Home » Жаңалықтар » Асық мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамыту құралы

Асық мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамыту құралы

Асықтың бала өміріндегі маңызы орасан зор.Асық ойындарын ойнау кезінде баланың түрлі танымдық қабілеттері дамып  денсаулығы нығайады. Асық ешбір зиянсыз табиғи зат болып табылады.Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған осынау асық ойындарының түрлері өте көп. Барлығы да денсаулықты жақсартып қана қоймай түрлі танымдық қабілеттерді дамытады .Сол себепті де асық- адамды жан-жақты дамыту құралы.Қазағымызда осы асық ойындары негізінде айтылған; Асығың алшыннан түссін деген жақсы тілек бар.

Асық жайлы батыр атамыз Отан соғысының ардагері Бауыржан Момышұлы Асық-үлкен тәрбие деген екен осы сөзде үлкен мән мағынасы жатыр.

АСЫҚ ойындарының  балаға тигізер пайдасы өте көп атап айтсақ аяқ-қолдың қимылдарын қозғалысқа келтіріп қан айналымды жақсартады.мергендікке, шапшаңдыққа, ептілікке уйренуге пайдасы бар және де баланың ойлау қабілетін жақсартады.

Асық ойындары балаға нені үйретеді ;мұрамызды бағалап үйренеді шапшаңдыққа үйренеді, эстетикалық түрлі зат жасайды, түстерді ажырата біледі ,санап үйренеді.Асықты балабақшада қолданып баланы асық ойындары арқылы тәрбиелеу мұрамызды насихаттауымыздың   жолы.Балабақшада бекітілген бес сала бойынша асықты оқу қызметтерінде пайдалану тәрбиешінің балаға тәрбие берудегі жаңашыл жолы болып табылады.Денсаулық саласы бойынша асықты дене шынықтыру оқу қызметінде қолдану арқылы ұлттық ойындарымызды жаңғыртамыз.Коммуникация саласында «Алтын сақа» ертегісімен таныстырып ,ертегі желісі бойынша рөлдік ойын ретінде өткізуге болады.Бұл жерде де бала асықты ойын құралы екенін біледі.Таным саласы бойынша асықтан жасалған түрлі танымдық құралдар  яғни санамақ ,есепшот сияқты санау құралдарын қолдану арқылы оқу қызметін өткізуге болады.Шығармашылық саласында асықты музыкалық ұрмалы аспап ретінде қолдансақ болады.Әлеумет саласы бойынша оқу қызметтерінде толықтай балалардың санасына асық туралы ұғымдарды қалыптастырып асықпен ойналатын ойын түрлерімен таныстырамыз.Осылайша асық ойындары арқылы балаға тәрбие беру ең жаңашыл бағыттардың бірі.Ұмытылып бара жатқан ұлттық асық ойындары арқылы баланы тәрбиелеу  тәрбиешінің  құнды мұрамызды жаңғыртудағы қосқан бірден-бір түзу жолы.

 

 

Нусербай Айгерім Мадениетқызы,
Астана қаласы,№83 Жансая балабақшасының
Тәрбиеші

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.