қоян сенде біздің балалармен бірге би биле.
Би. «Аңдар биі».
Қоян: Балалар, сендердің мейрамдарың өте қызықты бірақ мені іздеп қалған шығар. Мен үйіме кетейін. Сау болыңдар.
Балалар: Сау болыңыз.
Жүргізуші: Балалар, бізге Аяз ата мен Ақшақар әлі келмей кешігіп жатыр, мүмкін адасып жүрген шығар тағы да дауыстап шақырып көрейік мүмкін келіп қалар.
Балалар: Аяз ата Ау-у-у. Аяз ата Ау-у-у.
Аяз атаның сөзі.
Ақшақар: Сәлеметсіңдерме, балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын!
Ақшақардың сөзі.
Жүргізуші: Алыс жолдан шаршап келген шығарсыздар, отырып демалыңыз, біздің бүлдіршіндеріміздің дайындаған тақпақтарын, әндерін, билерін тамашалаңыз.
Ендеше кезекті әдемі тақпақтарға берейік. Ортаға Ақерке, Әмір, Іңкәр, Чингиз, Елнұр, Полина, Айзерені шақырамыз.
Аяз ата: Жарайсыңдар, өте өнерлі балалар екенсіңдер.
Ақшақар: Мында менің ұлпақарларым да келіп қалған ғой, ендеше әдемілеп ақшақарлар биін билеп берейік.
Би: «Ақшақарлар».
Жүргізуші: Балалар, міне, ескі жылмен қоштасып, жаңа жылды қарсы алатын уақыт та таяп қалған сияқты олай болса бәріміз қол соғып қарсы алайық.
Тауық пен ит: Сәлеметсіңдерме, балалар?
Тауық: Балалар, сендер мен келген жылы кішкентай едіңдер бір жасқа өсіп, ән айтып, биде билей алатын болыпсыңдар.Сендермен болған жыл маған өте қызықты өтті. Енді міне қоштасатын уақытта кез келді. Өз орнымды енді итке сеніп тапсырамын.
Ит: Балалар амансыңдарма мен сендермен тағыда 1 жыл қызықты өткізетін боламын. Осы жылы молшылық, береке, тыныштық болатынына сенім білдіремін.
Тауық: Қош сау болыңдар, балалар!
Балалар: Сау болыңыз.
Жүргізуші: Ендеше тағы да кезекті балаларымыздың мерекеге арнаған тақпақтарына берейік. Ортаға Мариям, Әмина, Амирхан, Камила, Айсұлтанды шақырамыз.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.
Осы кезде әуенмен Мальвина келеді.
Мальвина: Сәлем, достар. Менің досымды көрмедіңдерме? Оның аты Буратино.
Буратино: Ия мен де осындамын.
Мальвино: Досымды тапқаныма қуаныштымын. Кел көңілді би билейік.
Би: «Буратино мен Мальвино».
Жүргізуші: Тағы да кезекті әдемі тақпақтарға береміз.
Ортаға Мансұр, Төрехан, Исмайл, Әділ, Исламды шақырамыз.
Аяз ата: Қандай өнерлі балаларсыңдар менде сендерге құр қол келген жоқпын, сендерге арнап сыйлықтар алып келдім. Менің сыйлықтарымды қабыл алыңдар.
Аяз атаның сыйлық беретін сәті:
Ақшақардың сөзі.
Мінекей,балалар, сендермен қоштасатын да сәт келді. Сендерді қимай тұрмыз. Барлығың да көңілді, әдемі , өнерлі бала екенсіңдер.
Аяз атаның сөзі.
Сау болыңдар, балалар!
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Бүгінгі көңілді кешімізді әнмен жалғастырайық.
Ән: «Шыршаға бардық».
Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын. Жаңа жылда толағай табыстарға жете беріңіздер!
Осымен «Бәйтерек» тобы бүлдіршіндерінің дайындаған ертеңгілігі аяқталды.
Аташева Ардах Батыровна
№49 «Ақ ниет» бөбекжайы МКҚК
І санатты тәрбиешісі