Home » Ашық сабақтар » Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесінің ағзалары

Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесінің ағзалары

 

  Ботабекова Бакыткуль Токтагановна,
«ШҚО, Семей қаласының білім бөлімінің»ММ
«№39 ЖОББМ»КММ
бастауыш сынып мұғалімі

 

Білімділік: Ас қорыту жүйесі құрылысының ерекшелігін және олардың   адам ағзасында орналасуын  көрсете түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың ас қорыту жүйесі туралы танымын  дамыту.
Тәрбиелік: сабақта өзіндік ізденуге, оқулықпен жұмыс жасауға өз ойын қорытып, дәлелдеуге, өзіне және өзгелерге баға беруге , санитарлық,  гигиеналық дағдыға үйрету, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақ типі:  «БиС» технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

Технология:  «БиС»  технологиясы, «Ауызша сабақ -1»  картасы .

Сабақтың көрнекілігі: матрица,  тірек  сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар, қарама-қарсы  сұрақтар;

Ауызша – 1 сабақ картасы
1 — кезең
Мақсаттын айту.
Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі.
1. Өткен тақырып бойынша қарама — қарсы сұрақтар
2. Тірек сөздер
3. Мәтінмен жұмыс
4. ҚҚС
5. СТС
6. ТСҚ
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі ( сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту)

Құрметті қонақтар 3 «Ә» сыныбына хош келдіңіздер!

3 «Ә» сыныбының дүниетану пәніне арналған «Ауызша-1» картасымен жұмыс жасаймыз.Сынып та 28 оқушы бар. 28 оқушының 18 оқушысы 63 % алуы керек.

Тақырыбы: «Ас қорыту жүйесі»

Бүгінгі сабаққа белсене қатысып, 63% алуға дайынбыз ба? /иә/

Сабағымызды бастамас бұрын ортаға сынып көшбасшысын шақырамыз.

Шыңғысқа сөз береміз.

Біз Қазақстанның үлгілі ұрпағы боламыз ба? /иә/

Біз мектептің мақтанышы боламыз ба? /иә/

Дүниетанудан «5» алып, нәтижеге жетеміз бе? /иә/

Өте жақсы!

І.Өткен тақырып бойынша қарама — қарсы сұрақтар
Өткен тақырыпты бекіту мақсатында сұрақтар қоямын. Сол сұраққа жауап берген оқушылыр бірінші + алады.

  1. Өкпеге сыртқы ортадан енген ауада не көп болады?
  2. Бұл оттегі неге қосылады?
  3. Қан тамырлары арқылы арқылы бүкіл денеге не тарайды?

4.Өкпеден шыққан ауада нелер көп болады?

  1. Тыныс алу мүшелеріне нелер жатады?
  2. Өепе қайда орналасқан?
  3. Өкпе неше бөліктен тұрады?
  4. Әр өкпені не жауып тұрады?
  5. Тыныс алғанда, кеуде қуысы не істейді?

10.Тыныс алғанда өкпе не істейді?

  1. Таза ауа өкпеге нелер арқылы өтеді?

12.Тыныс шығарғанда көкірек қуысы не істейді?

13.тыныс шығарғанда өкпе не істейді?

14.Өкпедегі көмірқышқыл газы тыныс жолдары арқылы не істейді?

15.Шаңды ауамен тыныс алғанда денсаулыққа қалай әсер етеді?

16.Шаңды ауада түрлі ауруларды қоздыратын не көп болады?

17.Микробтар болмас үшін не істеу керек?

18.Тыныс алуға қандай зиянды заттар әсер етеді?

19.Бөлме өсімдігінің керегі бар ма?

20.Жаңа туған бала 1 мин неше рет тыныс алады.

21.5 жастағы бала- 25-26 рет

  1. 10-17 жастағылар – 16—20 рет.

23.Үлкен адамдар ше?

24.Аязды күндері таза ауада серуендегенде қалай, немен дем алу керек?

25.Ойнайтын, жаттығу жасайтын бөлмені күнделіті не істеу керек?

26.үн сайын не істеу керекпіз?

27.Тыныс алу мүшелерін не істейміз?

Бекіту сұрақтарына қанша оқушы екенін анықтаймын.

ІІ. Тірек сөздер
Дәптерді ашу, бүгінгі күнді жазу. Жаңа тақырыбыз «Ас қорыту мүшелері»

Бүгінгі сабақтың тірек сөзімен таныс болайық.

1.Ауыз қуысы

2.Жұтқыншақ 

3.Өңеш

4.Қарын

5.Аш ішек    

  1. Тоқ ішек
  2. Бауыр

1.Ауыз қуысы Ауыз қуысы: 2 бөлімнен.

ауыз кіреберісі нағыз ауыз қуысы

Ерін мен ұртпен (сырт жағынан)Тістер мен қызыл иекпен (іш жағынан) тістерден басталып аран мен шектеледі

Ауыз қуысында 3 жұп сілекей бездері өзектері ашылады.

Тіл көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады.

Бұлшықет талшықтары ұзына бойына, көлденең, тік бағытта жатады.

2.Жұтқыншақ

Мойын омыртқаның алдыңғы жағында орналасқан.

Ұзындығы:11-13 см болатын бұлшық  етті мүше тыныс алу және ас қорыту жолдары     қиылысады. Екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысымен жалғасқан жерінде 6 бадамша бездер орналасқан.

3.Өңеш:

Ұзындығы:25 см болатын ас қорыту мүшесі, 11 кеуде омыртқасында асқазанға ашылады.

4.Қарын

Қарын- құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі.

Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасады.Ішкі қабаты қиғаш, ортаңғысы-сақина тәрізді, сыртқысы-ұзыннан орналасқан.Сілемейлі қабықшада көп бездер бар. Бездерден сөл бөлінеді.

Қарынның өңешпен ұлтабармен байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады. 

5.Аш ішек   

         Аш ішек-қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын  түтік пішінді бұлшықетті мүше.Ұзындығы  5,5-6 метрдей

Аш ішектің қарыннан басталған 25-30 см бөлімі ұлтабар деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының өзегі және ұйқы бездің де өзегі ашылады. Сілемейлі қабықшасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп. Ішкі бұлшық ет талшықтары сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойына орналасқан. Аш  ішек  /5-6 м/

  1. Тоқ ішек

         Аш ішектен екі еседей жуан 1,5-2 метр. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бүйен деп аталады. Оң жақ мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің төменгі шеті тұйық өскін соқырішек болады. Оны аппендикс латынша “қосалқы” деп атайды. Тоқ ішектің соңғы бөлімі тік ішек

Тоқ   ішек  /2-1,5м/

  1. Бауыр

Бауыр — қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше.
Бауыр — адам ағзасының химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алады. Оларды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп отырады.

Тірек сөздердің мағынасын аштық, осы 7 сөзді жаттауға 30сек уақыт беремін.

Осы сөздерді жазуға тағы да 30 сек уақыт беремін. Дәптерді  көршімізбен ауыстыру, сөздік қорын тексеру.

Тірек сөздерді 18 оқушы  тапсырманы орындай алу керек.

  1. Мәтінмен жұмыс.

Келесі оқулықтың 28-бетін ашамыз. Мәтінді оқуға 5 мин уақыт беремін.  Мәтінді түсініп оқимыз, мәтін бойынша сұрақтар сұралады.

Сапаға жету үшін 18 оқушы сабақта «4», «5» алу керек.

ІV. ҚҚС  Ал енді оқығандары  бойынша қарама-қарсы сұрақтар сұралады.

1.Ас қорыту  жолы неден басталады?

2.Асты ненің көмегімен ұсақтайды?

3.Ауыз қуысынан бөлінетін сілекей асты қайтеді?

4.Тіл  арқылы не істейді?

5.Жұтылған ас жұтқыншақтан қайда өтеді?

6.Жұтылған ас өңештен әрі қайда түседі?

7.Ас қорыту мүшелеріне не жатады?

8.Жасөспірімдердің ағзасының дұрыс өсіп жетілуіне не қажет?

9.Тамақ адамға не береді?

10.Дұрыс тамақтанбаған адам не істейді?

11.Тамақтану ережесін не істеу керек?

12.Ас ішер алдында не ішу керек?

13.Әр тамақты қалай жеу керек?

14.Тамаққа орырар алдында  не істеу керек?

15.Жеміс-жидектерді де не істеу керек?

16.Дәрумендер – грек сөзінен аударғанда қалай аталады?

17.Қандай тамақта белоктар көп болады?

  1. Белоктар өсіп келе жатқан ағзаны не істейді?

19.Егер адамның асқа тәбеті ашылмаса?

20.Тамақты жеген кезде қалай жеу керек?

21.Тамақты мезгілсіз ішуге бола ма?

22.Тамақты күн сайын қай кезде ішу керек?

23.Әр тамақты қалай жеу керек?

24.Ас қорыту мүшелеріне ?

25.Ас қорыту жолы неден басталады?

  1. Жұтылған ас өңештен әрі қайда түседі?

27.Дәрумендер-грек сөзінен аударғанда қалай аталады?

ҚҰТҚАРУ     СҰРАҒЫ    БЕРІЛЕДІ.

  1. СТС Сыни тұрғыдан сұрақтар сұралады. Дайынсыңдар ма?

1.Ас қорыту жолы ауыз қуысынан басталмайды.-

2.Мезгілсіз ішкен асты адам дұрыс сіңіре алады.-

3.Ас қорыту  жолы ауыз қуысынан басталады.+

4.Асты тістің көмегімен ұсақтайды.+

5.Ауыз қуысынан бөлінетін сілекей асты ылғалдамайды-

6.Тіл  арқылы араластырып,жұтады.+

7.Жұтылған ас жұтқыншақтан өңешке өтеді.+

8.Жұтылған ас өңештен әрі қарай қарынға түспейді.-

9.Ас қорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек жатпайды.-

10.Жасөспірімдердің ағзасының дұрыс өсіп жетілуіне не қажет? /қоректік заттар/

11.Тамақ адамға күш-қуат береді.+

12.Дұрыс тамақтанбаған адам түрлі ауруларға шалдығады+

13.Тамақтану ережесін сақтамау керек.-

14.Ас ішер алдында  он литр  таза су ішу керек-

15.Әр тамақты қалай болса солай  жеу керек-

16.Тамаққа орырмай, түрегеп жүріп жеу-

17.Жеміс-жидектерді жумай жеу.-

18.Дәрумендер – грек сөзінен аударғанда өмір жалғастырмайды деп аталады.-

19.Ет, балық, сүт, ірімшік, жұмыртқада  белок  жоқ.-

  1. Белоктар өсіп келе жатқан ағза керек емес-

21.Егер адамның асқа тәбеті ашылмаса, ол көңілді жүреді.-

22.Тамақты жеген кезде тәбетің ашылады.+

23.Тамақты мезгілсіз ішу керек.-

24.Тамақты күн сайын бір мезгілде ішу керек+

25.Әр тамақты ауызға толтырып  жеу керек?-

26.Ас қорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек/ жатады.+

27.Ас қорыту жолы  қарыннан басталады-

  1. Жұтылған ас өңештен әрі қарай аяққа түседі.-

29.Дәрумендер-грек сөзінен аударғанда ұрпақ  жалғастырушы деп аталады.-

VІ. ТСҚ

Дәптерді ашу, кітапты жабу.Мәтін бойынша түсінгендеріңді жазуға  5 мин уақыт беріледі.Дәптерді көршіге береміз, қарындашпен жазу. 37 сөзден жоғары жазғандар қол көтереміз.Жазған тапсырманы оқу. 1-2 оқиды, бір сөз екі рет қана қайталану керек.

Қорыту.

Матрица қорытындысы бойынша оқушыларға  баға қойылады.

Үйге тапсырма:  «Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесінің ағзалары» атты мәтінді оқу.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.