«Асық» ойыны-бұл ұлттық ойын.Ата-бабаларымыз бен әкелеріміз осы ойынмен өсіп өнген. Бұл ойын оларды мергендікке,шапшаңдыққа баураған болса қазіргі таңда осы асық ойындары балаларымыздың танымдық қабілеттерін дамытуда өте маңызды.Ұмыт бола бастаған ұлттық ойындарымыз тәуелсіздігімізбен қайта жаңғырып,оралды.Қазіргі таңда асық ойындарына деген қызығушылық күннен-күнге артуда.Экологиялық тұрғыдан алғанда өте таза,табиғи дүние.
Біздің Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы №18 «Балдырған» бөбекжайында асық ойыны кең ауқымда тараған. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарда асық ойындары шетелдік технологиялармен байланыстырылып,ұйымдастырылуда. Кішкене сәбилер тобында қанық әр түске боялған әдемі асықтар сондай түске боялған ұяшықтарға салынады.Бұл орайда балалар түстерді ажырата отырып,оларды бір-бірімен байланыстыра алады, сонымен қатар баланың саусақ маторикасы дамиды.Ал,ортаңғы топ балалары түрлі асықтарды жіпке немесе таяқшаға түстерді алмастыра отырып тізбектей алады. Жоғары топ балалары қара және ақ түске боялған асықтармен дойбы ойнай алады. Күннің екінші жартысында асықтармен «Асық ату», «Хан талапай», «Кім мерген» сияқты ойындарды ойнай алады.Бұндай ойындар арқылы баланың мергендік, шапшаңдық, қырағылық қасиеттері артады.
Осындай Рухани жаңғыру аясында балаларымызға осындай ұлттық ойындарды ойната отырып,ұлттық салт-дәстүрімізді олардың бойына сіңіре отырып,елімізді,отанымызды сүйетін патриот сезімі оянған ұлмен қыз тәрбиелеу бұл мектепке дейінгі ұйымдармен отбасынан басталатынын ұмытпайық.
Ихсанова Ж.М
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№18 «Балдырған» бөбекжайының
2-санатты тәрбиешісі: