Home » Тұлға » Асқан бедел иесі

Асқан бедел иесі

Ұлағатты ұстаз, тіл өнерінің майталманы, асқан аудармашы, талмай ізденуші, ақылшы аға буын, мақтаулы әріптес,көркем мінез иесі. Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Темірова Айнаш Әскенқызы осынша қасиетті  бір басына сыйдырған жан.
Айнаш Әскенқызы Қарағанды қаласында туған. ҚарМУ «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша (1990 ж.) және РМҚК білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларлары біліктілігін арттыратын республикалық  институтын  «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша (2000 ж.)  үздік тәмамдады. Жоғары санатты ұстаз. Педагогикалық өтілі 31 жыл. 2008-жылдан бастап  Қарағанды қаласы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп –интернатында орыс тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі. Орыс тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемесін жетік меңгерген, әдістемелік бірлестік жетекшісі ретінде де мол тәжірибе жинақтаған мұғалім, қазір ҚО ББҚ ОӘО орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық тобы мүшесі. ҚРБҒМ   РҒП «Оқулық» орталығынның «ЭББЖ»  жобасы бойынша орыс тілі мен әдебиеті  пәнінен орыс тілі мен әдебиеті оқулықтарына, сарапшысы (2014, 2018 ж.).
Алғашқы республикалық педагогикалық оқулардың, халықаралық, республикалық және облыстық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлардың қатысушысы.
«5-сыныпқа арналған Блум таксономиясы бойынша орыс тілі пәнінің сабақ жоспары», «Аударманың теориясы және практикасы», «Еркін аудармалар», «Сөз өнерін тәжірибелі меңгеру» әдістемелік нұсқаулығын, «Дыбыстар мен әріптер» жинағын, 5-сыныптың қазақ тілі оқулығына қосымша құралды, Бақылау үзіктері мен тест сауалдарының үлгілерін, Тест  сауалдарының үлгілерін (қазақ әдебиеті, 5-7 сыныптар) өңдеуші.
Республикалық, облыстық ғылыми-әдістемелік журналдары мен газеттерінің беттерінде Айнаш Аскеновнаның 90-нан астам мақалалары мен сабақ жоспарлары басылды.
Оқушылары ғылыми жоба қорғау және орыс тілі мен әдебиеті бойынша өткен олимпиадалардың халықаралық, республикалық, облыстық және ШҒА жеңімпаздары болып табылады.
Айнаш Әскенқызы  ИИЯ РУДН Құрмет грамотасымен /Ресей, Москва қ./, “Үздік авторлық бағдарлама” /ҚР білім және ғылым министрлігі/ 1 дәрежелі дипломымен, «Жоба қатысушысының үздік панельді баяндамасы» /«Шексіз оқыту» заманауи педагогика орталығы (Монреаль, Канада)/ дипломымен, Қостанай облысы әкімиятының ОББ ББҚ ҚДИ грамотасы/; Республикалық «Дарын» ҰПО, «Өрлеу» ҰПО АҚ грамоталарымен, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, Сертификатымен, ОБО Грамотасымен, «Балалар мен жеткіншектер сарайы» КМҚҚ ; ОБД Құрмет грамотасымен, сондай-ақ «Сарыарқа дарыны» ОББ, қалалық ББ, ҚарМУ, ҚО ББҚ ОӘО және мектептің грамоталарымен, дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталған. ОБД (2003, 2009 ж.) және ҚалББ грамоталарымен (2001, 2002, 2005, 2006) марапатталған.
Ол өз сабақтарында ауыспалы және тұрақты құрамдағы оқушылармен оқытудың топтық және кіріктірілген түрлерін пайдаланады.Оқушылардың білім сапасының нәтижелілігін тұрақты түрде қадағалап отырады. Гуманистік идеяларды насихаттайды, азаматтық ұстаным мен қоршаған ортаға деген позитивті қарым-қатынасты қалыптастырады. Оқушылар Айнаш Әскенқызымен бірлесе отырып қойылған мақсат-міндеттерді шешудің стратегияларын ойластырады.
Балалардың жас ерекшеліктері мен психологияларын ескере отырып мұғалім сабақтарда барлық тиімді жағдайды асқан шеберлікпен туғызады, осының нәтижесінде оқушылардың шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындау кезіндегі оқу мүмкіндіктері арта түседі. Сабақтарда пән бойынша терең білім қалыптасады, әсіресе оқушылардың өз бетімен ізденіп білім алуына айрықша көңіл бөлінеді.
«Интерактивтік оқыту  — оқушы мен оқытушының  бірлескен шығармашылықтың негізі» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс жасай отырып Айнаш Әскенқызы бақылайды, салыстырады, тілді оқытудың қолданбалы технологиялары мен классикалық тәсілдерін,  нақтырақ айтқанда интеллектуалдық құрал-жабдықтардың: ребустардың, викториналардың және сөзжұмбақтардың көмегімен оқыту әдістемесін пайдаланудың сапасы мен тиімділігін талдайды.
Айнаш Әскенқызы педагогикалық кеңестерге, мәжілістерге және «дөңгелек үстелдерге» толық тақырыптық баяндамаларын ұсына отырып белсене қатысады.Мұғалімдерге арналған  «Сөз өнерінің негіздерін меңгеру» әдістемелік нұсқаулығының  авторларының бірі («Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы басып шығарған, наурыз, 2009, ), «Дарынды балаларды үш тілде оқыту жүйесі»,( 2009 ).
Темірова Айнаш Әскенқызы – өз ісіне аянбай берілген, асқан еңбекқорлығымен ерекшеленетін педагог.Сауатты, жігерлі, шығармашыл, өзінің асқан тәртіптілігімен, жауапкершілігімен, адагершілігімен ерекшеленетін тұлға. Ол мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасында асқан беделге ие.

Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.