Сан ғасырдан бері асылдың көзіндей жеткен ұлттық ойындарымыз неткен ғажап,
қанша уақыт өтсе де бәз-баяғы қаймағы бұзылмаған күйінде бізге жетіп отыр. Ал, сол
мұрамызды жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа аман-есен жеткізу — жас ұрпақтың қолында.
Сондықтан, мектепке дейінгі оқыту үрдісінде асық ойнауды енгізу өте тиімді, әрі ұтымды
болар еді. Әсіресе, асық ойнаған бала өз бетінше даму әрекеті үстінде болады.
Баланың ойы жүйрік, өзі епті болып өседі. Өзінің жанындағы, балалармен тез тіл
табысып, адал ойнауға жетелейді, балада көшбасшылық қасиеттер пайда болып, алдағы
өміріндегі қиындықтарды жеңе білуге, өз-өзіне деген сенім оянады.
Әр педагог асық ойынының барлық ережелерін, қыр сырын зерттеп, ізденіс жұмыс
жасап, асықтың түрлері мен ерекшелігін, құрылымын, асық атаулары мен пішімдерін
білген жөн. Сонда ғана оқыту үрдісінде тиімді пайдалана алады.
Халықтық асық ойындары – көп салалы, көп қырлы құбылыс, ұлттық мұраның бай
қазынасының бірі. Олар көңіл көтерудің, ойын-сауықтың, дене тәрбиесі дамуының,
ептілік, күш-қайрат түрлерінің қалыптасып, жетілуіне ғасырлар бойы игілікті әсер етіп
келеді. Тек ойындық сала ғана емес, тәрбиелік мәнде, бірлік пен ынтымақ жолын
дамытуда да ойын түрлерінің маңызы зор.
Халық ойындарының бір саласы – асық ойындары ауыл балаларының сүйікті
алданыштарына жатады.
Қазіргі жаһандану заманында балалардың барлығы дерлік шетелдік ойындардың
жетегінде кетіп барады. Әсіресе, қала балалары таңның атысынан күннің батысына дейін
компьютер, смартфондардан бас алмайды. Бұл – олардың денсаулығы мен ішкі жан
дүниесіне қауіпті. Мән-мағынасы жоқ, жауыздық пен қаскөйлікке құрылған ойындардан
балалар қандай тәлім алады? Ешқандай..! Ал, біздің төл ойындарымыздың ақыл ойдың
дамуына, білім көкжиегінің кеңеюіне, сөздік қорының молаюы мен өз пікірін еркін
жеткізе білуіне пайдасы көп. Сондықтан, балалармен бірге асық ойынын ойнау өте тиімді.
Асық балалар үшін таптырмас ойын. Оны ешқандай компьютерлік ойын алмастыра
алмайды. Асық ойындары қимыл қозғалысқа құрылған ойындар. Мәселен, осы
ойындарының әліппесі саналатын «төрт асық» ойыны балаларды кішкене кезінде, ендіенді қимыл-қозғалысы көбейіп келе жатқанда ойналады. Бұл – баланың таным қабілетін
арттырады.
Баланың көп қимылдамайтыны, тез шаршай қоймайтыны анық.
Қазақтың ауыз әдебиетінде асық туралы жаңылтпаштар мен жұмбақтар, ертегілер
мен аңыздар, санамақтар, мақал-мәтелдер жиі кездесетін ескерсек, бұл ойын түрі
балаларды ілім-білім, рухани тұрғыдан да дамытуға мол септігін тигізгенін байқар едік.
МАДИЕВА Асемгуль Болатовна,
Павлодар қаласы
«№10 сәбилер бақшасы»
«ZamanStar» білім беру-дамыту
орталығының тәрбиешісі