Ас атасы – нан

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Жаратылыстану»

Мақсаты:

а) Бидайдан нан жасалынатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Диханшылардың еңбегімен таныстыру.

ә)Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

б) Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: Наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, соқалы трактор, масақ, қырман.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сергіту, ойын, әңгімелеу, сұрақ-жауап, жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру.

Көрнекі құралдар: «Нан қайдан келеді?» сериялық суреттер, нан түрлерінің суреттері және піскен нан, ұн, диірмен, масақ, су т.б.

Полингвалды бөлім: Нан – хлеб – bread, аспазшы – повар – cook.

(Көңілді музыка ойналып залға балалар кіреді)

Тәрбиеші:

— Сәлеметсіздер ме балалар!

— Кәне, балалар алдымен әдеп сақтап төрде отырған үлкендермен амандасып алайық.

Балалар:

— Саламатсызба.Здравствуйте.Good mooning.

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты….

Тәрбиеші:

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
  • Жылдың неше мезгілі бар?
  • Кәне атап шығайық.
  • Далада ауа райы қалай?

— Балалар бүгін біз ас атасы – нан туралы айтатын боламыз.

— Ал сендер нанның біздің дастарханымызға қалай келетінін білесіздер ме? Ендеше экранға назар аударайық. (Слайд көрсету)

Тәрбиеші:

— Балалар мына суреттен нені көріп тұрмыз?  Балалар көктемде бұл тракторлар жерді жыртып,оны тырмалап, жерге мынадай бидай дәнін себеді (Балаларға бидайды көрсету).

— Екінші суреттен нені көріп отырсыңдар? Егінді орып жүрген комбайн,ол бидайды орып, тазартып, көлікке салып береді.

— Үшінші суреттен нені көріп отырмыз. Диірменнен ұн тартып шығарады (Ұнды көрсету).

— Төртінші суреттен нені байқап отырсыңдар? Ұннан наубайханада әр түрлі нандар пісіріп шығарады, оны дүкендерге, балабақшаларға жібереді (Дүкен сөресіндегі нандарды сурет арқылы көрсету).

Балалар:

— Көктемде жер жыртып жатқан трактор.

— Егін орып жүрген комбайн.

— Ұн шығаратын диірмен.

— Нан пісіретін наубайхана.

Тәрбиеші:

— Балалар біздің дастарханымызға нан оңай келмейді екен, міне жоғарыда айтқандай үлкен еңбекпен келеді. Ендеше, балалар, ұн өнімінен нанан басқа да өнімдер жасалады екен. Мысалы жұмсақ бөлке, тәтті печенье, тоқаштар және т.б.

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Полингвалды бөлім

Нан – хлеб – bread

Аспазшы – повар – cook

Сергіту сәті:

(бейне ролик)

Тәрбиеші:

— Ал сендер күнделікті жеп жүрген нан қалай жасалатынын білгілерің келе ме?

— Балалар тыңдаңдаршы бір дыбыс естілетін сияқты. Біреу келе жатыр.

(Әуенмен залға аспазшы келеді)

— Сәлеметсіз бе? Аспазшы.

— Балалар, бізге бөбекжайымыздың аспазшысы келген екен.

Аспазшы: Сәлеметсіздер ме? Мен сіздердің нан туралы айтып жатқан әңгімелеріңді естіп келдім. Бауырсақ пен тәтті тоқаштың қалай пісірілетіндігін көргілерің келеді ме?

— Ал енді асханаға барып, сіздер де аспазшы болып көріңіздер.

Асхана орталығы

Топ балаларына иленген қамыр беріледі. Қыздарға ашыған қамырды бауырсақ  етіп жаю тапсырылады. Ал ер балаларға тоқаш жасау тапсырылады.

Аспазшы:

— Ал енді мен асханаға барып сендердің дайындаған бауырсақ пен тоқаштарыңды пісіріп алып келейін.

Тәрбиеші:

Д/о: «Не жоғалды?»

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

(Аспазшы апай топ балаларының дайын бауырсақ пен тоқаштарын әкеліп береді)

Тәрбиеші:

Балалар, тоқаштар мен бауырсақтардың исі бұрқырап тұр. Келген қонақтармен қоштасып алайық, содан кейін топқа барып тоқаш пен бауырсақтың дәмін көрейік. Сау болыңдар!

Білді: Трактор,диірмен,комбайн мен бидайдың не екенін және нанның оңай жолмен келмейтіндігін білді.

Меңгерді: Көктем, жер жырту, тырмалау, комбайнмен ору, диірмен, наубайхана сөздерін және нанды қастерлеуді, шашпауды меңгерді.

 

Қабош Аиза Салауатқызы,
БҚО, Орал қаласы№21 «Росинка»
бөбекжайының тәрбиешісі

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *